Іздестірудегі жазу машинкасының маркасын, моделін және оның шрифтінің маркісін анықтау жеке мәселелердің біріне жатуы мүмкін немесе идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады.
Машинкамен жазылған мәтін бойынша машинканың маркасы мен моделін анықтау үшін жалпы белгілер қолданылады. Жалпы белгілеріне жазу машинкасының және оның шрифт механизмінің жұмысын сипаттайтын белгілер: Әріптердің, белгілердің бір-бірінен нақты бір қашықтықта орналасуын қамтамасыз ететін жазу машинкасының басты механизмінің жазу жолы бойынша басқан қадамы. Жазу жолдарының қадамы – клавишаның біреуін басқан кездегі каретканың орналасу арақашықтығымен анықталады. Басты механизм қадамы – салыстырмалы тұрақты белгі, ол тек машинкаға жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана өзгеріске ұшырайды.
Èнтервал жолының аралық көлемі, яғни келесі төменгі
жолға көшу үшін жазу машинкасының валигін автоматты түрде бұру
кезінде пайда болған жолдардың арақашықтығы. Интервалды
механизм арқылы – 1,2,3-интервал жолдарының арақашықтығын
анықтауға болады. Әртүрлі маркілі және модельді машинка
жолдарының аралық интервалдары бір-біріне сәйкес келуі немесе
әртүрлі болуы мүмкін, бірақ-та олар нақты маркі мен модель үшін
тұрақты болып табылады.
Әріптік калыптағы (колодкадағы) шрифт белгісінің белгілі бір
саны және клавиатурадағы клавиштердің саны бойынша анықталатын
клавиатура типі.
Қағаз бекітетін (орайтын) валиктің ұзындығы мен
каретканың көлеміне байланысты жазу жолының максимальды
ұзындығы. Бұл белгі зерттеліп отырған мәтіндегі жолдың ұзындығы
тексерілетін машинкадағы жолдың ұзындығынан асып кеткен
жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Шрифт маркасы белгі суреті мен оның өлшемінің
ерекшеліктерімен анықталады. Шрифт маркілері мемлекеттік
стандарт бойынша реттеледі.
Мәтін бойынша жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау кезінде жоғарыда аталған барлық белгілердің жиынтығы зерттеледі.
Жазба машинкасының жекеленген детальдары мен механизмін бірыңғайлау және стандарттау қазіргі уақытта жазба машинкасының нақты маркасын анықтауды қиындатады.
Қай топқа жататындықты анықтайтын криминалистикада қалыптасқан әдістеме бойынша жазба машинкаларды келесідей топтарға жіктеуге болады: механикалық және электромеханикалық; рычаксыз монолитті литертасушы; жазу автоматтары; кеңселік; теретін-жазба машинкалары мен автоматтары; көлемі кіші – портативті және жол машинкалары.
Жазу машинкасының әрбір типінің нақты маркасы болады, ал әрбір марка бір немесе бірнеше модельге бөлінеді (мысалы: “Оптима”, “Ятрань ”).
Қазіргі кезде жазу машинкасының маркасы мен моделін анықòау жұмыстарын ақпараттық-іздестіру жүйесі жеңілдетеді. Онда барлық отандық жазу машинкаларының маркасы мен модельдері, оларға арналған шрифт маркасы, сондай-ақ шетелдік жазба машинкалары мен шрифттары туралы мәліметтер жинақталған.