Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Сезікті мен айыпкерден жауап алу



бет227/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Сезіктіден алғашқы жауап алу кезінде, оның өртке қатыстылығына байланысты жанама дәлелдемелік мән-жайлар анықталады. Егер, оқиға болған жерден табылған және өртке қолданылған құрал-жабдықтар мен қаруларға ұқсас заттар сезіктіден табылған жағдайларда ҚІЖК-нің бап талаптары орындалғаннан кейін, жауап алу әрекетін нақ осы мәліметтерді анықтаудан бастау керек. Сезікті бұл құрал-жабдықтарды иемдену жағдайлары жөнінде түгелдей, толық айтып бергені өте маңызды. Мұндай жағдайларда сезікті көбінде өзінің пәтерінен табылған өртеу құралдары болып табылуы мүмкін заттардың оған тиесілі емес екендігі және бұл заттар туралы ештеңе білмейтіндігі жөнінде айтып қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Сезіктіден жауап алу кезінде куәлердің, оның отбасы мүшелерінің және туыстарының көрсетпелерін, сондай-ақ сезіктінің қолдарының ізі бар заттай дәлелдемелерді қарау хаттамаларын пайдалану қылмысты ашудың, әшкерлеудің ең тиімді айла-әдістерінің біріне жатады.
Егер сезіктіні жеке тінту және куәландыру барысында оның киімінен, аяқ киімінен немесе денесінен жанғыш заттардың иісі бар дақтар мен өрт, күйік іздері немесе оқиға болған жердегі құм бөлшектері табылса, жауап алу әрекеттерін міндетті түрде бұл дәлелдердің пайда болу көздерін анықтаудан бастау қажет. Мұндай жағдайларда сезікті көбінесе өзінен табылған іздердің пайда болуын әртүрлі себептермен байланыстырып түсіндіреді.
Айыпталушыдан жауап алу кезінде оның жұмыс және қызметтік жағдайына еш байланыссыз өрт басталар алдында объектіде болуы туралы мәліметтерді қолдану тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, объектіні өртеген адамның қылмыс жасаудан бұрын, болмаса одан кейінгі күдікті іс-әрекеті немесе жүрісі жөніндегі нақты деректерді қолдану одан дұрыс жауаптар алуға мүмкіндік береді.
Сезіктінің (айыпталушының) қылмысын әшкерлеуде өте жиі кездесетін және тергеуге ең тиімсіз жағдайлардың бірі болып, олардың өрт болған уақытта сол жерде өздерінің болуы себебін, өртті сөндіруге келгенімен түсіндіруі табылады. Тәжірибеде көрсеткендей өртеушілер көбінде объектіні өртенгеннен кейін, өзін өрт сөндіруге белсенді қатысушы ретінде көрсетуі үшін, сонымен қатар қалдырған іздерін жою, өзінен барлық күдікті алып тастау, өрттің басталу, болу себебін және айыпкер туралы қандай ойлар айтылып жатқанын білу, сонымен байланыстыра (ұштастыра) отырып дәлелдемелердің көзін жою және басқа біреуге жала жабу шараларын ойластыру үшін қылмыс болған жерге қайтып келеді. Сезіктіден оның өрт сөндіру жеріне келу себептері жөнінде жауап алу кезінде, өрт сөндіруге қатысқан куәлердің жауаптары мен оқиға болған жерді қарау нәтижелерін қолдану керек. Олар арқылы сезіктінің өрт болған жерге қай уақытта, қашан және қай бағыттан келгені, оқиға болған жерде өзін қалай ұстағаны туралы деректерді, сезіктінің айтуы бойынша өрт болған жердегі аяқ киім жол іздерінің орналасуы мен оның келген жолының сәйкес келуі немесе келмеуі жөніндегі және басқа да мәліметтерді анықтап білуге болады.
Айыпкер көбінесе өзінің өртке қатысты екенін мойындамай теріске шығарумен қатар, өрттің болу себебін әртүрлі кездейсоқ жағдайлармен түсіндіруге тырысады. Мұндай жағдайларда дұрыс жауап алу үшін өрт-техникалық және химиялық сараптама қорытындыларын қолдану қажет, себебі олар көбінде айыпкердің жауаптарымен (түсіндірмелерімен) сәйкес келе бермейді.
Тергеуші өртке қолданылған құралдардың айыпкерден, сезіктіден табылуы, олардың киімдерінен жанғыш заттардың иісі бар дақтардың табылуы, денесіндегі күйік іздерінің болуы, өрт болған жерде болуы және күдікті жүріс-тұрысы сияқты жанама дәлелдемелерді қолдану арқылы оларды дұрыс жауап беруге мұқтаж етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет