Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшауландыру және бейімдеу орталығы



бет12/19
Дата25.12.2016
өлшемі6,52 Mb.
#5253
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшауландыру және бейімдеу орталығы
Осылайша, балалардың құқықтарын қорғау іс-әрекеті мынадай проблемалардың басын ашты.

Қазақстан үшін әлі күнге дейін баланың отбасына құқығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда. 17 мыңнан астам балалар бар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінде интернаттық мекемелердің болуы осының айғағы болып табылады.



Бала асырап алу, соның ішінде шетелдік бала асырап алу жүйесі өзінің реттелуі мен жетілдірілуін талап етеді. Қазақстанның заңнамасы шетел азаматтарына қазақстандық жетім балаларды асырап алуына мүмкіндік береді, бірақ жүйе айқын емес. Шетелдік бала асырап алумен Қазақстанда аккредиттелмеген және қазіргі кезде қызметіне тыйым салынған халықаралық агенттіктер айналысуда. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылау тиісті шамада жүзеге асырылмайды. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынған балардың бақылауын қамтамасыз ету міндеті жүктелген шет мемлекеттердегі Қазақстанның консулдық мекемелерінде консулдық штат санының аздығына байланысты толық көлемде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ.

Қазіргі кезге дейін патронат жүйесі жан-жақты дамымай отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 51 294 баланың ішінен 948 бала патронаттық тәрбиелеуге берілген (http:www.edu.gov.kz).



Балалардың ата-аналарының асырап-бағуына құқығын іске асыру күрделі проблема болып қалуда. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен шағымдарға жасалған талдау балаларды асырап-бағуға берілетін алименттердің төленбеуі де кездесіп отырған проблемалар екенін айғақтайды.

Қазақстанда балалар еңбегін пайдалану проблемасы орын алған. Ауыл шарушылығы саласында, экономиканың шартты емес секторында балалардың құқықтарының бұзылуы туралы бұқаралық ақпарат құрылдарындағы тұрақты мониторинг, құқық қорғау органдарының ресми мәлімдемелері айғақтайды.



Баланың құқықтарын қорғау баланың ең жақсы мүддесін қамтамасыз етуде маңызды болып табылады. Келіп түскен өтініштерді талдау және балалар мекемесіне, бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі осы салада бірқатар проблемалардың кездесетінін көрсетеді. Балаларға қатысты олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде кешенді тәсілдер қолданылмайды, қазіргі кезге дейін барлық санаттағы балаларды қамтитындай бағдарламалық құжат қабылданған жоқ.

3.2. Әйелдердің құқықтарын қорғау және қолдау
Өтініш берушілердің гендерлік құрамы алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда пайыздық ара қатысы шамамен бірдей болып отыр. Уәкілге әйелдер жиі жүгінеді.

2007 жылы Уәкіл аппаратына әйелдерден 546 жазбаша өтініш келіп түсті, шағымдардың жалпы санынан 43 % құрайды. Әйелдер ер адамдарға қарағанда ауызша өтінішпен жиі жүгінеді: 398 адамның ішінен 249-ы – әйелдер.

Балалардың, әлеуметік құқықтарын, соның ішінде тұрғын үй құқықтарын қорғауды өтіну әйелдер үшін тән болып табылады. Жыл сайын Уәкіл апаратына түскен әйелдердің өтініштерінің едәуірі бұрынғы күйеулерінен балаларын асырап-бағуға алименттерін өндіру проблемасына қатысты.

Әйелдердің құқықтарын қорғау мен көтермелеу мәселелері халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында, сондай-ақ ағартушылық іс-шаралар шеңберінде талқылау мәніне айналды.

Есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Орталық Азияда адамның құқықтарын күшейту» ЕҚЫҰ ДИАҚБ жобасының сарапшыларымен, Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі халықаралық орталықтың өкілдері Мария Холчакпен, Винченца Назаримен, Қазақстандағы Эквитас өкілі Татьяна Маркинамен және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Адамзаттық өлшем бөлімінің меңгерушісі Эуджение Бенинимен кездсуі болды. Кездесу барысынла Қазақстанда 2007 жылғы қыркүйек пен 2008 жылғы наурыз аралығында іске асырылатын «Қазақстанда әйелдердің құқықтарының мониторингі» жобасының мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жобаның негізгі мақсаты ретінде мемлекеттің ісін басқаруда әйелдердің құқықтарын жылжыту қажеттігін айқындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бейінді комитеттерінің, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес сектордың, ғылыми қауым, БАҚ өкілдерін жобаға қатысуға тартуды ұсынды. Винченца Назари өз кезегінде омбудсменің ұсыныстарын қолдап, жобаның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі комитеттің Қазақстанға берген Қорытынды ұсынымдарды Қазақстанның орындауы аясында іске асырылатынын атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкері қатысқан іс-шаралардың бірі КЮННЮС Қауымдастығы (Финляндия) қолдауымен «Шырақ» мүгедек әйелдердің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында және Орталық Азияда мүгедек әйелдер қозғалысын дамыту» дөңгелек столы болды.

Дөңгелек столдың жұмысына Парламенттің, орталық атқарушы органдардың өкілдері, КЮННЮС қауымдастығы «Қазақстанда және Орталық Азияда әйелдер қозғалысын дамыту» жобасының үйлестірушілері, Астана қаласындағы мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасында мүгедектерге қатысты заңнама мен саясат, мүгедек әйелдердің ҚР Үкіметі жанындағы Мүгедектердің ісі жөніндегі үйлестіру кеңесіне қатысу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі мәселелері өзектендіріліп, Финляндияның мүгедек әйелдері қозғалысының тәжірибесі қарастырылды, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы мүгедек әйелдер ұйымының қызметі жария етілді, Мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғау және көтермелеу туралы конвенцияның ережелері өзектендірілді. Бұдан басқа, дөңгелек стода тұрғын үй мәселелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алу мәселелері, еңбекке орналасу мәселелері, сондай-ақ мүгедектерге жеңілдіктерді қайтару мәселелері де пікір-таласқа тақырып болды.



Сараптамалық-талдау қызметі шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен әзірленген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының екінші мерзімді баяндамасын қарау қорытындысы бойынша Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің қорытынды ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар дайындады.

Атап айтқанда, Комитеттің қорытынды ескертулерінде Конвенция, Факультативтік хаттама бойынша ресімдер, Комитеттің жалпы ұсынымдары мен қорытынды ескертулері туралы ақпаратты тартуға өте белсенді шаралар қабылдау ұсынылған.

Көрсетілген мақсаттарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ер адамдар мен әйелдердің теңдігі мәселелері жөнінде БҰҰ-ның нормативтік құқықтық актілерінің жинағын дайындауды ұсынды. Жинаққа кейіннен мемлекеттік органдарға, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарына, адвокаттар, судьялар, үкіметтік емес ұйымдар арасында тарату үшін жоғарыда санамаланған барлық құжаттар енгізіледі.

Комитеттің ұсынымдары әйелдерге қатысты зорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, соның ішінде «Тұрмыстық зорлық туралы» заңның қабылдануын тездету қажеттігіне де қатысты. Комитет тұрмыстық зорлықтың құрбандары болып табылатын барлық әйелдерге қорғау ордері берілетіндей және көмек сұрап келу, заң жағынан да сұра үшін дағдарыс орталықтары жеткілікті болатындай құқықтық қорғау құралдарына тікелей қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлықтың таралу ауқымын, себептері мен салдарын зерттеуше және алынған нәтиженің негізінде кешенді әрі атаулы іс-шаралар өткізуге шақырады.

Әйелдерге қатысты зорлықтың түрлі нысандарының таралу ауқымын айқындау мақсатында жүргізілген зерттеулердің саны 1990-шы жылдардың екінші жартысында едәуір өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2006 жылға баяндамасына сәйкес әйелдерге қатысты зорлық туралы бір сауал 71 елде өткен және бір бүкілхалықтық сауал 41 елде өткізілген. Сонымен бірге тек аз ғана ел әйелдерге қатысты зорлық туралы ақпаратты тұрақты жүргізеді. Мұндай ақпарат болып жатқан өзгерістерді бақылауға мүмкіндік берер еді.

Барлық халықтар тұрғысында әйелдерге қатысты зорлық туралы ақпаратты алудың ең сенімді әдісі халықтан немесе үйдегі адамдардан сауал алу деп есептелінеді. Оның көмегімен әйелдерден басынан кешкен зорлықтары туралы мәліметтер алынады. Әйелдер зорлық туралы билік орындарына хабарласын-хабарламасын, сауал кезінде әйелдердің тәжірибесі ескерілетіндіктен, мұндай зерттеулер биліктің ресми мәліметтеріне қарағанда неғұрлым дәл картинаны береді.

Осы мән-жай оларды әйелдерге қатысты зорлық ауқымын анықтау, уақыт кезіндегі беталыстардың мониторингі, халықтың сауалдың мәні туралы хабардар болуының өсуі және іс-қимыл жоспарларын әзірлеу үшін өте құнды етеді. Сауалдар әйелдерге қатысты зорлықтың алдын алуда құнды ақпарат береді және мемлекет ақпараттың сапасы мен көлеміне қажеттілікті қанағаттандыруға тиісінше көмектесетін мұндай тәсілдерді пайдалануды ынталандыруға тиіс.

Қазақстанда жүргізілген мұндай зерттеуге мысал ЮНИСЕФ-тің, ЮСАИД-тің, ЮНФПА-ның, ХЕҰ-ның және Қазақстандағы БҰҰ-ның үйлестіруші Резиденті қорының техникалық және қаржылық қолдауымен 2006 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізген «Балалар мен әйелдер жағдайының мониторингі» туралы алдын ала есеп болып табылады. Есептің деректеріне сәйкес 15-49 жастағы әйелдердің 10,4 % мынадай себептердің бірі бойынша:



  • егер әйел күйеуін ескертпестен, үйден біраз уақытқа шығып кетсе;

  • балаларына дұрыс қарамаса;

  • күйеуіне қарсы келсе;

  • онымен жыныстық қатынастан бас тартса;

  • егер оның тамағы күйіп кетсе, серіктесінің әйеліне қол көтеруге мүмкіндігі барын мойындады.

Осы тұрғыда ең тұрмысы төмен облыс Қызыорда болып табылады. Әйелдердің 47,6 % мұндай мүмкіндікті мойындады (оның 28,6 % күйеуінің онымен қарсыласқан жағдайда әйеліне қол көтеруге құқылы деп есептейді). Әйелдердің көпшілігі (7,1 %) аналық міндеттеріне салақ қарағаны және балаларын дұрыс күтіп-бақпағаны үшін әйеліне серіктесінің қол көтеруге құқығының мүмкіндігін мойындады. Серіктесінің тарапынан үйде зорлыққа ұшыраған сауал алынған әйелдер мен осындай ахуалға жол берген қалалық және селолық аудандардғы әйелдердің көзқарасы тұрғысында заңдылығын тудыратын себептердің бір-бірінен айырмашылығы жоқ.

Жазылғандарды ескере отырып, отбасында ер адамдар мен әйелдер ролінің таптаурындығын бекітетін әлеуметтік және дәстүрлі мінез-құлық үлгілерін жою, сондай-ақ адамның құқықтарын өрсеткел бұзу ретіндегі әйелдерге қатысты зорлық туралы түсінікті тарату үшін күш салу қажет.

Комитеттің қорытынды ескертулерінде Қазақстанға тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер туралы заң жобасын кешіктірмей қабылдау, сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою үшін шаралар қабылдау және әйелдер мен ер адамдардың заңдық және нақты теңдігін қамтамасыз ету, Конвенцияның қағидаттарын заңнамада, саясатта және бағдарламада толық көлемде қолдану, өлшенетін көрсеткіштерді пайдалана отырып, осындай заңдардың, саясаттың және бағдарламаның тиімділігін қарау, әйелдер мен ер адамдардың нақты теңдігін іске асыруда қол жеткен прогреске баға беру ұсынылды.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан Республикасында гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарын дәне бостандықтарын қамтамасыз ету, Қазақстанның Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық міндеттемелерге сәйкес, сондай-ақ елде қалыптасқан ахуалды ескере отырып, олардың іске асырылуы үшін тең мүмкіндіктер жасау бойынша бағыттар мен міндеттерді айқындайды.

Қазақстандағы әйелдер жағдайының түрлі қырлары туралы айтқанда, әйелдердің әлеуметтік проблемаларын шешуге және өмір сүру деңгейін арттыруға қолайлы әсер ететін қазақстандық экономиканың оң қарқыны туралы айтпай өтуге болмайды. Қазақстан Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдлауында баланы күтіп-бағатын әйелдерге қажетті ма ериалдық қолдау көрсетуді қосқанда, ана мен баланы қорғау жөніндекезекті іс-шаралар кешені қалыптастырылған.

Әйелдердің жағдайын жақсарту саласындағы ілгерілеушіліктерге қарамастан гендерлік проблема бүгін де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қызметкердің іскерлік қасиетіне байланысты емес белгілер бойынша жұысқа қабылдаудан бас тартуға жол бермейтін нормалардың болуы әйелдерді кемсітушіліктен құтқара қойған жоқ. Қазіргі кезде еңбек заңнамасы едәуір дәрежеде отбасылық міндеттерімен ауыртпалықтары жоқ қызметкерге бағытталған. Қызмет сатысы бойынша жоғарылау көбінесе нормадан нормаланған жұмыс уақытынан артық жұмыстың қажеттігіне немесе аса жоғары қарқынға байланысты. Сонымен бірге кәсіби мансап үшін аса маңызды уақыт қиындысы, әдетте, отбасында жасы кіші балалардың дүниеге келуімен және үйде тындыратын істердің көптігімен тұспа-тұс келеді. Мұндай жағдайда бірінші кезекте аталған проблемаларды иығымен көтеріп жүрген әйелдер кәсіби дағдыларын және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттігін жоғалтады.

Отбасында және үй шаруашылығындағы міндеттерді әйелдер мен ер адамдардың арасында тең бөлу ер адамдардың «ата-аналар» демалысына кетуге қызығушылығын арттыратындай бағдарламалардың негізінде болуға тиіс.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы мен қызметкерлері Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екі отырысына қатысты. Отырыстарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.

Осы Жоспардың 14-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ әзірлеген адамдарды сату құрбандарын ұлттық деңгейде қайта бағыттау тетігін Қазақстан Республикасында енгізу шарттары бойынша ұсыныстар даярлап, Үкіметке енгізді.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ басшылығына сәйкес қайта бағыттаудың ұлттық тетігі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық құрылым болып табылады. Оның шеңберінде адамдарды сату құрбандарын сәйкестендіру және оларды көмек көрсету, қорғау және мониторинг үшін мамандандырылған құрылымдарға біртіндеп қайта бағыттау қамтамасыз етіледі.

Қайта бағыттау тетігінің тұжырымдамасы құрбан деп есептелетін адамға алдымен қажетті көмекке және өзінің құқықтары туралы ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беруді, содан кейін оған қарсы жасалған қылмыс туралы айғақ беру туралы салмақты шешім қабылдауды ұсынады.

Адамдар саудасының құрбандарын қайта бағыттау тетігінің негізгі мақсаты – құрбандарды қызмет көрсетулерге бағыттау. Адамдар саудасының құрбандары деп есептелетіндерді қорғау және қолдау жөніндегі кешенді бағдарлама үш құрылымнан тұрады: қаржылық көмек, үй-жай, баспана беру, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсету.

Адамдар саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ-ның іс-қимыл жоспарына сәйкес қатысушы мемлекеттерге:

- адамдар саудасының құрбандары үшін қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек, оқып-үйрену мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс баспаналар жасауды;

- қажет кезде жәбірленушілердің жеке басын белгілейтін және тағайындалған елде олардың мәрбесін айқындайтын құжаттар (тұруға ықтияр хат) берілуін қамтамасыз етуді;

- заң консультацияларын, медициналық және психологиялық көмекті, медициналық қызмет көрсетуге қол жетімділікті қосқанда, әлеуметтік көмек және ықпалдастыру бағдарламаларын әзірлеуді ұсынады.

Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (бұдан әрі - ХКҚҰ) Миссиясы ұсынған ақпарат бойынша адамдар саудасының құрбандарына көмек көрсету барысында ХКҚҰ мен оның серіктестеріне кездесетін проблемалар адамдар саудасының құрбандарын қорғау саласында заңнаманың жетілдірілмеуінен, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметінде келісілушіліктің жоқтығынан, адамдар саудасының құрбандарын қорғау жүйесінің осындай ретінде жоқтығынан туындайды. Мұндай жүйені құру үшін, ХКҚҰ пікірі бойынша, ең алдымен, заңнамалық шаралар, азаматтығына қарамастан адамдар саудасынан жапа шеккендерді қорғау мәселелерімен айналысатын мемлекеттік ведомстволардың жеткілікті қаржыландырылуы қажет.

Бұдан басқа, жапа шеккендерді қайтып оралғаннанан кейін, әсіресе тиісті қылмыстық істерді тергеу кезінде, сол сияқты осындай істер бойынша сот тыңдаулары барысында да, кейіннен де көмектесу және оларды қорғау іс-шараларын қаржыландыру проблемасы өткір тұр. Түрлі себептермен адамдар саудасы бойынша қылмыстық істермен жәбірленуші деп танылмаған не өз құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінбеген жапа шеккендердің жағдайы өте осал және олардың қолдау күтуге үміт артатын жалғыз институттар – бұл ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар.

«Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес адамдар саудасынан жапа шеккендер тек қылмыстық процесс (тергеу, сот) уақытында ғана және, егер олар тиісті қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған жағдайда ғана мемлекеттік қорғауға жатады. Жапа шеккендердің басым саны шетел азаматтары екенін ескерсек, көптеген фактілер жаппа шеккендердің процестің жеткілікті ұзақ уақытында Қазақстанда болуға мүмкіндігінің жоқтығына байланысты тергелмей қалады.

Адамдар саудасынан жапа шеккендерге көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін пайдалануды ұсынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес билік органдары мен азаматтық қоғам инстиуттары арасындағы қаржы-шарттық қатынастарды серіктестік негізінде дәйектілікпен дамыту қажет.

Азаматтық қоғам азаматтардың құқықтарын қорғауға және халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу, әлеуметтік қызметтер көрсету сияқты функцияларды жүзеге асырады. Адамдар саудасының құрбандарына көмектесу үшін ҮЕҰ-ның қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға қажеттіліктің барын проблемаларды зерттеу көрсетіп отыр.

«Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңына сәйкес құқыққа қарсы қол сұғушылықтан жапа шеккен азаматтарға көмек көрсету ішкі істер органдарының міндеттеріне жатады.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау саласында да жүзеге асырылады деп белгіленген.

Жазылғандарды ескере отырып, Уәкіл мекемесі 2008 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде «Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан жапа шеккендерге көмек көрсету» деген жеке бюджеттік бағдарламаны көздеуді, оның әкімшісі етіп Ішкі істер министрлігін белгілеуді ұсынды.

003 «Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан айырмашылығы ұсынылып отырған бағдарламаның шеңберінде тиісті қызметтер ұсыну және консультациялар үшін әлі жәбірленуші деп танылмаған жапа шегушілерге көмек көрсету ұсынылады. Көрсетілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы іске асыру ұйғарылды.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясындағы мақсаттардың бірі қоғамдық өмірдің барлық салаларында ер адамдар мен әйелдердің әлеуметтік теңдігінің қажеттігін қоғамдық санада қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік проблематиканы жарыққа шығаруға ықпал етеді.

Есептік кезең ішінде әйелдердің құқықтарын қорғау мен көтермелеудің өзекті мәселелерін жариялау бойынша БАҚ-пен ынтымақтастық практикасы жалғастырылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Күніне арналған V Тамыз оқылымын өткізу шеңберінде 30 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі А.Б.Самақовамен сұхбаты жарияланды. Сұхбаттың барысында гендерлік тәсілдер мен тепе-тең демократияға негізделген сапалы жаңа қоғамға көшу мәселелері, әйелдерге қатысты зорлық, еңбек саласындағы кемсітушілік, шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің жоғары ұсыныла бермеуі сияқты өз шешімін талап ететін өзекті проблемалар талқыланды.

2007 жылғы 6 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Қазақстан» РТРК «Назар» телебағдарламасына қатысып, қоғамдағы гендерлік мәдениетті арттыру мәселелерін талқыға салды.


Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық әрі тең иелену әйелдердің прогресіндегі қажетті элемент болып табылады. Сонымен бірге нақты өмірде әлеуметтік рольдерді бөлуде қалыптасқан таптаурындарға байланысты әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ер адамдарға қарағанда төмен. Осыған байланысты мүмкіндіктер теңдігін заңнамалық тұрғыда кепілдік берілуін қамтамасыз ету, практикада кемсітушілікті болдырмау үшін, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты тарату жөнінде шаралар қабылдау қажет.
3.3. Мүгедектердің құқықтарын қорғау және қолдау
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметінде басымдық болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласында Уәкілдің маңызды функциясы олардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады. Уәкіл мекемесі олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мәселелері бойынша мүгедектерге консультация беру және заң көмегін көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Уәкілдің атына өтініш берушілерден мүгедектік тобын белгілеуге немесе қайта қарауға жәрдемдесуді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға көмектесуді өтінген шағымдар жиі түседі. Өтініш берушілерді тұрғын үй және зейнетақы мәселелері қанағаттандырмайды.

Бұдан басқа, есептік кезеңде ТМД елдерінен алынған өтініштердің саны көбейе түсті. Өтініштерінде мүгедектердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алу мәселелерін көтерді.

Өтініштерді талдау нәтижелері бойынша мүгедектердің шағымдарын шешуге кедергі келтіретін күрделі проблема практикада олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің жоқтығы болып табылады.

Бұрынғысынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және оңалту әдістерінің мәселелері туындап отыр.

Мүгедектер толық әлеуметтік қамсыздандырылмаған, протездеу-ортопедиялық көмек кезекпен көрсетіледі.

Мүгедектерге арналған қажетті қызмет көрсетулерді немесе арнайы керек-жарақтарды сатып алу үшін конкурс өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу нәтижелері осы рәсімдердің халықтың көрсетілген санатына тиімсіз екенсіздігін куәландырады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде қызмет көрсетулер мерзімінен жиі кешіктіріліп, көбінесе өте арзан, сапасыз, қолайсыз тауарлар сатып алынады. Көбінесе көмекші ретінде оқымаған адамдар тартылады. Ал мұндай жұмысқа мүмкіндігі шектеулі адамдарды күтіп-бағуға дағдыланған мүгедектердің туыстары немесе жақындарын тартуға болар еді.

Мүгедектерге қатысты оңалту іс-шараларын жүргізуге арнайы бағдарланған оңалту орталықтарының желісін құру және осы орталықтағы контингенттермен жұмыс істеу үшін қызметкерлерді дайындау қажеттігі өткір тұр.

Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 886 бұйрығымен бекітілген санаторий-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулық ақауларының тізбесіне сәйкес мүгедектердің шағын бөлігінің ғана санаторий-курортық емделулі тегін немесе 50 % жеңілдікпен алуға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты Тізбеде санаторийге жолдама алуға мүмкіндік бермейтін кейбір аурулардың жоқтығы мүгедектердің тарапынан реніш тудырады.

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде оларды әлеуметтік қорғау мәселесі өзекті. Үлкен қалаларда және облыс орталықтарында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға олардың еш мүмкіндігі жоқ және жылдар бойы кезекте тұруға мәжбүр.

Мүгедектердің еңбек қызметін еркін таңдау құқығы толық көлемде іске асырылмайды. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға және жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы кәсіпорындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгіленген. Дегенмен, Заңның осы нормасы іске аспай отыр.

Мәселен, орталық атқарушы органдарда бірде-бір жүріп-тұруы өиын немесе жұмыс үшін арнайы түзету құралдары мен көмекшілерді қажет ететін мүгедек қызметкер жоқ. Кәсіпорындарда және мемлекеттік емес ұйымдарда мүгедектер жалақысы төмен біліктілігі аз жұмыстарға қабылданады.

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстардың теңгерілмеуі (мүгедектердің білім және кәсіби дайындығының деңгейі жұмыс берушілердің талаптарына жауап бермейді), ұсынылған еңбек жағдайының мүгедектерге ұсынылатын еңбектегі көрсеткіштерге сәйкес келмеуі, мүгедектер үшін берілген бос орындар бойынша төмен жалақы – осы факторлардың барлығы мүгедектерді еңбекке орналастыру процесіне теріс әсер етеді.

Қазіргі заңнамада заңдардың нормалары көбінесе декларативтік сипатқа ие; мүгедектердің жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде, ең алдымен тәуелсіз өмір сүрудің және өмірдің барлық қырларына жаң-жақты қатысудың мүмкін еместігі проблемасымен кезігеді, өйткені олар қамтамасыз етілген жеке ортаға, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технология мен жүйені қосқанда, ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ халық үшін ашық немесе ұсынылған басқа да объектілерге және қызмет көрсетулерге басқалармен бірдей қол жеткізе алмайды.

Кешенді тәртіппен мүгедектердің проблемасын шешу шараларының бірі ретінде Мүгедектердің құқықтарын қорғау және оларды қоғамға кіріктіру жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеу және қабылдау болып табылады.

Мүгедектердің құқықтарын бұзумен күресте осындай фактілерді БАҚ-та жариялаудың маңызы зор. Егер Уәкілге осы бұзушылықтар туралы, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, өз бастамасымен адамның және азаматтың құқықтарын бұзу фактілері туралы мәліметті тексеруге құқылы.

2007 жылы Тараз қадасындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің директоры С. заңсыз әрекеттеріне қатысты 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 51 «Время» газетінде жарияланған Г.М. Выборнованың «Непотопляемый» мақаласында жазылған фактілер бойынша тергеу жалғастырылды. Тексеру нәтижелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Президентінің Әкімшілігіне өтініш жолдады, ол өз кезегінде осы өтінішті ҚР Бас прокуратурасына жолдады. ҚР Бас прокуратурасы Жамбыл облыстық прокуратурасына тексеру жүргізуді тапсырды. Ең соңында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне С. айыпталып отырған фактілердің көпшілігі расталмағаны жазылған жауап жіберіледі.

Алайда, кейінірек медбике Т. өтініші (30.07.07 жылғы кіріс № 48/03-303 (7)) өтінішімен С. дене жарақатын салғаны үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі кезекті талқылауға бастамашылық етіп, облыстағы қаржы полициясы органының С. қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалуына әкелдірді. Нәтижесінде С. атқарып отырған қызметінен шеттетілді.

Уәкіл бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдалана отырып, мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық стандарттар туралы білімнің таратылуын тұрақты жүзеге асырады.

23.12.2006 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері Эра ТВ телеарнасындағы хабарда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін жария етті. Сондай-ақ есептік кезеңде «Социальная защита» ақпараттық бюллетенінің № 5-6 сандарында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтары мәселесі жөнінде сұхбаты; «Юридическая газета» газетінде «Ратифицировать Конвенцию о правах инвалидов» тақырыбында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметкерінің мақаласы жарияланды.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Намыс» ақпараттық желіні құру мәселелері бойынша дөңгелек столдың жұмысына қатысты (19.01.2007). Отырыста ақпаратқа қол жетімділікті жеңілдету мақсатында мүгедектер үшін ақпараттық желіні құру мәселелері қаралды.

Ақпараттық желіге барлық облыстардағы мүгедектердің ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері енді. Ақпараттық желінің аясында ақпарат тарату және жинау, мемлекеттік органмен сұхбат жүргізу, мүгедектердің құқықтарын түсіндіру, оқу-әдістемелік қашықтағы проблемаларды ұйымдастыру, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар арасында серіктестікке жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Ақпараттық желіні құрурдағы мақсат мүгедектердің мұқтаждары, жағдайлары мен қажеттіліктері туралы қоғамды хабардар ету, мүгедектерді олардың құқықтары қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері туралы хабардар ету, БАҚ үшін ақпараттық алаң жасау болып табылады. Отырыста Мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында өзара түсіністік пен ақпараттық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

29.03.2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкері қоғамға мүгедектерді кіріктіру мәселелері талқыланған «Қоғам барлығы үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында мүгедектерді оңалтудың және оларды қоғамға кіріктірудің басым бағыттары» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Қоғамның мүгедектерге көзқарасын өзгерту ұзақ та қиын процесс, алайда қазіргі заманғы әлемде мүгедектердің проблемаларын жаңадан түсіне бастағанын айтуға болады. Оның негізінде мүлдем мүгедектіктің жаңа тұжырымы жатыр. Мүгедектер тек еңбек қабілеттігі шектелген немесе жоғалтқан жан ретінде ғана емес, тіршілік әрекетінде белгілі бір шектеулері бар адам ретінде қарастырылады. Осы бағытта 2006 жылғы 13 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны қабылдауы елеулі қадам болды.

Конвенцияның мәтіні мүгедектердің құқықтарын қорғау мен көтермелеуге, оларға қатысты кемсітушілікті жоюға, олардың жұмысқа, денсаулық сақтауға, білім алуға және қоғам өміріне толық қатысу, сот төрелігіне қол жеткізу, жеке өміріне қол сұқпау, пайдалану мен теріс пайдаланудан босату, жүріп-тұру бостандығына, жеке жинақылық құқықтарын қамтамасыз етуге және т.б. бағытталған 50 бап қамтылған. Конвенция жаңа құқықтарды бекітпей, қолданыстағы және жалпыға танылған құқықтарды іске асыру жолдарын көрсететінін атап өту қажет.

2007 жылғы 30 наурыздан бастап осы Конвенция қол қою үшін ашық. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі республикамыздың осы конвенцияға қосылу қажеттігін өзектендіру жұмыстарын бастап кетті. Оның үстіне қоғам қазіргі кезде мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау үшін шараларды жеткілікті қабылдамай отыр.

Арнайы көлікті немесе есікті кеңейту жолымен жұмыс істейтін құралдарды, аялдамаларда арнайы плинтустар енгізу, барлық инфрақұрылым объектілерін пандустармен жабдықтау, мүгедектер үшін арнайы құралдармен жұмыс орындарын жасау, олардың денсаулық сақтау, білім алу, тұрғын үй құқықтарын іске асыру қажеттігі өткір тұр.



Әлеуметтік саясат міндеттерінің бірі адам өзін мүгедек ретінде сезінетін жағдайларды алып тастау (мысалы, баспалдақ алдындағы арбада отырған мүгедек, дыбыс дабылы жоқ бағдаршамның алдында тұрған соқыр және басқалар) болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде мүгедектердің құқықтарының ауқымды көлемі мен оларды іске асыру үшін мемлекеттік кепілдіктер жеткілікті белгіленген. Дегенмен, бүгінгі таңда аса өткір проблемалардың бірі осы құқықтарды іске асыру проблемасы және мүгедектерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.


3.4. Егде адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіндегі басым бағыттардың бірі қарт адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады. Қарттардың құқықтарын қорғау саласында олардың шағымдары мен өтініштерін қарау Уәкілдің маңызды функциясы болып табылады.

Омбудсмен институты жұмыс істеген барлық кезең ішінде қарт тұрғындардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, материалдық өтемақы тағайындай тәртібіне қатысты. Елімізде қарт адам үшін зейнетақы жалғыз табыс болып табылады. Сондықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнет жасындағы адамдар үшін маңызды. Зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен келіспейтіндігі туралы өтініштердің басым саны осыған байланысты. Осындай шағымдарды қарау нәтижелері әртүрлі әрі уәкілетті органдарға өтініштердің әртүрі болуы, растайтын құжаттардың болуы, заңнаманың актілерге сілтемелер және сұрақтың негіздемелері сияқты мән-жайларға байланысты болмақ.

Бұдан басқа, өз өтініштерінде зейнеткерлер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін көтереді, сондай-ақ зейнетақы тағайындау әдістемесін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы ҚР Парламентінің депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және тек Мәжілісте іске асырылады. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Осыған байланысты өтініштер көрсетілген мемлекеттік органға жіберіледі.

Сондықтан есептік кезеңде ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады. Заңда зейнетақыны есептеу кезінде ескерілетін табысқа шектеулерді ұлғайту есебінен зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 25 есе айлық есептік көрсеткішке дейін артады.

Егде адамдардың шағымдарының келесі санатын коммуналдық қызметтердің негізсіз көтерілуіне және коммуналдық қызметтердің іс-әрекеттеріне шағымдар, тұрғын үй бөлу немесе жағдайларын жақсарту туралы өтініш-хаттар құрайды. Құрылыс индустриясын дамыту қарқынының жоғарылығына орай зейнет жасындағы адамдардың Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініштерінде жер мәселелері жөніндегі шағымдар қамтылған. Бұлар Алматы мен Астана қалаларында өзекті бола бастаған жер учаскелеріндегі тұрғын үйлерді ысырып тастау туралы істер деп аталады. Жер учаскелерін алып қою кезінде тек учаскелердің өзі ғана емес, сонымен бірге ондағы құрылыстар, әсіресе тұрғын үйлерді бағалау мәселесі өзекті. Үй иелері мен салушы – құрылыс компаниялары арасында делдал болған әкімдік азаматтарды қанағаттандырмайтын жерді сатып алу шартын ұсынады. Мәселен өтемақы ретінде шаршы метрдің төмендетілген құнынан есептелген сома ұсынылады. Ал тұрғын үй заңнамасында жерді нарық құны бойынша сатып алу көзделген. Астанада қалыптасқан жылжымайтын мүлік нарығының жағдайында олардың бұрынғысына тең бағамен тұрғын үй сатып алуға әрқашан мүмкіндігі бола бермейді.

Зейнеткерлердің шағымдарын талдау осы санаттағы азаматтардың халықтың әлеуметтік жағынан өте осал тобының бірі екенін көрсетеді. Жасының егделігінен және денсаулығының нашарлауынан өз құқықтарын қорғау және талап ету қабілеті деңгейінің төмендігі өзге де объективті және субъективті факторлардан (азық-түлік кәрзеңкесінің, коммуналдық қызметтің, дәрі-дәрмектердің қымбаттығы, мемлекеттік шенеуніктердің, жастардың тарапынан еленбеу, жасы үлкен балалары мен немерелеріне тәуелді болу) ушыға түседі. Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жауаптары қарттардың сауалдарына шартты көзқарастарын растайды. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы негізгі стандарттарға – адамзаттық қадір-қасиет пен адамның құқықтарын құрметтеумен сыйыспайды.



Егде жастағы адамдардың шағымдарындағы тақырыптардың ауқымдылығы мемлекеттік реттеудегі белгілі бір кемшіліктердің барын айғақтайды. Оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 21-тармағына сәйкес 2006 жылы желтоқсанда дайындалған «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтау туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасында қамтылған ұсынымдар бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет