14 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ерте жастағы балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі естімейтін, сөйлеу тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу
Мектепке дейінгі мекемелерге қатыспайтын балалармен отбасында педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеудің теориялық негіздері
Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу, қоғамдық тәрбиеден де ерте дамыған. Естімейтін баланы отбасында жеке оқыту тәрбиесі орта ғасырларда белгілі болады. Естімейтін баланы отбасында тәрбиелеу мен оқыту олардың ақыл-ой қабілетін дамытумен анықталады. Ата-аналар балалардың ерте және мектепке дейінгі оқу мен синдитвті даму кездерін жіберіп алмауға тырысады. Өйткені, осы кезеңде балалардың көптеген дағдылары мен мінезі қалыптасады.
Естімейтін баланы отбасында ерте оқыту қажеттілігін, стилін дамытуын есту қабілеті зақымдалған балаларға қоғамдық тәрбие берудің пайда болуына дейінгі, XVIII-XIX ғасырларда озық сурдопедагогтар айтқан. Естімей балаға отбасында ерте тәрбие беру қажеттілігі, туралы отандық сурдопедагогиканың ойлары, оның ішінде В.И.Флеринің «Глухонемые, рассматриваемые вотконеми к их состоянию и к способам образавания, самым свойственным их природе» (1835) деген еңбегінде естімейтін балалардың тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуының негізгі себептерінің бірі – баланың жақын адамдары, ең алдымен, анасы мейірімен, махаббатымен және зейінімен баулап алу керек екендігі айтылған. Бала тәрбиесіндегі ең бірінші адам – анасы, ол баласы үшін көп нәрсе істей алады. В.И.Флери балалардың өмірінің I –ші жылы стилін, сөздерді үйренуі, көздері арқылы еліктеумен іске асатынын атап айтқан. Сондай-ақ, В.И.Флери «естімейтін баланың жас ерекшелігі, оның үлгеріміне байланысты –деген.
Естімейтін баланы отбасында ерте тәрбие беру және оқыту мәселесін Н.А.Е.Ф. және Ф.А.Раулер кеңінен насихаттаған. Олар естімейтін балалардың аналарына курстар және кеңестер ұйымдастырған, ауызша стилдік қалыптастыру жалпы және т.б. оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне байланысты сұрақтарға кепілдемелер берген.
50-60 жылдары отбасында тәрбиелеу мәселесімен Б.Д.Корсунская белсенді байланыста және естімейтін баланы балабақшаға, мектепке дейінгі оқу мекемелеріне түсер алдындағы тәрбиелеумен оқыту жайлы бірқатар кепілдемелер мен пайдалы кеңестерден тұратын «Воспитание глухого дошкольника в семье» атты оқулық жазған. Оқулықта қимыл-қозғалыстардың рөлінің қалыптасуы, естімейтін балардың стилінің дамуында арналған, әр түрлі іс-әрекет түріне үйрету, ата-аналарына арналған, баланы отбасында оқуға керекті құрылыстардың үлгісі көрсетілген. Автор стилді дамытуға бағытталған сұрақтарға көп көңіл аударған мысалы: Сөз мағынасымен және сөз қоры мен жұмыс; сөйлеу және сурет-баяндау тілін дамыту; дактильді стилін ақыл-ой және әдептілік дамытуға арналған қарым-қатынас және оқуға ерте үйрету құралы ретінде оқыту; ауызша стилін қалыптастыру Б.Д.Корсунская, стилін дамыту жұмысында, ауызша және жазбаша стилімен қатар дактилогияны да кең қолдану керектігін ескереді.
60-70 жылдары А.А.Венгер, Г.Т.Выготская және Э.И.Леонгардт өздерінің зерттеулерінде, естімейтін және нашар еститін ерте, мектеп жасына дейінгі балалардың отбасылық тәрбие мүмкіндігінің маңыздылығы анықталған. Бұл мүмкіндіктер жалпы дамытушылық және түзетушілік жұмыстарын ерте басталуымен, отбасында сөйлеу ортасының пайда болуымен, есту аппаратын қолданумен, жазбаша стилін дамытудағы арнайы жұмыстармен, стилін дамытудағы ұзақ жұмыстарымен негізделеді.Осы авторлар «Заданий для родителей» деген әдістемелік кепілдемелер дайындаған. Сондықтан да баланың жалпы және стилінің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Авторлар естімейтін және нашар еститін балаларды жалпы мектепте оқитын еститін балалармен қосып оқыту мүмкіндігін көрсетпек, оған мектеп жасына дейінгі отбасында алған білімдері мен ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі болуы көмектеседі.
Қазіргі уақытта естімейтін баланы отбасында тәрбиелеу мәселесімен, ата-аналарға көмек ретінде Э.И.Монгард, Е.Т.Самсонова, Е.А.Ивамова, Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымский және т.б. еңбектерінде қаралуда. Олардың материалдары келесі мағлұматтарды құрайды.
Ерте жастағы балалармен жұмыс ұйымдастыру;
Арнайы мектепке дейінгі мектептерге бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған кепілдемелер.
Ата-аналар балаларын үйде тәрбиелеудің себебі – отбасының мектепке дейінгі мекемелерден алыс жақта тұруы:
Балаланың физикалық жағдайы;
Ата-анасы интернат түріндегі мектепке және мекемелерге бергісі келмеуі;
Баланың арнайы балабақшада алған даму деңгейі мен білім сапасы ата-анасын қанағаттандырмау және т.б.
Ата-аналарға сурдопедагогикалық кабинеттердің және орталықтардың қызметтері, арнайы мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |