Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Бланктерді қолдан жасау – ксерокс, компьютер, принтер арқылы



бет108/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Бланктерді қолдан жасау – ксерокс, компьютер, принтер арқылы баспаханалық шрифт құралдарымен басу; қолдан жасалған жоғарғы баспа формасымен басу; фотомеханикалық жолмен жасалған жоғарғы баспамен басу (фотоцинкография); фотохимиялық өңдеу нәтижесінде алынған жазық баспа формасымен басу; суретін салу арқылы орындалады. Баспаханалық өндірісте мөрлердің келесі түрлері қолданады: бедерлі, жазық, терең және трафаретті. бедерлі мөрде басу элементтері баспайтын элементтерден жоғарырақ орналасқан, жазық формасында олар бір жазықтықта орналасады. Терең формада басушы элементтер әртүрлі тереңдікте болады және бояумен толтырылады, ал баспайтын элементтер жоғарырақ бір жазықтыққа орналысады.
Бедерлі мөр формасымен басылған таңбалар баспаханалық бояудың шрихтарында біркелкі орналасуымен және шығыңқы элементтерінің бедерлерімен сипатталады.
Жазық мөртаңбаларындағы штрихтардың барлық беткі қабатында баспаханалық бояу біркелкі жағылады, бастыру іздері болмайды, басушы элементтердің бейнесі нақты болады.
Терең мөрлердің формасынан алынған таңбалар бояуының біркелкі жағылмауымен ерекшеленеді.
Қылмыскерлер кейде бедерлі мөр әдісімен жалған бланкілерді жасау кезінде жарамсыз деп танылған, жиынтықсыз (комплектісіз) баспаханалық шрифтерді қолданады.
Құжат жасаушының біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты жасалынған жалған бланктердің белгілеріне келесілер жатады: бедерлі мөр белгілерінің болуы, таңбаның түпнұсқа бланкке қолданылу шрифтіне сәйкес келмеуі, баспаханалық басу ерешелерінің сақталынбауы (әріптер, сөздер, жолдардың арақашықтығының біркелкі еместігі, жолдардың қисаюы); таңбаның біркелкі боялмауы, орфографиялық қателіктердің, төңкерілген әріптердің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет