Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дельта болады (кейде үш, ал кейде төрт дельта (өте сирек кездеседі). Дельталардың арасында: концентірлік шеңбер, сопақша, спираль, дөңгеленіп келген (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер орналасады. Шеңбер тәріздес өрнектер, сондай-ақ жай және күрделі болып бөлінеді. Шеңбер тәріздес өрнектердің түрлері 18, 18-1, 18-2 суреттерінде көрсетілген: к-қарапайым шеңберлі; л-сопақша шеңберлі; м,н-спиральді шеңберлі; о-ілмекті шеңберлі; п,р,с,т-қарама-қарсы ілмектері бар шеңберлі. (РИСУНОК 18, 18-1, 18-2: Сурет 18, 18-1, 18-2. Шеңберлі өрнектердің түрлері.)
Сондай-ақ папиллярлы сызықтардың әртүрлі күрделі өрнектері де кездеседі. Олар 19, 19-1, 19-2 суреттерінде көрсетілген: у-домалақ ілмектер; ф-ілмек ілмекті айнала орналасқан; х-ілмек спиральді айнала орналасқан; ц-ілмек ішіндегі шеңбер; ч-аралас өрнектер; ш-доға ішіндегі шеңбер; щ-ілмектегі сопақша болып келген өрнектер; э-әр жаққа қараған домалақ ілмектер; ю-шеңберлі өрнектің ерекше қалыптасу формасы. (РИСУНОК 19, 19-1, 19-2: Сурет 19, 19-1, 19-2.Әртүрлі күрделі өрнектер)