§2. Адамның трасологиялық іздері
Трасологиялық маңызы бар адам іздеріне: қол іздері, аяқ, аяқ киім іздері, тістердің іздері, сондай-ақ папиллярлы өрнектері жоқ басқа да іздер, атап айтқанда: бас (бет) бөлшектерінің (құлақ, ерін, мұрын, шеке т.б.) іздері жатады.
Қолдың іздері – басқа іздерге қарағанда қылмысты тергеу мен ашу кезінде жиі әрі нәтижелі қолданылады. Қол іздері арқылы адамның жынысын, шамамен жасын (ересек немесе бала екендігі), қай қолмен және қандай саусақпен қалдырылған із екендігін, кей жағдайларда кәсібі мен қолдарындағы т.б. кемістік белгілерін анықтау мүмкін болады. Қол іздері арқылы осындай идентификациялық емес жағдайлармен қатар, адамды жеке идентификациялауға болады.
Ұзындық бірлігіне сәйкес папиллярлы сызықтардың шамамен санын көрсететін кесте
0,5 см-де орналасатын папиллярлы сызықтардың саны
|
Жас шамасына байланысты адамдардың тобы
|
12-13
10-12
9-10
6-7
|
8-12 жас аралығындағы ұл және қыз балалар
жасаөспірім
ер адамдар
толық адамдар
|
Бұл қолдың функционалдық маңызымен және ондағы майлы-тер заттарының болу маңыздылығымен анықталады. Сонымен қатар, қол алақанының (және аяқ табанының) беткі қабатындағы биіктігі мен енінің шегі белгісіз кішкене әжімдерге бөлінген папиллярлы сызықтармен анықталады. Тік сызықты учаскілердегі кейбір папиллярлы сызықтар белгілі бір ұзындыққа жеткен кезде иіле отырып күрделі өрнектерді қалыптастырады. Папиллярлы сызықтар еш уақытта қиылыспайды, бірақ та олар қосылуы немесе айырылып-бөлінуі, сөйтіп әртүрлі түрдегі өрнектерді қалыптастыруы мүмкін. Папиллярлы сызықтармен қатар алақанның беткі қабатынан тері бедерінің басқа да белгілерін кездестіруге болады. Оларға – флексорлық (иілетін) сызықтар, әжім қабаттары және тері саңылаулары жатады. Бұл тері бедерінің ең кішкентай элементтері болып табылады.
Жоғарыда қарастырылған алақанның беткі қабатындағы табиғи бедер іздерінің белгілерімен қатар жасанды белгілерді де кездестіруге болады. Оларға зақымданған – тыртық, күйік іздері және т.б. әртүрлі іздер жатады.
Криминалистикада қол саусағындағы тырнақ фалангілерінде орналасқан папиллярлы өрнек бедерлерінің ерекшеліктеріне аса маңызды көңіл бөлінеді. Папиллярлы өрнектердің құрылымын трасология бөлімінің бірі «дактилоскопия» зерттейді.
Папиллярлы өрнектердің криминалистикалық маңызы олардың келесідей өзіндік ерекше қасиеттерімен: жекешелігімен, салыстырмалы тұрақтылығымен және өзгермейтіндігімен, өзгерсе қайтадан қалпына келетіндігімен, сондай-ақ жіктелетіндігімен анықталады. Бұл қасиеттердің барлығы терінің анатомиялық құрылымымен анықталады.
Папиллярлы сызықтар ананың құрсағында жатқан баланың даму кезеңінде пайда болып, өмір бойы өзгеріссіз сақталады. Өрнектің өзара орналасуы мен детальдарының қалыпы өзгермейді, тек көлемі ғана өзгереді. Осы тұрақты байланыс трасологияда ең қажетті белгі болып табылады.
Дерма зақымдалған кезде ғана учаскедегі мұндай өрнектер қайтадан қалпына келмейді. Дегенмен де, бұл кезде пайда болған жасанды белгілердің (тыртықтар, шрамдар) өздері папиллярлы өрнектердің ерекше белгілері болып табылады.
Папиллярлы өрнектердің жекелілігі, бұл өрнекті сипаттайтын қайталанбайтын белгілер жиынтығынан тұрады. Папиллярлы өрнектердің белгілері жалпы және жеке деп бөлінеді. Жалпы белгілері бойынша бұл өрнектерді – доға тәріздес, ілмек тәріздес және шеңберлі деп үш түрге бөлеміз.
Өрнек түрін анықтау үшін, оның орталық бөлігі зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |