VI-ТАРАУ ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕХНИКА-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі жәнеоның міндеттері мен түрлері Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу дегеніміз -қылмыстық және азаматтық істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттарды зерттеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында жаратылыстану және басқа да техникалық ғылым салаларынан алынған теориялық ережелер мен арнайы әдістерді жүйелендіру негізінде қалыптасқан криминалистикалық техниканың жеке бір саласы.
Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеуге жататын мәселелер шеңбері, зерттеу кезінде қолданылатын әдістер сияқты кең ауқымды және көптүрлі. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жалпы мәселелері идентификациялық және идентификациялық емес деп екі топқа бөлінеді. Оларға мыналар жатады: Идентификациялық:
құжаттар бір әдіспен жасалған ба (немесе реквизиттері);
құжаттағы мөр таңбалары осы мөрмен басылған ба;
құжаттағы жазбалар осы қаламмен жазылған ба;
құжат мәтіні осы жазу машинкасында басылған ба;
құжаттың бланкісі осы клише көмегімен орындалынған ба;
құжаттың бланкісі осы станокта басылған ба;
құжаттың бланкісін дайындауда осы бояулар қолданылған ба;
құжаттың бланкісін дайындау үшін қағаз қолданылған ба;
құжаттың бланкісін дайындау үшін материалдар қолданылған ба және т.б.
Идентификациялық емес:
құжат мәтінінде қандай да бір өзгерістер бар ма, бар болса қандай, қандай әдіспен жасалған және құжаттың бастапқы мазмұны қандай болған;
құжат немесе оның реквизиттері қандай әдіспен жасалған;