Фотоцинкографтық қалып (клише) арқылы басылған жалған бланк белгілеріне: фотоға түсіру кезінде масштабты сақтамау салдарынан таңбаның жалпы өлшемдерінің түпнұсқа бланктің өлшеміне сәйкес келмеуі; штрих көлемінің әртүрлілігі; түпнұсқаны суретке түсіру кезінде майда штрихтардың анық түспеуі; штрих шеттерінің біркелкі болмауы, штрихтарда үзілістердің болуы және т.б. жатады.
Жазық мөр формаларында басылған жалған блактерде келесідей белгілер:масштабтың сақталынбауы, ұсақ детальдардың бейнеленбеуі, түпнұсқа бланк штрихтарынан бұл штрихтардың жуанырақ болуы кездеседі.
Бланктерді қолдан жасау көбейткіш-техника құралдарының көмегімен де жасалуы мүмкін (репрография). Бұл үшін электрографикалық аппаратар, кәсіби көшірме машинкалары (ксерокс және т.б.) баспаның трафаретті формалары, ЭЕМ-ң принтірлері қолданылады.
Электрография көмегімен алынған таңбаларда келесідей белгілер болады: штрих шеттерінің дәл болмауы; штрих жиегінде нүктелер мен шығыңқы жерлердің кездесуі; ашық учаскелерде ұсақ нүктелердің, дақтардың немесе штрихтардың болуы; штрихтардың кейбір белгілерінің болмауы және олардың біркелкі емес боялуы.
Сараптамаға материалдарды жібергенде түпнұсқа бланктердің үлгілерін беру қажет. Үлгі бланктері зерттелетін бланк басылған баспаханада басылып, сондай формада және сол нөмірмен орындалуы тиіс.