Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Тест 6. Қарапайым сұрақтарды қабылдау



бет67/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Тест 6. Қарапайым сұрақтарды қабылдау. Қарапайым сұрақтарды түсінуін бағалау.

Тест 7. Таныс емес сөйлемдерді қабылдау. Таныс емес сөйлемдерді қабылдау және сөйлеу кезіндегі сөздерді тану қабілетін бағалау.

«Есту интеграциясының шкаласы» сауалнамасы (ЕИШ). Ата –анасының/педагогтың бақылауына сүйене отырып, күнделікті өмірде баланың КИ қолдану тиімділігін бағалауға арналған (қосымшаны қара).

«Ауызша сөйлеуді қолдану шкаласы» сауалнамасы (АСҚШ). Баланың ата –анасының/педагогтың бақылауына сүйене отырып, күнделікті өмірде, қарым –қатынаста баланың ауызша сөйдеуді қолданудың тиімділігін бағалауға арналған (қосымшаны қара).

Бұл әдістеме дыбыстар мен сөйлеуді тек есту арқылы қабылдауын бағалауға арналған. Бірақ тестті жүргізуге дайындақ кезінде, тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру үшін естіп –көру арқылы қабылдауын қолдануға болады. Бұл әдістеме КИ қолданудың қаншалықты тиімді екенін және 2-6 жас аралығындағы (тестке байланысты) балаларды оңалтудың нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Әдістемелер кешеніне мыналар кіреді: тексеруді өткізуге арналған нұсқаулар, кесте түріндегі тесттің материалдары, тестке керекті суреттер, сөздер жазылған карточкалар, ойыншықтар (кішкентай балалар үшін), тексеру кезінде толтыратын кестелер, тексеру кезінде педагогтың ернін жауып тұратын арнайы экран. Тесттер батареясына ата – аналар мен педагогтарға арналған сауалнамалар да кіреді.

7 тесттен тұратын жинақ мынадай есту дағдыларын бағалауға арналған:


  • Дыбысты анықтау – дыбыстың бар болуына немесе жоқ болуына жауап беру қабілеті;

  • Ажырату – екі дыбыстық сигналдардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату қабілеті;

  • Дыбыстарды білу – басқа дыбыстардың ішінен белгілі бір дыбысты (немесе сөзді) таңдау қабілеті;

  • Дыбыстарды тану – дыбыстарды, сөздерді имитациялау және қайталау қабілеті;

  • Түсіну – сөйлеуді түсіну қабілеті.

Төмендегі кестеде көрсетілгендей тестілеу кезінде тілдік емес дыбыстар, дыбыстар, буындық құрылымы әртүрлі жеке сөздер, сөйлеу кезіндегі сөздер, таныс және таныс емес сөздер, сұрақтар қолданылады.

«Дыбыстарды білу» және «дыбыстарды тану» дағдыларын бағалау үшін тестте екі түрлі тәсіл қолданылған: шектеулі (жабық) және шексіз (ашық) таңдауда сөздер мен сөйлемдерді таңдау. Шектеулі таңдау кезінде бала алдына қойылған сөздерден естігенін көрсетеді. Шексіз таңдау кезінде бала өзіне қандай сөздер айтылатынын білмейді (берілетін сөздер балаға көрсетілмейді).

КИ балаларды осы тесттердің көмегімен тексеру белгілі бір уақыт аралықтарында өтіп отыруы тиіс: операцияға дейін, сөйлеу процессорын бірінші түзеткеннен кейін, 1, 3, 6, 12, 18, 24 ай сайын өткізіп тұру керек. Баланың сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты, тестте қолданатын материалдарды өзгертір отыруға болады. Бірақ тесттің құрылымы мен өткізілу қағидасы өзгертілмеу керек. Тесттерді қолдану кезектілігін өзгертіп тұрауға болады: жеңілінен бастауға болады немесе керісінше жасауға болады, ең бастысы тексеру кезінде баланы жалықтырып алмау керек. Тестілеуді бірнеше бөлімдерге бөліп өтуге болады. Бірақ барлық тест өткізілуі керек. Себебі жаңадан пайда болған дағдыларды тек осы тестілеу кезінде байқауға болады. Жоғарыда аталған уақыт аралықтарында тестілеу жүргізілмесе, себебін көрсету керек:


  • бала шаршағандықтан қатынасқа түсу қиындығы;

  • техникалық, сөйлеу процессорын түзеткен соң бала әлі үйреніп үлгермеді немесе құрылғымен қиындықтар туындауы;

  • тілдік, бала естіген дыбысын символмен байланыстыра алмайды, тесттің лингвистикалық талаптарын орындай алмайды.

Тесттілеуді қайтадан өткізу мүмкін болған болған жағдайда жалғастыру керек.

Жинақта 7 тесттен басқа ата –аналар мен педагогтарға арналған екі сауалнама бар. Олар баланың КИ қолдану тиімділігін (ЕИШ) және ауызша сөйлеуді қолдануды (АСҚШ) бағалауға арналған. Тестілеу жүргізілген уақытта саалнамада жүргізіледі. Ата –аналар мен педагогтар күнделікті өмірде қарым –қатынас кезіндегі бақылауларына сүйеніп жауап береді.

Осы тесттер мен сауалнамадан басқа «Қарапайым заттарды атағанда есту арқылы білу» (Common Objects Token Test – COT) тесті де енгізілген. Бұл 4-ші тестті «Сөйлеу кезіндегі сөздерді тану» және 6-шы тестті «қарапайым сұрақтарды қабылдау» әлі орындай алмайтын кішкентай балаларға қолданады, ол сөйлеу кезіндегі сөздерді қабылдауын бағалауға арналған.

Осы тесттерді қолдану баланың естіп қабылдауының дамуының динамикасын анықтауға және естіп сөйлеуін дамытудың бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.




  1. 1 Тест Естіп қабылдауын дамыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет