Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Техника-криминалистикалық зерттеудің тікелей объектілеріне



бет93/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Техника-криминалистикалық зерттеудің тікелей объектілеріне төмендегілер жатады: реквизиттер, құжат материалдары және техникалық құралдар.
1. Құжаттардың реквизиттері, оларға: мәтіндер, жазба мәтіндері, қолтаңба
және басқа да таңба түрлері; баспа түріндегі таңбалар (мөр, жазу
машинкасының және мөртаңба, телеграфтық, кассалық және басқа
да белгілерді басатын аппараттар мен құрылғылар); фотосуреттер, маркілер, бланкілер жатады.
2. Құжаттарды немесе оның жекеленген реквизиттерін жасау үшін қолданылатын техникалық құралдар: жазу
құралдары (шарикті қаламның стержені, қарындаштар,
фломастерлер), компьютерлер, принтерлер, сканерлер, ризографтар, клишелер, мөр және мөртаңбалар, баспаханалық техникаға
жататын жазу құрылғылары: баспа машинкалары және басқа да
белгілерді басатын кұрылғылар (кассалық, телеграфтық және т.б.);
қағаз тескіштер, компостерлер, перфораторлар; қырып тазарту жолымен штрихтарды кетіру үшін қолданылатын құралдар; қағаз кесетін машинкалар; түптейтін құрылғылар және т.б.
3. Құжат материалдарына келесідей қолжазба материалдары жатады: сия, тушь, шарикті қаламның пасталары, бояулар, қарындаш графиті,
электрографикалық тонерлер; құжаттар жасайтын қағаз, картон;
қосымша қолданылатын қажетті материалдар - клей, қорғағыш
қабаттар, түптеуге қажетті (ледерин тәріздес) материалдар, өңдеу,
түзету үшін пайдаланылатын (сұйықтықтар, «штрих» тәріздес),
құралдар; уландырғыш заттар — күнделікті үй-тұрмысында қолданылатын химиялық заттар, фармацевтік препараттар және т.б.
Жоғарыда аталған тікелей объектілерге қатысты құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жеке әдістемесі қалыптасқан. Олар, құжаттарға сот-техникалық сараптамаларын жүргізу кезінде қолданылады. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жекеленген әдіс-тәсілдерін тергеуші құжаттарға тергеу қарауын жүргізген кезде қолдануы мүмкін.
Қылмыскерлер әртүрлі әдіс-тәсілдермен жалған құжаттар жасаулары мүмкін. Жалған жасаудың техникалық әдістері негізінен екі топқа бөлінеді: толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден тұрады. Жартылай жалған жасаудың әдістеріне: тазарту, уландыру, жуу, қосып жазу, қосып басу, фотосуреттерді және қағаз беттерін ауыстыру. Құжаттарды толық жалған жасау келесідей нұсқаларда жүргізіледі. Қылмыскер мөр басылған және мекеме штампы қойылған құжаттың таза бланкісін тауып, оған тек мәтін енгізіп, басқарушының қолтаңбаларын жалған қояды. Басқа нұсқасы, қылмыскер таза бланк тауып, оған жалған мөр және қолтаңба қойып, сәйкес мәтін енгізеді. Соңғы бір нұсқасы, қылмыскер құжат бланкін қолдан дайындап, құжатқа қажетті қалған реквизиттерді енгізеді. Құжаттарды техникалық жалған жасаудан қорғау үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. Құжаттардың жалпы жүйесі бойынша қатаң тіркеудегі құжаттарды бөліп қарауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет