Сонымен, тергеушінің құрған жоспарында төменгідей мәселелер қарастырылуы тиіс:
оқиғаны көзімен көруші-куәлерден, жәбірленушілерден, көлік құралын жүргізушіден жауап алу;
оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынудағы) жүргізушілерді іздестіру мен ұстауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсырмалар беру; оқиғаны көзімен көрушілер мен жолаушыларды анықтау;
сот-медициналық сараптамасын тағайындау, жүргізушінің мас күйінде болғандығын (немесе болмағандығын) тексеру мақсатында куәландыру әрекетін жүргізу;