Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Жеке белгілерді 4 топқа бөліп жіктеуге болады



бет86/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Жеке белгілерді 4 топқа бөліп жіктеуге болады:

  1. жазу белгілері мен олардың элементтерін орындау кезіндегі қозғалыс бағыттарының ерекшеліктері; Мысалы, суреттерде “д” әрпінің орындау кезіндегі қозғалыс бағыты көрсетілген. 40-суретте “д” әріпінің дөңгелек элементі сол жақтан төмен қарай бағытталып оң жақтан жоғары қарай көтеріледі, содан кейін оң жаққа және төмен қарай бағытталады, (РИСУНОК 40: Сурет 40.) 40-1-суретте “д” әріпінің дөңгелек элементі сол жақтан оң жаққа қарай жоғары бағытталып, содан кейін төмен қарай бағытталады. (РИСУНОК 40-1: Сурет 40-1.)

  2. жазу белгілері мен олардың элементтерінің байланысу ерекшеліктері; суреттерде әріптер мен әріп элементтерінің байланысу ерекшеліктері көрсетілген. Мысалы, 40-2-суретте “ф” әріпі элементтерінің үздіксіз орындалуы, (РИСУНОК 40-2: Сурет 40-2.) 40-3, 40-4-суреттерде “ж” және “т” әріптері элементтерінің бөлек жазылуы көрсетілген, (РИСУНОК 40-3: Сурет 40-3.) (РИСУНОК 40-4: Сурет 40-4.), 40-5, 40-6-суретте “б-е”; “ы-р”; “у-р” және “т-р”; “б-у” әріптерінің үздіксіз жазылу көрсетілген. (РИСУНОК 40-5: Сурет 40-5.) (РИСУНОК 40-6: Сурет 40-6.)

  3. жазу белгілері мен олардың элементтерінің өлшемі, қисаюы бойынша өзара қатыстылығының ерекшеліктері. Мысалы, 40-7-суретте “н” әріпінің оң жағының вертикалды элементі сол жақ элементінен кішірек екендігі және “а” әріпінің соңғы элементі жазу жолының ортаңғы бөлігінде орналасқандығы көрсетілген. (РИСУНОК 40-7: Сурет 40-7)

  4. жазу белгілері штрихтарының басталуы мен аяқталу нүктелерінің орналасуы және оларды орындау әдістері. Мысалы, суреттерде “р” әріпінің әртүрлі жазылу түрлері көрсетілген. 40-8-суретте “р” әріпінің вертикалды элементінің дөңгелек элементінен төменірек орналасуы, (РИСУНОК 40-8: Сурет 40-8.) 40-9-суретте вертикалды элементтің дөңгелек элементінен жоғары орналасуы және басталуы ілмек формасында жазылған “р” әріпі көрсетілген, (РИСУНОК 40-9: Сурет 40-9.) 40-10-суретте “р” әріпінің вертикалды элементі штрих ретінде сол жақтан оң жаққа қарай бағытталып төмен кеткендігі белгіленген, (РИСУНОК 40-10: Сурет 40-10.) ал 40-11-суретте “р” әріпінің вертикалды элементінің дөңгеленген элементтімен бір деңгейде орналасқан. (РИСУНОК 40-10: Сурет 40-10.)

Жеке белгілердің идентификациялық маңыздылығы мен мәнділігі, олардың басқа адамдар орындаған қолжазбаларында кездесу жиілігіне байланысты. Жеке белгілердің кездесу жиілігі төмендеген сайын, орындаушыны анықтау кезіндегі қолданылатын белгінің маңыздылығы соғұрлым жоғарылайды.
Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демографиялық сипатына байланысты жорамалдау мақсатында (жынысы, жасы, кәсібі), сонымен қатар олардың психикалық жай-күйін анықтау (ауруға жалдығуы мен көңіл-күйінің бұзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет