Аралық (жалпақ жазық) клише ретінде әдетте ылғалданған фотоқағаздар, пленкілер немесе жақсы көшіру қабілеттілігі бар басқа да материалдар (піскен жүмыртқаның белогы және т.б.) қолданылады.
Мұндай әдіспен жасалған жалған таңбалар келесідей белгілері:
штрихтағы бояулардың біркелкі түспеуі, бояу түсінің нашар түсуі, бояудың жайылып түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады. Түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады.
Ультракүлгін сәулелерімен зерттеп қарау барысында "тегіс клишемен" қатынаста болған қағаз бөлігінде люминесценцияның күшейтілген түрі байқалады. Мөртаңбаны жалған құжатқа көшіру кезінде көшірме қағазының көмегімен түсіру, үстінен бастырып жазу, терезе жарығына қойып түсіру әдістері қолданылады.
Клишенің өзін қолдан жасаудың да бірнеше әдістері бар. Бедерлі клише – ағашты, линолеумді, теріні және басқа да иілгіш (майысқақ), созылғыш материалды ойып немесе баспаханалық әріптерді жинақтау арқылы жасалады. Бұл таңба мәтіндерінен теріс түскен әріптер мен грамматикалық қателер де кездеседі.
Қолдан қиып жасалған клише ойықтары келесідей белгілермен сипатталады: нақты геометриялық формалардың қатаң түрде болмауы, белгілердің ара қашықтығының біркелкі болмауы, сөздердің, жолдардың, дөңгеленген элемент белгілердің дұрыс емес формада болуы, дөңгеленіп қиылған штрихтердің іздерімен және әртүрлі көлемдегі штрихтермен сипатталады. Мәтінде бұл ойықтардың жеке белгілері кездеседі. Нақты айтқанда сәулеленген бейнедегі геометриялық қателіктер кездеседі. Ойықты қарау кезінде клишенің жалғандығы баспаханалық шрифтың жиынтығы арқылы анықталады. Яғни, баспаханалық әріпті теру ережелерінің бұзылуын табу арқылы анықталады (әртүрлі шрифтердің қолданылуы, жол сызықтарының тегіс болмауы, грамматикалық және т.б. қателіктер). Сонымен қатар, штрихтердегі бояулардың біркелкі бөлінбеуі.