Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§3. Ұстаудың тактикалық әдістері



бет165/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§3. Ұстаудың тактикалық әдістері

Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әр түрлі. Алайда, мұның өмірдегі қолданылуын талдай келе, күдік келтірушілерді жекелеп те, топтап та қолға түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады.


Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала әзірлік жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.
Алдын ала әзірлік жүргізу арқылы қымыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимаратгарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, тұратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін.
Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіңдігін де ескерген жөн. Сондыктан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқта тап береді де, оны қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайын тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, құжаттарды жоқ қылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін. Мұндайда, әрине қылмыстының күш-қайратьш алдын ала ескеріп. оған сан жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет.
Бір топ қылмыстыны ашық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы қызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады.
Саябақтағы орманды алаңқайда, орман ішінде, далалық жерлерде қылмыстыны ұстаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай жерлерді сүзіп шығуға тура келеді. Ол үшін аталған аумаққа алдын ала оған кіретін жолдардың бәрі анық көрініп тұратындай етіп бақылаушылар қоршай орналастырылады. Бұл жер учаскелерге бөлініп, топ мүшелеріне кесіліп беріледі. Бір-бірімен, әсіресе кешкі және түнгі сағаттарда байланысып тұру үшін топ мүшелері арасында құпия хабарласу белгісі белгіленеді.
Аталған жерді сүзіп шығу алдын ала келісілген белгі және бағыт бойынша қатаң тәртіппен басталады. Жедел топтың мүшелері жыра, шұңқыр, сондай-ақ қалың шөп, жыңғыл өскен, басқа да жасырынуға ыңғайлы жерлерді сүзіп, қылмыскердің қалдырып кетуі мүмкін іздерін, шындықты ашуға себепші әр түрлі заттарды (темекі тұқылын, шырпы қорабын, бүктеме қағаздарды, т.б.) іздейді. Із кесетін иттердің қимылындағы өзгерістерді қалт жіберуге болмайды. Сондай-ақ құстардың әдеттен тыс мазасыздануына да назар аударған жөн. Өйткені сол арқылы қылмыскердің қай жерге тығылғанын, қайда бет алғанын болжауға болады. Жерді сүзіп шығатын топтың құрамына сол аймақты жақсы білетін адамдар енгізіледі. Егер тексерілетін учаскелердің бірінен қарсылық байқалса, басқа учаскедегі топтар алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекет етуге міндетті.
Қылмыскер кәп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда қылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бақылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қьлмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осындай әрекеттің алдын алуы тиіс.
Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттың жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен кейін қойылады. Күзет бұған қажеттілік жойылған кезде алынады.
Парақорлық, мемлекеттің немесе қоғамның мүлкін жымқыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқты қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстінде тұтқындалады.
Сезік келтіруші (айыпталушы) тұрақты немесе уақытша жұмыс орнында кәсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кәсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.
Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді тұрғьн үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай белгіге болсын қылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәттің кез келгенінде ол ізін жасыруы немесе қажет деп тапса қарулы қарсылыққа әзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді. Мұндайда, үйге кірместен бұрын жедел топтың мүшелері үйдегі жалпы жағдай, ондағы сезік келтірушілердің жеке басы туралы барлық мәліметпен қайтара толық танысады. Бұл кезде үйде басқа да, оның ішінде қылмысқа қатысты адамдар да болуы мүмкін. Бұған қоса, сезік келтірушінің осы сәтте немен айналысып жатқанын (ұйқыда ма, арақ ішіп отыр ма, жәй демалып отыр ма, т.б.) да білу қажет.
Әдетте, үй маңындағы белгіленген орынға алдын ала із кесетін иттерімен қоса жасырын бақылаушылар қойылып, олар көрінбейтіндей етіп жасырылады. Содан соң жедел топ мүшелері үйге елеусіз жақындайды. Үйге кірерде қылмыскер немесе оның туысқандары сезіктенбеуі үшін көмекке үй басқармасының немесе басқа мекемелердің қызметкерлерін көмекке шақырған жөн. Үйге кіру үшін одан біреудің шығатын немесе кіретін сәтін күту керек. Бұдан әрі полиция қызметкері алдын ала жасалған, кейін үйге кірер алдындағы жағдайға байланысты пысықталған жоспар бойынша әрекет етеді. Үйге кірісімен, топ мүшелері ең алдымен қылмыскерді қарусыздандыруға ұмтылады, содан соң ұстайды.
Тергеуден қашып жүрген қылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер қылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай-ақ ұрлаған заттарын тасып бара жатқан, базарда, сауда кәсіпорындарында, басқа да елді мекендерде сатып жүрген кезінде ол алдын ала әзірліксіз ұсталады.
Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың қарулы қарсылық көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қылмыстын басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсетері сөзсіз. Сондықтан қылмыскерді ұстауға әзірленген топ қарсылықтың қандай түріне болсын дайын тұруы керек. Сонымен бірге соңына әлдекімдердің түскенін сезген қылмыскердің ізін жасыруы үшін ешқандай әрекеттен тайынбауы мүмкін.
Полиция қызметкері қылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында кылмыскердің қылмыс жасаған жерден алған көлік құралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдаланылады. Қылмыскер уақыт өткізбей, жедел ұсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ құрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша құрылыстарды зерттейді, жол бойындағылармен, қарсы кездескен автокөліктің жүргізушілерімен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қылмыскер шығып кетуі мүмкін басты-басты жолдарды (теміржол бекеттерін, аэропортты, көлік жолдарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді.
Егер ізге түсу кезінде қылмыскердің бір объектіге кіргені туралы хабар келсе, ол объектінің кіретін және шығатын жерлері бақылауға алынады, қажет болса із кесетін иттер әкелінеді. Содан соң полиция қызметкері жағдайға орай объект ішіне кіріп, қылмыскерді ұстайды. Объектіні сырттай бақылау үшін көмекке аула тазалаушылар, күзетшілер, басқа да тиісті адамдар шақырылуы мүмкін.
Ұсталған адам сол бойда ұсталған жерінде тінтіледі. Сонымен бір мезгілде объект ішіне де тінту жүргізіледі. Мұның бәрі тиісті тәртіппен хатталады.
Сезік келтірушіні ашық жерде ұстауға тапсырма алған полиция қызметкері оның қимылын бақылауға кіріседі, тактикалық қолайлы сәтті күтіп, оны қолға түсіреді. Егер қылмыскерлер бірнеше адам болса полиция қызметкері телефон арқылы немесе басқа жолдармен көмек шақырады, көмек келгенше бақылауды тоқтатпайды. Егер мұндай көмек көрсетілмесе полиция қызметкері қалай әрекет ету керектігін өзі шешіп, қылмыскерді ұстауға кіріседі.
Ұсталғандар таяу маңдағы полиция бөлімшелеріне жеткізіледі, онда әр ұстау әрекетіне хаттама толтырылады. Онда қылмыскердің ұсталған уақыты, оны ұстауға себеп болған жәйттер, басқа да тиісті деректер көрсетіледі.

IX-ТАРАУ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет