Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§ 3. Лак-бояу және боялған заттарды



бет114/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§ 3. Лак-бояу және боялған заттарды зерттеу

Көп жағдайларда қылмыстық істерді ашу кезінде лак-бояу бұйымдары (лак, бояу, эмаль және олардың қосындылары), боялған заттардың беті заттай дәлелдеме ретінде пайдаланылады.


Лак-бояу, боялған заттарды сараптаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

    • заттың боялған, не бояу жұққан қабатынан лак-бояу заттарының құрылымын және түрін анықтау;

    • лак-бояу жұғылған іздерді зерттеу арқылы, заттардың тектік, топтық бірлестіктері мен айырмашылықтарын және олардың шығу тегін анықтау.

Тергеу тәжірибесінде көптеген тергеушілер, соттар сарапшылардың алдына дұрыс сұрақ қоюды жете білмейді. Сондықтан лак-боялауларды зерттеуде көптеген қателіктер кетеді. Мысалы, зерттелетін бояулар химиялық құрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың шығу тегі әртүрлі.
Бүгінгі таңда лак-бояу заттарын зерттеу олардың қай топқа, текке жатуына байланысты жүргізіледі. Бұлай зерттеудің себебі лак-бояуларды жасау тәсілінің стандарттылығына байланысты (біртекті технология).
Соңғы уақытта боялған заттардың өзара қатынасын зерттеуде сараптама көптеген жетістіктерге жетті. Мәліметтегі өзара байланысты анықтау – кешенді сараптаманың мәселесі болып табылады. Бұл мәселені сараптамалық зерттеу өте күрделі жұмыс. Мұндай жағдайлар көбінесе көлік оқиғасымен байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей көбіне сарапшыға бояуды, талшықтарды, бензинді, солярканы, шыныны, топырақты жеке зерттеуге тура келеді, бұл заттар негізінен үлкен бір заттың бөлшектері болып табылады. Бұл зерттеу трасология ғылымының тәсілдерімен толықтырылған жағдайларда ғана заттардың өзара байланысын анықтауға болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып лак-бояу объектілерін зерттеу арқылы төмендегідей мәселелерді анықтауға болады:

  • заттың бетіндегі бояу ма, әлде басқа зат па;

  • салыстырылатын бояулардың тегі және тобы бір ме, әлде бөлек пе;

  • зерттелетін бояудың бөлігі арқылы сол бояуды білуге бола ма, егер болса осы бояу (түйіршік) – боялған затпен (бұйыммен) байланысты ма, әлде басқа затпен байланысты ма;

  • зерттелетін заттар бір-бірімен байланысты ма, әлде жоқ па.

Жағдайға байланысты сарапшының алдына басқа да келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • заттың бетіндегі бояу қолдан жағылды ма, әлде зауытта жағылды ма;

  • бояуды қай жерде пайдаланады;

  • зерттелетін зат қылмыстың ізін жасыру үшін басқа түске боялды ма, әлде боялмады ма.

Бояуды криминалистикалық зерттеудің тиімділігі көбінесе тергеушілер сараптамаға жіберетін заттарды дұрыс дайындауларына байланысты. Тергеушілер сараптама тағайындағанда мынандай мәселелерді шешулері керек: сарапшы нені анықтауы қажет, сарапшыдан нені білгілері келеді, сараптамаға жіберілетін заттай дәлелдемелердің (көліктің кейбір боялған бөлшектері - есігі, рамасы т.б.), не болмаса бояулардың қайсысы идентификациялауға жатады.
Ол үшін тергеуші зерттейтін заттардың үлгілерін сарапшыға жібереді. Сараптамаға жіберілетін лак-бояу заттары:

  • оқиға болған жердегі бояудың бөлшектері;

  • îқиға кейіпкерлерінің заттары (киімдері, аяқ киімдері, көліктің бөлшектері т.б.);

  • оқиғаға байланысты күдікті объектілердің үлгілері.

Егер оқиға болған жердегі бояудың көлемі бірнеше миллиметр болса және ол көзге анық көрініп тұрса, онда трасологиялық сараптама жүргізіледі. Зерттеудің нәтижелі болуы мына жағдайларға байланысты:

  • сәйкестендіруге жататын боялған заттың тез табылуына, бояудың өзгермеуіне (қайтадан бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру және т.б. жағдайлардың болмауына) байланысты;

  • сараптамаға оқиға болған жерден табылған заттың бетіндегі қатпарланған ізін қырып алмай, мүмкіндігінше өзін жіберуіне байланысты;

  • оқиға болған жерден, мүмкіншілігі болса сынған заттардың барлық бөлшектерін, тіпті болмаса өте ұсақ бөліктерін де жіберу қажет.

Себебі, осы ұсақ бөлшектер оқиғаны анықтауда шешуші орын алуы мүмкін. Тергеуші ұсақ бөлшектерді алғанда олардың қай жерден алғандығын хаттамада көрсетуі тиіс.
Боялған заттың өзін жіберуге мүмкіндік болмаса, ол заттың бетінің әр жерінен үлгі алынуы керек. Бояу үлгілері заттың бетінен өткір пышақпен, болмаса басқа затпен өте тереңдетіліп алынады. Бұл жағдайда бояудың морфологиясы сақталады. Егер зерттелетін объект сұйық болса оның бәрі жіберіледі.
Тергеуші сараптамаға жоғарыдағы айтылған мәліметтерден, үлгілерден басқа келесідей мағлұматтарды беруі керек:
- заттардың боялған уақыты (автокөліктің зауыттан шыққан уақыты, технологиялық боялу ерекшеліктері, мысалы: зауыт немесе зауыттан тыс жағдайда боялуы) туралы;
- боялған заттың бетіндегі басқа заттар (әк, қиыршық, ағаштың ұнтағы т.б.) туралы;
- боялған заттың қай жерде, қандай жағдайда сақталғандығын (мысалы, көлік сарайда цементтің арасында сақталған) жөнінде;
- оқиға болған уақыттан үлгі алғанға дейін өзгерістердің болуы (қайта бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен айырбастау) жайында;
- боялған заттың екінші затпен қақтығысуы (жанасуы, соғылуы, үйкелісуі) туралы;
- тергеуші хаттамаға зерттейтін заттардың қандай жағдайда табылғандығы жөнінде және табылған заттардың үлгілері қалай алынғандығы туралы анықтап жазып көрсетуі қажет.
Тергеуші зерттеуге жататын заттарды жібергенде жоғарыдағы айтылған мәселелерді және мағұлматтарды жан-жақты қарастырып, сарапшыға тиянақты сұрақтар қоюуы керек.
Көп жағдайларда сараптаманың нәтижелігі тергеушінің үлгіні қалай дайындағандығына байланысты. Заттай дәлелдемелер сарапшыға сол күйінде жеткізілуі тиіс. Үлгі, заттай дәлелдемелерді алу, оларды сақтау, жіберу мына төмендегідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • оқиға болған жердегі боялған заттың бөлшектері қағаз, не болмаса шыны ыдысқа салынады;

  • алынған үлгі басқа заттармен араласпауы және олардың зақымданбауы керек;

  • ылғал заттар кептіріледі;

  • әрбір зат жеке-жеке оралады немесе буып-түйіледі, оған қандай зат екендігі жазылады және қол қойылып, мөр басылады;

- орайтын қағаз, шыны т.б. заттар міндетті түрде таза болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет