Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесінде фотосуретке түсіру – түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкелі бейне көрінісін алу ә



бет58/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесінде фотосуретке түсіру – түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкелі бейне көрінісін алу әдісі.


Криминалистикада фототүсірілімнің бұл түрі – атыс қарулары, оқ-дәрі, құлып, пломбы бөліктерінің, олардың ішкі құрылысы мен жағдайын зерттеу үшін, жасырып тыққан металдан жасалған заттарды табу үшін, кірген оқ жарақатының дифференциациясын анықтау, бояу құйылған мәтіндерді оқу, ауыр металл тұз қосындылары бар көрінбейтін бояулармен жазылған (ауыр металдағы) жазбаларды анықтау үшін қолданылады.
Түсірілетін объектінің сипаты мен фототүсірілімнің мақсатына қарай жұмсақ рентген сәулелерінің (мягкие рентгеновские лучи), мысалы, РУМ-725Б қайнар көздері қолданылады. Түсіру арнайы рентгендік пленкілерде (РТ-1, РТ-2; РМ-1, РМ-6) немесе әдеттегі жай негативті фотоматериалдарда жүзеге асырылады.
Фотопластинкілер мен фотоқағазды қаптау үшін қолданылатын қара қағазға фотоматериалды орналастыру арқылы жоғары рентген сәулелеріндегі (жесткие рентгеновские лучи) фотосуретті алуға болады. Ал жұмсақ рентген сәулелерінде түсіру кезінде бір қабырғасы алюминдік фольгадан жасалған арнайы металдан жасалған кассетаны қолдануға болады.
Түсірілетін объектіні кассетаға салып (қағаз немесе металдан жасалған), оны рентген сәулелерімен жарықтандырады. Экспонирлендірілген фотоматериалды лабораториялық өңдеуден кейін ғана объектінің көлеңкелік бейнесі пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет