Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Құжаттарды алу және қарау



бет228/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Құжаттарды алу және қарау. Өрт және өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу жөніндегі істер бойынша кейінге қалдыруға болмайтын (қалдырмайтын) тәртіппен құжаттарды алу әрекеті жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін тексеру актілері: объектідегі жарылатын, жанатын, өзінен-өзі тұтанатын заттарды сақтау мен тасымалдау жағдайын сипаттайтын құжаттар; өрт сөндіруге қатысқан өрт күзеті өкілдері жасаған өрт туралы акт; қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті ережелер; өртенген объектілердегі мүліктердің инвентаризациялық тізімдері; ведомствалық тергеу материалдары; өрт себептері мен кінәлі тұлғаны анықтау үшін маңызы бар басқа да құжаттардың дәлелдемелік маңызы бар.
Сондай-ақ, іске тіркеу үшін жергілікті метеорологиялық бекеттің ауа-райы жағдайы, ауа температурасы, өрт болған уақыттағы желдің бағыты мен күші туралы анықтама талап ету қажет.
Сараптама. Қарастырылып отырған істер бойынша жүргізілетін негізгі сараптама түрлері: өрт-техникалық; криминалистикалық және товароведтік. Адамдар құрбан болған немесе жануарлар өлген жағдайларда сот-медициналық және сот-ветеринарлық сараптамалар тағайындалады. Кей жағдайларда басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет