Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды



бет94/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері


Құжаттарды қолдан жасаудың барынша кең тараған түрлері: түпнұсқа құжаттың мазмұнына қырып өшіру, қосып жазу, химиялық реактивтер қолдану, құжаттың кейбір беттерін, кұжаттағы фотосуреттерді ауыстыру жолдарымен өзгерістер енгізу.
Тазарту дегеніміз — мәтінді өшіргішпен немесе өткір
заттармен: лезвия, пышақ, скальпельмен қыру арқылы механикалық
өшіру.
Қырып өшіру нәтижесінде қағаздың беткі қабатының құрылымы өзгереді, бұзылады және қағаз бетінде тікірейген талшықтар пайда болады. Олар қиғаш түсірілетін жарықтықта зерттеу кезінде мұқият бақылау жүргізу арқылы көзге көрінеді. Қағаз бетіндегі мәтінді қырып өшіру нәтижесінде қағаз жұқарады. Пайда болған мұндай белгілер кұжаттарды өткінші жарықтықта қарау кезінде анықталуы мүмкін.
Қағаздың беткі қабатымен бірге, оның қорғаушы торы, ассюре, баспаханалық сызықтар мен бастапқы орындалған мәтіннің штрихтары жойылады немесе зақымданып бүлінеді. Бұл белгілер құжаттарды үлкейткіш әйнектер (лупа) немесе микроскоп арқылы қарағанда анықталады. Сонымен қатар, қорғаныш торы мен ассюренің зақымдалған сызықтарының үстінен қайта басып жазу іздері, қырып тазаланған жерлерде қайта орындалған жазбалардың микроқұрылымдарының өзгешелік белгілері, бастапқы мәтіннен қалған штрихтар байқалады, әсіресе, сапасы төмен қағаздарда сұйық бояғыштарды пайдалану арқылы жазбаларды орындау кезінде айрықша көзге көрінеді.
Қырып тазартылған жазуларды оқу үшін физика-химиялық әдістер жиынтығы қолданылады. Бұл әдістер нашар көрінетін штрихтарды, бастапқы мәтіннің люминесценциясын қалпына келтіреді. Штрихтарын қырып тазартқан жағдайда бастапқы жазылған мәтін өткінші жарықта қарау және фотосуретке түсіру арқылы анықталуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда құжаттың бастапқы мәтінін бастырып жазудан қалған қағаздың кері жағындағы бедері бойынша немесе бастапқы мәтінді орындау кезінде астындағы параққа басылып түскен іздері арқылы оқуға болады. Бастырып жазу іздері қиғаш түсетін жарықта қарау арқылы анықталады.
Өндеу - бұл бастапқы жазбаларды (немесе оның бөліктерін) химиялық жолдармен өшіру, яғни штрихтарды түссіздендіру арқылы жою.
Химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу фактісі қағаздың механикалық қасиетінің өзгеру белгілері бойынша анықталады. Химиялық заттармен өңделген қағаз жұқарып, жыртылғыш, әрі кедір-бұдырлы болып келеді. Қағаздың беткі қабатында майда жарықшалар (мелкие трещины) пайда болуы мүмкін. Қағаз бетінің оптикалық қасиеті: түсі, түрі, люминесценция сипаты өзгереді. Барлық жағдайда күмән туғызатын құжаттарды көрінбейтін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерде қарап, зерттеу қажет. Ультракүлгін сәулелері әсерінен көптеген химиялық өңдеу құралдары мен заттары люминесценцияланады. Қағаз бетінің әртүрлі люминесценциялану сипаты (қарқыны мен түсі) бойынша өңдеу әрекеті жүргізілгендігін көре аламыз. Кейбір жағдайларда ультракулгін сәулелерінің әсерінен бастапқы мәтіндегі штрихтардың люминесценциялануы байқалады. Егер зерттелетін құжатқа спектрдің көк-жасыл бөліктерімен әсер етсе, көрінбейтін инфрақызыл сәулелердің де аумағында люминесценция пайда болуы мүмкін.
Бастапқы жазылған мәтіннің нашар көрінетін штрихтарын жарық фильтрлерді іріктеу, контрасты және түс айыру әдістерін қолдану жолымен қалпына келтіріледі.
Өңдеу фактісі мен өңделген мәтіннің мазмұнын химиялық
әдістермен де зерттеп: қүжаттың беткі қабатының сипатын
(қышқылды және сілтілі ортасын), өңдеу үшін қолданылған заттың
шығу тегін анықтауға, сонымен қатар, түссіздендірілген
жазбаларды қалпына келтіруге болады.
Бастапқы жазылған мәтінді өшіру мақсатында штрихтарды
сумен, спиртпен және басқа да ерітінділермен жуу әдісі де
қолданылады. Бұл кезде құжаттың беткі қабатында жиегі түрлі-түсті
дақ тәріздес бұлдырланған іздер қалады. Жуылған жазбаларды
қалпына келтіру әдістері жоғарыда көрсетілгендей, өңдеу фактісін
анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет