Құжат материалдарын зерттеу сараптамасының жалпы мәселелеріне төменгілерді:
материалдардың немесе одан жасалған өнімдердің түрлерін;
материалды немесе өнімді тұтыну мақсатын;
материалды немесе өнімдерді өндіру, сақтау және пайдалануына байланысты шығу тегін;
материалдың жекеленіп бөлінген көлемін идентификациялауды;
материалдың жасау уақытын анықтау жатады.
Қағаз – құжаттың негізгі зерттеу материалы болып табылады. Зерттеу барысында жыртылған қағаз қиындыларының бір бүтінге жататындығын, белгілі бір құжат немесе бланкілерді дайындау кезінде қолданылған қағаздың тобын (класын), түрін; әртүрлі сезіктіден алынған өнімдердің бір жерден шығарылғандығын; қағазды жасау уақытын анықтау мәселелері шешіледі.
Қағазды зерттегенде, оның физика-химиялық қасиеті (оның қалыңдығы, салмағы, түсі, ішкі және сыртқы бет қабатының құрылымы), жапсыру түрі мен дәрежесі, қағаздан жасалатын өнімді сипаттайтын белгілер анықталады. Әртүрлі қайнар көзден шыққан бір түрге жататын қағазды бөлшектейтін (дифференцациялайтын)жеке әдістеме түрлері бар.
Құжатты жасау кезінде қолданылатын жазу құралдары да әртүрлі болады, сондай-ақ ол күрделі құрамнан тұрады. Соңғы жылдары жалған құжат дайындау барысында бұрын қолданылмаған келесідей бояулар пайда болды: полимерлі қарындаштар, түрлі-түсті борлар, әртүрлі тонерлер.
Жазу материалдарының құрамын зерттеу кезінде химиялық және физикалық әдістердің арнайы модификациялары пайдалынады. Олар сәйкес материалтану және химия салаларында криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады. Мамандар өңдеп шығарған әдістеме көмегімен қарастырып отырған материал топтарының санын азайтуға, ал кейбір жағдайда осы заттардың жеке бір көлемін көрсетуге болады.
Бұл жоғары сезімтал әдістері: микроспектрофотометрлік, лазерлік талдау, хроматографиялық, көрінетін және ультракүлгін, ультрақызыл, спектрофометрия арқылы жүзеге асырылады.
Әсіресе жазу материалдарының микроқұрылымының дифференциация әдістерін жетілдіруде сот-техникалық сараптамасының жетістігі мол. Кеңінен тараған жазба материалдарын және (паста, сия, көшірме қағазына, жазу машинкасының лентасына арналған бояу және штемпельдік бояу) олардың штрих бояуларын зерттейтін арнайы әдістемелер бар.
Осы материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында жиі қолдану нәтижесінде құжат материалдарын техника-криминалистикалық зерттеу мүмкіндіктері артуда.