Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§3. Сот сараптама мекемелері



бет168/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§3. Сот сараптама мекемелері

Сот сараптамалары негізінен арнаулы сараптамалық мекемелерде жүргізіледі. Тергеу орындары мен соттардың тағайындаған сараптамасын жүргізу үшін Әділет министрлігінің құрамында арнайы сараптамалық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықта сот сараптамаларының бірнеше түрлері бойынша зерттеулер жүргізіледі. Криминалистикалық сараптамалармен қатар айтылған сараптамалық мекемеде автотехникалық, өрт-техникалық, тауартану сараптамалары жүргізіледі. Криминалистикалық сараптама, ең күрделі трасологиялық, сот-баллистикалық, графикалық, құжаттарды-техникалық әдістермен зерттеу сараптамалары осы орталықта жүргізіледі. Орталықта химиялық, физикалық, биологиялық тәсіл-әдістер, құрал-саймандар қолдану арқылы қылмысқа қатынасы бар әртүрлі объектілер (заттар, бұйымдар, іздер, т.б.) зерттеледі.


Сараптамалық орталықтың бөлімшелері облыс орталықтарында, кейбір ірі қалаларда орналасқан. Оларда жоғарыда айтылған сот сараптамаларының көп түрлері бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл орталықта зерттеуге қазіргі заманның ең жетілдірілген химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістері (лактар, бояулар, эмаль, жылтырақтар, мұнай өнімдері, жанар-жағар майлар, спирттік ішімдіктер, есірткілер, металдар және оның құймалары) қолданылады. Сонымен бірге сот сараптама орталығында сараптамалық зерттеудің ең күрделі түрлері де пайдаланылады. Айталық: мемлекеттік стандарт талабына сәйкес келетіндігін немесе сәйкес келмейтіндігін, сорттылығын, оның құрамындағы қосымша заттардың нормасын, арандатушылық әрекеттің ерекшелік сипатын анықтау мақсатында тамақ өнімдері де сарапшылық зерттеуден өткізіледі. Қағаз және металл ақшалар, сондай-ақ бас сүйегі бойынша сызба және пластикалық әдістермен сол адамның бейнесі зерттеледі. Сараптамалық орталық, сондай-ақ бірқатар криминалистикалық тіркеулердің ашылмай қалған қылмыстар жөніндегі істер бойынша жиналған, сол кезде қолданылған атыс қарулары оқтарының, олардың патрондарының, көбейтетін техникаларды қолдану арқылы қолдан жасалған құжаттардың коллекциялық орталықтарына, қолдан жасалған ақша белгілері картотекаларының орталығына айналды.
Бұл орталықтың бөлімшелерінде дәстүрлі қүжаттарды техникалық-криминалистік тұрғыда зерттеу, трасологиялық, баллистикалық, суық қару, портретті идентификациялық сараптама жүргізіледі, сонымен бірге жасалған қылмысқа қатысты қолға түскен материалдар мен заттар физикалық, химиялық және биологиялық жағынан зерттеледі. Орталықтың және оның бөлімшелерінің көпшілігінде автотехникалык және өрт-техникалық, адам организмінен шығатын әр-түрлі сұйық, қоймалжың, жабысқақ заттарға сот-биологиялық, тамақ өнімдерінің сараптамасы қолданылады.
Қалалық және аудандық буындарда мұның тек қарапайым түрлері бойынша ғана жұмыс істейтін криминалистикалық топтар құрылған. Сонымен бірге, қылмыс жасалған жерді қарау кезінде оның арнайы қызметкерлері маман криминалистерге жүктелетін міндеттерді де орындайды.
Сараптамалық орталық сараптама жүргізумен қатар экспертология саласында күрделі ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізумен де шұғылданады. Әртүрлі сараптамалық эксперименттер, ғылыми ізденістер жүргізу аркылы сараптамалық орталық жаңа сараптамалық әдістемелік тәсілдерді тауып, оларды сараптамалық тәжірибе қолдануға бағытталған әдістемелік ұсыныс-нұсқалар жасайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне сот-медициналық және сот-психиатриялық мекемелер шоғырландырылған. Бұл министрліктің құрамында республикалық сот-медициналық орталық бар. Орталықта мейлінше күрделі және қайталамалы сот-медициналық сараптамалар, сондай-ақ күнделікті және қазіргі заманғы зерттеулер өткізіледі. Жергілікті жерлерде оның облыстық, қалалық және аудандық бюролары құрылған. Осы іспеттес сарапшылықты жекелеген медициналық институттар да өткізеді.
Республикадағы сот-психиатриялық сарапшылықтың ғылыми әдістемелік орталығы – Алматыдағы психо-неврологиялық республикалық ғылыми-зерттеу ауруханасы. Мұнда сот-психиатриялық сараптаманың барлық түрлері (жатып емделетін, амбулаториялық, алғашқы, қайталамалы және мейлінше күрделі) қолданылады. Жергілікті жерлерде бұл қызметті психиатриялық ауруханаларда істейтін сот саласының психиатрлары атқарады. Егер мұндай мекемелерде аталған мамандық иелері табылмаса, сол жергілікті жерлердегі басқа мекемелерден арнайы сараптамалық білімі мен дағдысы бар мамандар шақырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет