Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Инфрақызыл сәулелерінде фотосуретке түсіру



бет56/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Инфрақызыл сәулелерінде фотосуретке түсіру. Жылу сәулелерімен жарықтандырылатын объектінің түсірілімі инфрақызыл сәулелерінде түсіру деп аталады. Ол инфрақызыл сәулелерін әртүрлі материалдармен сіңірудегі айырмашылықтары арқылы кейбір (мысалы: қарындашпен жазылған мәтіндегі, анилінді сия құйылған мәтіндегі) ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді. Бұл түсірілімді кез-келген кәдімгі фотокамераның көмегімен жүзеге асыруға болады. Объективке инфрақызыл фильтр кигізіледі (ИКС-1, ИКС-2 немесе ИКС-3), ал объект қыздырылған электрлампылар арқылы жарықтандырылады. Мұндай түсірілімдердің ерекшеліктерінің біріне инфрақызыл сәулелеріне сезімтал «инфрахром» фотопластинкелерді немесе фотопленкелерді пайдалану жатады. Фильтрді жіберу қолданып отырған фотоматериалдардың спектрлік сезімталдығына сәйкес болуы қажет. «Инфрахром» фотоматериалының қорабында оның инфрақызыл сәулелерге сезімталдығының шегі көрсетіледі. «1000» - деген белгі фотоматериалдың 1000 миллимикронға дейінгі толқын ұзындығының сәулелеріне сезімталдығын білдіреді.
Сәулелермен әсерленген фотоматериалдар «инфрахром» қараңғы жерде немесе арнайы фильтрлі шырақ (қою-жасыл түсті) жарығында өңделіп шығарылады.
Криминалистикалық зерттеулерде (көбінесе құжаттардағы қосып жазылған және жуып өшірілген химиялық реактивтерді қолдану арқылы өңделген жазбаларды анықтау үшін) инфрақызыл люминесценциялық түсірілімдер пайдаланылады. Бұл әдіс спектрдің көкшіл-жасыл зонасының (шекарасының) әсер етуі арқылы кейбір заттардың инфрақызыл сәулелерін шығару (қабілеттілігіне) мүмкіндігіне негізделеді. Зерттеу объектісі аса қуатты екі қайнар көздер арқылы жарықтандырылады, олардың әрқайсысының алдына көкшіл-жасыл фильтр (СЗС-8, СЗС-10, СЗС-14) орналастырылады. Объективтің алдына инфрақызыл немесе тығыздалған қызыл фильтр (КС-15, КС-17, КС-19) орналастырылады. (РИСУНОК 15: Сурет 15. Қызыл және инфрақызыл люминесценцияны суретке түсіруге арналған қондырғының схемасы)
Қазіргі жағдайда қызыл және инфрақызыл люминесценциямен суретке түсіру барысында жарықтандыру көзі ретінде жарық толқынының ұзындығына сәйкес келетін оптикалық кванттық генератор (ОКГ) қолданылады.
Люминесценция нәтижелерін бекіту үшін сезімтал және қызыл, сондай-ақ инфрақызыл (инфра 740, 760, 780) спектрі бар фотопластинкалар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет