Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет226/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Сезіктіні куәландыру. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай қылмысқа дайындалу мен оны жасау кезінде қылмыскер көбінде жанғыш заттар арқылы абайсызда өздерінің – қолдарын, киімдерін, аяқ киімдерін бүлдіріп, болмаса денелерін, шаштарын күйдіріп алады. Кейде олардың қалталарында тұтандырғыш заттардың микробөлшектері қалып қояды, киімінде жанғыш заттардың иісі сіңіп өрт іздері немесе ыс, күйе дақтары қалуы және аталған бұл заттар заттай дәлелдеме болып табылуы мүмкін. Сондықтан да сезіктінің киімін, аяқ киімдерін және денесін қарау барысында қандай дақтар табылды және ол денесінің қай жерінен табылғандығын, олардың көлемін, түрін, түсін және иісін нақты көрсете отырып бекіту қажет. Ол үшін портативтік ультракүлгін лампаларын қолдану керек. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен керосин мен басқа да жанғыш заттардың дақтары ұлғайтылып көрінеді. Сезіктіні куәландыруға, киімін қарау кезінде оның киімінің, шашының, қолының, бетінің күйген жерлері жеке, әрқайсысы бөлек-бөлек бекітіледі. Сонымен қатар, бұл күйген учаскелердің орналасқан жері мен мөлшерінен басқа да, оның күю дәрежесі мен көрінісі көрсетіледі. Қылмыс іздерін жасыру мақсатында қылмыскер жану белгілерін жоюға тырысады, шашының күйген жерлерін тазалайды, тіпті болмаса қиып тастайды. Сондықтан да күйік кейде анық көрінбеуі, ал кейбір жағдайларда күдік тудыруы да мүмкін. Мұндай жағдайларда куәландыруға сот-медициналық сарапшыны немесе сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін күйік белгілері бар шаштың күйген, қиылған жерлерінен бірнеше шаш түктерін, киімдерден талшықтарын алу қажет. Қиылған шаш пен киім болса, оны хаттамада ерекше белгілеп көрсету керек. Егер сезіктінің денесінен күйік іздері табылса, куәландыру хаттамасында олардың орны, саны, медициналық жіктелуі бойынша ауырлық дәрежесі көрсетіледі, ал сезіктінің өзі сот-медициналық сараптамаға жіберіледі. Сезіктінің аяқ киімінен оқиға болған жердегі құмның, күлдің, шөптердің, жапырақтардың бөлшектері табылуы мүмкін. Бұл аяқ киімдер алынуы және сараптамалық зерттеуге жіберілуі тиіс.
Тінту. Тұрғын үй немесе қызметтік (жұмыс) орындарда сезіктіні жеке тінту оқиға болған жерді қарағаннан кейін, оның нәтижелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Тінтудің мақсаты – оқиға болған жерден табылған заттар мен ұқсас тұтанғыш және басқа да заттарды іздеу болып табылады. Егер өрт болған жерден құндылықтар, мүліктер, құжаттар, құрал-жабдықтар ұрланған жағдайда тінтудің мақсаты өртеудің құралдарымен қатар ұрланған заттарды табу және осы заттардағы қылмыскердің қол іздерін алу (анықтау). Сондай-ақ тінту кезінде күнделіктерге, жазбаларға және басқа құжаттарға көңіл бөлу қажет, себебі ол жерде объектіні өртеген тұлға туралы және оның қылмысты жасау мақсаты мен ниеті жөніндегі мәліметтер баяндалуы мүмкін.
Сезіктіні тінту барысында оның киіміне, сонымен қатар өртеуге немесе олардың көмегімен өзінің киіміндегі дақтар мен іздерді кетіруге қолданылуы мүмкін заттар мен сұйықтықтарға да назар аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет