Мазмұны (2003-2004) Фонетика



бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#6602
1   2   3   4   5   6

а) тұнық-лай в)ұялу-имену с)үбірлі-шүбірлі д)үлкендік-ағалық е)асты-жаны

18. Антонимдік жұпты көрсет.



а)Сулы-құрғақ в)Талапты-өжет с)қысқа-кішкене д)сулы-сусыз е)Биік-заңғар

19.Антоним сөзі бар мақал-мәтелді тап.



а)Ақылың аз,ашуың көп болса-қор боласың. в)Татулық-табылмас бақыт с)Адал достық алтыннан да қымбат д)тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады е)Ашуың келсе, қолың тарт


Омоним
1.Омоним бола алмайтын сөзді тап.

А)енші В)кітап с)көсе д)жай е)жарық

2.Омонимді тап.

А)Қара тер боп сабылдың, аялған жоқ малың да. В)Ауытқа өзеннен су келді

С)Бұл жұмыс көпшілікке аян болды. Д)Алатаудың аясындағы балапанды аяп, ұясына апарып қойды. Е)Ауылдағы өсек-аяң құлақты сарсытты.

3.Омоним дегеніміз не?

А)Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

В)Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ.

С)Сөзге грамматикалық мағына үстейтін,сөз бен сөзді байланыстыратын.

Д)Бір-біріне қарама –қарсы мағынада айтылатынсөздер

Е)Баяндауыш пен бастауыштың байланысы

4.Омоним сөздерді тап.

А)Ел үмітін ер ақтар в)Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма с)Баусыз оймақ қолда тұрмас д)!Қарақұс-жыртқыш құс е)Көңілі бұлақтай таза.

5. Омоним бола алмайтын сөзді тап.

А)шап в)үгіт с)сөк д)сақал е)хор

6. Омоним бола алмайтын сөзді тап

А)өзек в)от с)рахат д)қазы е)орыс

7.Омоним сөздер қатысқан сөйлемді тап.

а)Көңілі бұлақтай таза в)Сулы жер-нулы жер с)Көк алманы алма д)Қарақұс-жыртқыш құс

8.Омонимді тап.

а)Жерің шалғай, сөзің жалған болар ма? в)Ауыл отырған жайдан асықпай жайланып аттанды. с)Жиегі жайдақ айдын көл. д)Бар ғалам бір жақ, өзі бір жақ. е)Жайлауға ел қонды.

9. Омоним сөздерді көрсет.

а)Арман суға сүңгіді.Арман суда жүзді в)Жазда жидек піседі.Жаздық көйлек жеңіл с)Бүгін жақсы түс көрдім.Ақ түсті көйлек әдемі д)Аттар жайылып жүр. Бәйге аттары мәреден келді. е)Жаны ашымағанның басы ауырмайды.

10.Асты сызылған сөздер қатарын анықта.

Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың

а)Омоним в)Синоним с)ауыспалы мағына д)антоним е)көп мағыналы

11.Омонимді табыңыз.

а)Мектепте асхана бар.Қалам сөмкенің ішінде. в)Аттар жайылып жүр.Бәйге аттары көрінді. с)Бала түс көрді.Малшы аттан түсті. д)Жазда жеміс піседі.Жаздық киім алды. е)Қайық суда жүзеді.Асқар егін суарды.

Синоним
1.Синоним сөздерді көрсет.

а)Жақсы, тәуір, жақын в)Жалғасу, ұштасу, келісу с)Екпін,еңбек,табыс

д)Дидар, келбет,билік е)Лақап, қауесет,сыбыс

2.Синоним сөздерді көрсет.

а)Қыс, жаз, ескі в)Жаз,түс, алма с)Кір,көр, қор д)Қою,айна,көрме е)Аспан, әуе,көк

3. Синоним сөздерді тап.

а)Оқушы, ұстаз в)Бірлік, аласапыран с)Бұйымтай, қолқа д) Дәрігер, мұғалім е)Бірден, бірталай

4.Синонимдік қатарды көрсет.

а)Сұлу,керек,ақ в)Ер, шырайлы, тез с)Шыдам,сабыр,төзім д)Бақ,айла, жер е)Көрік,сөз, әдемі

5.Синоним сөздердің тізбегін көрсет.

а)Жұлдыз, планета в)Аспан, жер с)Адам, кісі д)Жуан, жуықта е)Құн, табыс

6.Синоним емес сөздерді көрсет.

а)Әсерлі,тартымды в)Әрең, зорға с)Әдемілеу,сәндеу д)Бағлан,бағдар е)Бағу, жаю

7. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Бүгін, биыл в)Ер, жуас с)Тақ,танау,күн д)Анық, айқын е)Жаз, тер, қаз

8. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Қанды ауыз, ашушаң в)Арып-талып, ашығып с)Ат төбеліндей,азын-аулақ д)Тұңғыш, орташа е)Көкпар тарту, атқа шабу

9.Синоним емес сөздерді көрсет.

а)Ақтау, майлау, әктеу в)Арай, шапақ с)Аласа,тапал,қысқа д)Асқабақ, асқазан е)Атқыш, мерген

10.Синонимдік қатары бар топты көрсет.

а)Дөкей, мықты, осал в)Епті, икемді, орашолақ с)Ескі, көне, жаңа д) Әдемі,сұлу, көркем е)Әзілкеш, қуақы, тұйық

11.Синонимдік қатарды көрсет.

а)Жазды, бақты, келді в)Тегіс, құйыс, кебенек с)Жолықты, ұшырасты, кездесті д) Ауылдас, мұңдас, қазық е)Сызық, жазық, балтыр

12.Синоним сөздердің тізбегін көрсет.

а)ағаш, бұтақ, жапырақ в)Ауыр, аусыл, адуын с)Тас, тау,шың д)Қайратты, қажырлы,қуатты е)Еңбек, абырой

13. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Хабар, хабарла в)Жалаң аяқ, жалаң қабат с)Аузын буған өгіздей, айқайлау д)Ыбырт жабылды, көз байланды, кеш түсті е)Үй жабдығы, киіз үй

14. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Бел бала, сқар бел в)Сабыр,шыдам, төзім, тағат с)Ат салысты, аты шулы д)Ерлік, ынжық, батыл е)Сынақ, сынаушы

15. Синонимдік қатарды көрсет

а)Тән, жан, озат в)Ерлік, батырлық, пәс с)Шыдам, төзім, тағат д)Оқы, таны, жалпақ е) Ерен, жабайы, жомарт

16.Синоним сөздердің тізбегін тап.



а)Болашақ, келешек в)Көтерем,семіз с)Ел,жер д)Хабар,ұсыныс е)Үй, жиһаз

17."Ауру" сөзінің синонимдік қатарын көрсет



а)Науқас,кесел в)Ауқат,алғып с)Арман,үміт д)Сау,мықты е)Абайлау, абыржу

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
1.Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет.

а)Терең су в)Ойлы адам с)Жеңіл жүк д)Сергек адам е)Таяз түсінік

2.Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсет

а)Қалың қол в)Қалың кітап с)Қалың жаңбыр д)Қалың ел е)Қалың мал

3.Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Өңі қуарып, әлсіреп қалыпты в)Өкпесі өшіп, әлсіреген балапан ұша алмады с)Мылтық даусы әлсіреп естілді д)Қазақ тілі әлсіреуге тиіс емес

е)Боранның уілдеген үні әлсірей бастады

4.Ауыспалы мағынаны көрсет.

а)Аңшылар аңға шықты в)Аңшы адамға ыңғайлы киім керек с)Ол өзі аңшы, мерген адам д)Өлеңді қуып жүрген мен бір аңшы е)Түлкі қуған аңшыдай із кестім

5. Сөздің тура мағынасын тап.

а)Құлагер, әкең- тұлпар, шешең-сұңқар в)Абайдың әкесі-Құнанбай с)Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің д) "Әкем-ау, оқып берші",-деді атасы немересіне е)Ұрғанның көкесін көрсетемін

6.Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Алыс,жақын бәрін де саралаған ерімсің в)Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме с)Сәлем алысқаннан кейін үйге кірді д)Мұнда ақын өзінің ізденімпаз бет алысын танытты е)Олар майданда жаумен алысты

7.Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Күмбез төбесі ағарып тұр в)Ағарыпты шашымыз с)Таң бозарып ағарды д)Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып шығады е)Таң ағарғанша ояу отырдық

8.Тура мағыналы сөзді көрсет.

а)Қара жұмыс в)Қарақағаз с)Қара көйлек д)Қара сөз е)Қара ниет

9.Тура мағыналы сөзді тап.



а)Адамның көзі в)Ол балық көзденді с)Матаның көзі бар д)Көз қырын сал е) Балаларғакөз болды

10.Ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөзді тап.



а)Істің ақ,қарасы тексерілді в)Қызыл шапан с)Қара киім д)Ақ көйлек е)Жігерлі адам

11.Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Пальтоның омырауы аңырайып ашылып кетіпті в)Аңқиып,саңқиып қоралары тұр с)Омырауы аңқиған жалаң аяқ бала тоқтай қалды д)Аңқиып көше халқы қарасады е)Үй төбесіне шиФер жоқ, аңқиып жабылмай тұр

12. Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Оқушы әліппесін ашты в)Әліппе-ең алғашқы оқулық с)Әліппені бірге оқиық д)Шахматтың әліппесін үйрену керек е)Әліппедегі бірінші әріп-"А"

13. Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Алтын теңге шығарылды в)Ұйықташы,жаным,алтыным с)Алтын алқа сатып алды д)Әр ақылымның бағасы мың алтын динар е)Алтын-пайдалы қазба

14. Тура мағыналы сөзді көрсет

а)Жылқы жылы в)Жылы өң с)Жылы сөз д)Су жылы е)Жылы жүзді

15. Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Қалған ас итке төгілді в)Суық жаңбыр төгіп өтті с)Қадиша күл төкті д)Домбырадан күй төкті е)Шәугімдегі судың қалғанын төкті


Диалект және кәсіби сөздер
1.Диалект болатын сөздер

а)шалбар,көйлек в)жөткіру,сым с)нарық,делдал д)кіреуке,малта

е)бекіре,шортан

2. Кәсіби сөздер қанша салаға бөлінетінін көрсетіңіз.

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

3.Түйе шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер.

а)футбол,ғарыш.делдал в)садақ,жебе,бәйбіше с)нар,қоспақ,үлек

д)жанр,арнау,эпилог е)үшбұрыш,қосу

4.Диалект сөзді табыңыз.

Асқаров Мараттың баратын жері алыстұғын.

а)Асқаров в)Мараттың с)баратын д)жері е)алыстұғын

5.Кәсіби сөздер қанша салаға бөлінеді?

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

6."Атыз" сөзінің қай қатарға жататынын анықта.



а)Кәсіби сөз в)Диалект с)Көп мағыналы д)Ауыспалы сөз е)Омоним

7.Диалект сөзді көрсет

а)Әрлі-берлі в)Кәсіпкер с)Сәукеле д)Ұжым е)Маңлай

8.Диалект сөзді тап.



а)Опан в)Атыз с)Қарық д)Алтын е)Арық


Көп мағыналы сөз
1.Көп мағынаға ие болатын сөз.

Ол пышақтың жүзін қайрап әкелді.

А) ол В)пышақтың С)жүзін Д)қайрап Е)әкелді

2.Көп мағынаға ие бола алатын сөз:

Матаның көзі бар екен,байқа.

А)матаның В)көзі С)бар Д)екен Е)байқа

3. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсет

Бәрін қойып ашық әңгімеге көшейік.

а)Әңгімеге в)Ашық с)Бәрін д)Кірісейік е)Қойып

4. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсет

Дүниенің кілті қолыңда, талабыңнан танба.

а) қолыңда в) талабыңнан с) кілті д) танба е) дүниенің

5.Көп мағыналы бола алатын сөз

а)Мал өрісте в)Оқуды басынан жақсы оқу керек еді с)Күлкім тыйылмады д)Дәптерді сумкаға сал е)Дәптерің менде




Басқа тілден енген сөздер.Терминдер.Көнерген сөздер.Күрделі сөздер.
1.Қазақшаға аударылған кірме сөзді тап.

а)Ақа в)Хан с)Кебеже д)Тікұшақ е)Диалект

2.Термин сөздерді тап.

а)Ақыл, ауа в)Екіден, үштен с)Теңеу, синус д)Кел, жүз е)Қыс, жаз, күз

3.Күрделі сөзді тап.

а)Аруақ ату в)Жүрегінің түгі бар с)Құдыққа суға бару д)Қол-аяғы балғадай е) Жүзден отыз бес

4.Көнерген сөздер қатары

а)Ассонанс, аллитерация в)Көсек, құлақ с)Қорамсақ, күйме д)Аренда, серіктестік е)Меридиан, экватор

5.Күрделі сөзді анықта

а)Киноны көр в)Оқыған озады с)Асық жілік д)Тілі күрмелді е)Қып-қызыл шоқ

6.Көнерген сөзді тап.

а)Ақ көйлекті, таяқты ақсақал шығар бір жақтан в)Күн бұлыңғыр тартып тұр с)Вокзалдан қашық тұрады д)Өгіз терісі талыспын е)Жақсыдан үлгі-өнеге алайық

7.Күрделі сөзді көрсет

а)Сап-сары гүлдер в)Ал қара көк с)Қара ниет адам д)Жаны ашу е)Шаруа басты әйел

8.Терминдерге тән белгі

а)Көнерген сөздер болады в)Жаңа сөздер с)Кәсіби сөздер д)Ғылым мен техника салаларындағы сөздер е)Белгілі мекенде қолданылатын сөздер

Күрделі сөзді көрсет

а)Жолдас в)Аялдама с)Бүгін д)Ақылды е)Күзгі

9.Күрделі сөзді тап.

а)Көгілдір в)Өңіржиек с)Миллион д)Таласты е)Оқушылық

10.Күрделі сөзді тап.

а)Таза үй в)Мәдениет сарайы с)Үлгілі оқушы д)Отыз оқушы е)Мәдениетті адам

11. Күрделі сөзді тап.

а)Қалаға келу в)Ұзын ағаш с)Он бала д)Жақсы кітап е)Қара торы

12. Күрделі сөзді тап.

а)Отыз бестерге жуық в)Ертеңгі ас с)Ит арқасы қиянда д)Тізесін бүкті е)Қос қазақ

13.Орыс тілінен енген сөз қатарын көрсет

а)Кеще в)Басшы с)Щетка д)Ащы е)Тұщы

14.Термин сөздерді тап.

а)Жоғары-төмен в)Жарнама, жалақы с)Доға,ойыл д)Мәсі,кебіс е)Проза,поэзия

15.Термин сөзді тап.

а)Қарындас в)Жолдас с)Эпитет д)Қызықты е)Қызғылт

Мақал-мәтел
1.Мақалдағы көркемдік тәсілдің бірі қайсы?

а)Лирика в)Романтика с)Гипербола д)Литота е)Әсірлеу

2.Мақалды анықта

а)Ит арқасы қиянда в)Қалауын тапса қар жанар с)От тілді, орақ ауызды д)Сабақтардың сабағы- әдебиет пен тіл е)Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.

3.Сөз мәйегі, асылы саф алтын-не?

а)Шешендік сөз в)Аңыз с)Ертегі д)Жұмбақ е)Мақал-мәтел

4.Ұлық болсаң, кішік бол бұл мақалда не туралы айтылған?

а)Еңбек в)Туған жер, Отан с)Тіл, өнер д)Тәлім-тәрбие е)Батырлық, ерлік




Неологизм.Архаизм.Историзм.
1. Неологизм сөздерді тап

а)Махаббат, тұрмыс, төлқұжат в)Ел,елдік,азаматтық с)Ана,әке,ата д)Жүз,күз,ет е)Делдал, құжат, сұхбат

2. Архаизмді тіркесті тап

а)Жол үсті в)Жазық дала с)Қиын сөз д)Күпі киді е)Сөз құдіреті

3.Архаизм сөздерді қай қатарға жатқызамыз?

а)Омоним в)Синоним с)Эвфемизм д)Көнерген сөз е)Табу

4.Историзм мен архаизмге қарама-қарсы сөздер

а)Кәсіби сөз в)Термин с)Неологизм д)Диалект е)Жалпылама сөз


Морфология. Сын есім.
1. Күрделі сын есімнің жасалу жолын көрсетіңіз.

а)Зат есімдер қосарланып келген жағдайда; в)Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнен; с)Бір сөздің қайталануы не қосарлануы; д)Күрделі сан есімдерден; е)Септік қосымшаларынан;

2. Сын есім сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңыз.



а)Анықтауыш; в)Пысықтауыш; с)Баяндауыш; д)Бастауыш; е)Толықтауыш;

3. Дара сын есімді көрсетіңіз.



а)Қонымды; в)Қып-қызыл; с)Аппақ; д)Көкпеңбек; е)Өткір көзді;

4. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.



а)Көк; в)Сабырлы; с)Ешкім; д)Нашар; е)Биік;

5. Төменгі үй. Сын есім түрін белгілеңіз.



а)Негізгі; в)Қатыстық; с)Күрделі; д)Салыстырмалы; е)Сапалық;

6. Сын есімдерді көрсетіңіз.



а)Сырбаз, өнерлі, үп-үлкен, талапты; в)Елең-алаң, үстірт; с)Ақ боз ат, ақсақал кісі, д)Жол-жөнекей, ертелі-кеш; е)Сырт-сырт, шыр-шыр;

7. Заттанған сын есім – сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.



Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

а)Баяндауыш; в)Пысықтауыш; с)Анықтауыш; д)Толықтауыш; е)Бастауыш;

8. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.



а)Сап-сары; в)Кішкене; с)Сарыақ; д)Бозғылт; е)Күзгі;

9. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.



а)Шоқпардай; в)Еріншек; с)Әдемі; д)Ақылды; е)Алпамсадай;

10. Салыстырмалы шырайды табыңыз.



а)Қуаңдау, көкшіл; в)Ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы; с)Орасан зор, тым әлсіз; д)Өте ауыр, ең тамаша; е)Биік үй, ауыр жүк;

11. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.



а)Түнгі ауа; в)Қызыл алма; с)Сары ала көйлек; д)Шырайлы сұлу; е)Тәтті қант;

12. Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.



Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.

а) Пысықтауыш; в)Баяндауыш; с)Толықтауыш; д)Бастауыш; е)Анықтауыш;

13. «Шілтім, ғыл» - сын есімнің қай шырайының қосымшасы?



а)Жай шырай; в)Шырай; с)Салыстырмалы шырай; д)Асырмалы шырай; е)Күшейтпелі шырай;

14. Күрделі сөзді табыңыз.



а)Отыз бестерге жуық; в)Ертеңгі ас; с)Ит арқасы қиянда; д)Тізесін бүкті; е)Қос қазақ;

15. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.



а)Аса үлкен; в)Көгірек; с)Әп-әдемі; д)Көкшілтім; е)Қалалық;

16. Септеулі сын есімді көрсетіңіз.



а)Сүйікті апасы келді; в)Екі-екіден отырыңдар; с)мейірімсіздердің жолын кесу керек; д)Орындық ретімен қойылды; е)Орталыққа бармын;

17. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.



а)Бөлмеге жас әйел кірді; в)Басы күндегідей ыстық емес,қоңыр салқын; с)Қара торы келіншек екен; д)Ала шапанды,сәлделі бір жат адамды көрдің бе? е)Ақ қардың үстінде шанамен екі адам келе жатты;

18. «Өте»сөзінің сын есіммен тіркесіп келуінен болатын шырай түрін атаңыз.



а)Шырай; в)Жай; с)Асырмалы; д)Күшейтпелі; е)Салыстырмалы;

19. Шығыс септігіндегі заттанған сын есім – сөйлемнің қандай мүшесі.



Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.

а)Толықтауыш; в)Баяндауыш; с)Бастауыш; д)Пысықтауыш; е)Анықтауыш;

20. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.



а)Сізге телеграмма бар; в)Бейсен Жомартпен қайтты; с)Білгенге жол бос; д)Үш жұрттың тілін білген – өзгеден үш есе биік тұрады; е)ескіге жаңа өлшеуіш;

21. Күрделі сөзді табыңыз.



а)Техникамен жабтықтау; в) Балалармен әңгімелесу; с) Қою қара сақалды; д)Ақ алмас; е)Азуы алты қарыс;

22. Сын есім- сөйлемнің қандай мүшесі екнін анықтаныз.



Оның айтқанының бәрі орыңды.

а)пысықтауыш; в)баяндауыш; с)бастауыш; д)анықтауыш; е)толықтауыш;

23. Дара сын есімді көрсетіңіз.



а)Үлкенді-кішілі,ақтылы-қаралы; в)Ақ көйлек,қара қалпақ; с)Қара бурыл,ұзын сақалды; д)Көк көйлек,ұзын бойлы; е)Ақ шабдар,қара ала;

24. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыныз.



а)Қорқақ; в)Үстеме;с)Болғандықтан; д)Өлкелік; е)Әдеп;

25. Сын есімнен жасалған күрделі сөзді табыңыз.



а)Кең маңдайлы; в)Жасыл шөп; с)Үйге келу; д)Қатты күлу; е)Көк байрақ;


Зат есім


  1. Пысықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

А) Төрт бөлмелі ағаштан салған үй.

В) Сарыарқаның бейнесі өзгерді.

С) Даусынан сыр алғызды.

D) Әсет далада ойнап жүр.

Е) Қара көк қамыстар мұнартады.


  1. «Гүріл» деген туынды зат есім қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз:

А)Одағайдан

В) Шылаудан

С) Еліктеу сөзден

D) Етістен

Е) Үстеуден.


  1. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

А) Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.

В) Ойлаған мақсатына жетті.

С) Ендігі кезек сендердікі.

D) Астанаға көшіп келген.

Е) Әркімге сыр айту қателік.


  1. Біріккен зат есімді табыңыз.

А) Ата

В) Белбеу

С) Ешкім

D) Бала –шаға

Е) Сары май


  1. Зат есім жұрнақтарының бөліну түрлерін көрсетіңіз.

А) 1

В) 2


С) 4

D) 3


Е) 5

  1. Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

А) Қызыл

В) Таныл


С) Айыл

D) Ырыл


Е) Жазыл

  1. Туынды зат есімді көрсетіңіз.

А) Созба

В) Кетті


С) Күшейтпелі

D) Табиғи

Е) Жеңілдік


  1. Негізгі зат есімді анықтаңыз.

А) Білім

В) Жақсылық

С) Бұрғы

D) Қойшы


Е) Адам

  1. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Боран

В) Сана


С) Қызметкер

D) Кітап


Е) Белдік

  1. Күрделі зат есімді көрсетіңіз.

А) Шаруашылық

В) Ертеңгі

С) Қызыл ала

D) Қасым Аманжолов

Е) Егемен


  1. Мына жалқы есімді қай қатарға жатады.

«Құлагер»

А) Проза аты

В) Роман

С)Повесть

D) Әңгіме

Е) Поэма аты



  1. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.

А) Сегіз

В) Бауырсақ

С) Күшті

D) Қызғылт

Е) Кел


  1. Түрленбейтін сөзді табыңыз.

А) Есімше

В) Етістік

С) Белгісіздік есімдік

D) Одағай

Е) Үстеу


  1. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз.

А) Тарбағатай

В) Су


С) Мекеме

D)Мемлекет

Е)Жер


  1. ҚазМҰУ – сөзін жатқызуға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Дара сөз

В) Туынды сөз

С) Дерексіз сөз

D) Күрделі сөз

Е) Жалпы сөз


  1. Жалқы есімді табыңыз.

А) Мемлекет

В) Үкілі Ыбырай

С) Орталық басылым

D) Педагогикалық университет

Е) Ауыл мектебі


  1. Заттың жалпы атауын беретін жалпы сөзді атаңыз.

А) Бала

В) Жетісу

С) Ақсүйек

D) Қасым


Е) Қаратау

  1. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

А) Балалар бақшасы

В) Ертеңгілік

С) Адамға

D) Болашақ

Е) Азамат


  1. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз.

А) Таразы

В) Тараз


С) Шілде

D) Ақпан


Е) Көлік

  1. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.

А) Ауылдың маңы, өзеннің қасы.

В) Торғайдың жұмыртқасы, тауықтың балапаны.

С)Салт атты, қарлы борасын.

D) Назымның әжесі, Талғаттың досы.

Е) Болаттың жағасы, гүлдің жапырағы.


  1. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есімді көрсетіңіз.

А) «балдырған » журналы

В) Балдырған журналы

С) Менің атым Қожа хикаяты

D) «абай жолы» романы

Е) «Абай жолы» романы


  1. Көмекші есімді ажыратыңыз.

А) Ауыл

В) Тау


С) Өзен

D) Кітап


Е) Маңы

  1. Ағаш, қала, институт сөздері жататын қатарды көрсетіңіз.

А) Дерексіз

В) Күрделі

С) Туынды

D) Жалпы есім

Е) Жалқы


  1. Көмекші есімді табыңыз.

А) Ала жаздай

В) Бейбіт өмір

С) Сексен бес

D) Қала арасы

Е) Бақытты балалық


  1. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А) Ердің сыншысы – елі

В) Қазақстан Республикасы

С) Тарбағатай өңірі

D) Ертіс маңы

Е) Нұра өзені


  1. Деректі зат есімнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Бір тектес заттардың ортақ атауы.

В) Кісі аттарына байланысты атаулар.

С) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.

D) Құбылыстың атын білдіретін сөз

Е) Оймен танылатын сөздің атауы


  1. Морфологияға тән атауды атаңыз.

А) Термин

В) Жалпы есім

С) Сатылы бағыңқы

D) Екпін


Е) Синоним

  1. Зат есімнен зат есім тудырушы жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

А) Қырғыш

В) Мінбе


С) Қойшы

D) Сызық


Е) Күйзеліс

  1. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.

А) Тұсы, тарағы

В) Төбесі , бұрғы

С) Маңы, жеңіл

D) Жаны, арасы

Е) Ортасы, жүрісі


  1. Жалпы есімді табыңыз

А) Майра

В) Көл


С) Құлагер

D) Қарағанды

Е) Алматы

Етістік
1. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

а)Білмек болды; в)Келіп еді; с)Айтқан болатын; д)Оқып отыр; е)Ойнап кетер;

2. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.



а)Байқаусызда сүрініп кетті; в)Пойыз уақытында келді; с)Келетін күні-ертең; д)Сара қуанды; е)Жиырма-тақ сан;

3. Етістіктен етістік тудырып тұрған жұрнақты табыңыз.



а)Бұрғы; в)Тарсыл; с)Ойпат; д)Құйыл; е)Баспасөз;

4. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.



а)Келсе игі еді; в)Келіңдер, келсін; с)Барсам, болса; д)Келермін, бара жатырмын; е)Алса екен, естігей еді;

5. Етістіктің ауыспалы келер шақ жасап тұрған түрін табыңыз.



а)Билер; в)Билеген; с)Билейтін; д)Билемек; е)Билейді;

6. Болымды етістікті табыңыз.



а)Көрмейді; в)Келген жоқ; с)Келмес, д)Бермес; е)Оқыды;

7. Түбір етістікті табыңыз.



а)Барғыз; в)Жи; с)Сөйлет; д)Айтыстыр; е)Келтір.

8. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.



Жақсының қасиеті - жарастыру,

Жаманның қасиеті -т аластыру.

а)Толықтауыш; в)Бастауыш; с)Анықтауыш; д)Баяндауыш; е)Пысықтауыш;

9. Болымсыз етістік жұрнағы бар тұйық етістікті көрсетіңіз.



а)Бармау; в)Баққызу; с)Келу; д)Жүргізу; е)Терісу;

10. Жедел өткен шақ етістікті табыңыз.



а)Көрді; в)Көр; с)Көреді; д)Көргіш; е)Көрмек;

11. Есімшенің септелген түрін көрсетіңіз.



а)Береке, немере; в)Күліп, барғансың; с)Сонау, аналардың; д)Оқуға, сенімен; е)Береріме;

12. Тұйық етістік жұрнағын көрсетіңіз.



а)-еу; в)-ау; с)-і; д)-ы; е)-у;

13. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.



а)Ертегі тыңдағанды жақсы көремін; в)Ол жығылып қалды; с)Марат күліп жіберді; д)Еңбек етсең, есейерсің; е)Табиғат - біздің досымыз;

14. Етістіктің болжамды келер шақ түрін табыңыз.



а)Қарамақпын, в)Қарағансың; с)Қарармын; д)Қарама; е)Қарадым;

15. Етістіктің сұрағын табыңыз.



а)Не істейді?; в)Қанша? Қайда?; с)Неге? Кім?; д)Кім? Не?; е)Қандай? Не?;

16. Есімше тұлғасындағы сөзбен тіркескен етістікті табыңыз.



а)Кең жайлау; в)Айтқаны келер; с)Атты адам; д)Мөлдір өзен; е)Алтын сағат;

17. Етістік райларының қанша түрі барын табыңыз.



а)6; в)4; с)3; д)5; е)2;

18. Өздік етісті табыңыз.



а)Жудырды; в)Жудыртты; с)Жуыңды; д)Жуғызды; е)Жуылды;

19. Ырықсыз етісті табыңыз.



а)Танысты; в)Жуылды; с)Орынды; д)Жәбірледі; е)Айтқыз;

20. –ды, -ді, -ты, -ті – етістіктің қай шағының жұрнағы?



а)Көмекші етістік; в)Ауыспалы шақ; с)Осы шақ; д)Өткен шақ; е)Келер шақ;

21. Күрделі етістікті табыңыз.



а)Көбірек алды; в)Келе жатыр; с)Біршама бар; д)Жүр; е)Әзер берді;

22. II жақ көпше түрінде тұрған етістік.



а)Жатырмын; в)Жатырсыз; с)Жатырсыңдар; д)Жатырсың; е)Жатырмыз;

23. Есімшелі сөзді көрсетіңіз.



а)Барар, қайтқан; в)Жазғалы, оқыпты; с)Төрттен бір; д)Айта бер; е)Таны, есті;

24. Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.



а)Қарады; в)Қарайып; с)Қарапты; д)Қарайтын; е)Қарағалы;

25. Көсемшені көрсетіңіз.



а)Есқали; в)Жазалы; с)Сатқалы; д)Қалы көп қыз; е)Айтқали;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет