Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу



бет100/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу


Құжатқа заңдық күш беретін қажетті реквизиттің бірі – қолтаңба болып табылады.
Жалған қолтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған қойылып отырған қол мен түпнұсқаның сыртқы белгілерін ұқсатып жасауға тырысады. Бұл әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды қойған тұлғаның қолжазбасына және қойылған қолына ұқсату жолымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер қолдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол түлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол қою деп аталады. Мұндай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын-ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен бастыру немесе терезеге қою жолымен көшіру қағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру арқылы; жоғарғы көшірмелік қасиеттегі бояғыш заттарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған құжатқа көшіру арқылы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңбалар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі.
Көшіру қағазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементтерінің тік немесе доғал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аяқталу элементтерінің қисық түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің болуы; біріккен екі штрихтың болуы, алдын-ала дайындалған штрихтар, екіншісі – бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын қолданып бастыру нәтижесінде, алғашқы штрихтар құжат бетіне көшірме қағазының бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын қолданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған құжатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады.
Алдын-ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады.
Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаңбаны, орындаушының жүргізген бояу қозғалыс белгілері арқылы, ал қаламсаппен бастырылып көшірілген жалған қолтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері арқылы анықталады.
Барлық жағдайларда көшірме қағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған қолтаңбаның жазу белгілері, құжаттағы түпнұсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде қозғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес.
Қазіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік құралдардың көмегімен түпнұсқа қолға толық сәйкес келетін қолтаңбаларды алуға мүмкіндік береді. Мұндай қолтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микроқұрылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет