Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Мектеп жұмысын жоспарлау және мектепшілік бақылауды ұйымдастыру



бет127/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

2. Мектеп жұмысын жоспарлау және мектепшілік бақылауды ұйымдастыру

Арнайы мектеп – интернаттың барлық іс - әрекеті өзара келісілге, толықтырылған және бір – бірімен нақтыланған жоспарлар жүйесіне бағынады. Ол мектеп – интернаттың бес жылдық даму жоспары; оқу, тәрбие ісінің жылдық жоспары, ұйымдастырушылық, әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстың жоспар – кестесі: мұғалімдердің тақырыптық және сабақ жоспары; тәрбиешілердің жұмыс жоспары; директор және оның орынбасарларының шұғыл жұмыс жоспары, әдістемелік бірлестіктер жұмысының жоспары және т.б.

Мектеп – интернаттың педагогикалық ұжымының іс - әрекетін анықтаушы және түзетуші негізгі құжат жылдық жоспар болып табылады. Жылдық жоспар нақты болып келеді, оның мазмұны мектеп жұмысының ерекшелігімен анықталады.

Мұғалімдердің тақырыптық жоспары бағдарламаның негізгі тақырыптары бойынша құрылады. Ал пән бойынша білімдер жүйесінде әр сабақтың орнын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің сабақ жоспарында әр сабақтың нақты мазмұны ашылып көрсетіледі.

Тәрбиешілердің жоспарлар да мектеп – интернаттың жылдық жоспары негізінде құрастырылады.

Директор мен оның орынбасарларының шұғыл жоспары әртүрлі уақытқа, бір аптаға, айға, тоқсанға жоспарланып құрастырады. Шұғыл жоспарлауға әдетте жылдық жоспардың орындалуын бақылау шаралары факультативті, сыныптан тыс шаралар, әдістемелік бірлестіктің отырысы, пед – кеңестің отырысына дайындал, ата – аналар жиналысы кіреді. Арнайы мектептің практикасында келесідей бақылау түрлері бар: өткізу уақытына қарай – алдын ала, күнделікті, және келешекке; мазмұнына қарай фронтальды және тақырыптық; формасына қарай жеке, топтық және ұжымдық.

Оқу жұмысын бақылау формалары:


  • қалыпты жағдайда оқушылар мен мұғалімнің іс - әрекетін тексеру үшін жекелеген сабақтарға қатысу;

  • мұғалімнің сабақтарды тақырыптық бойынша тексеру үшін қатысу (жеке сабақтар), бағдарламаның тақырыбын меңгертуде мұғалімнің жұмыс жүйесін анықтау үшін;

  • екі немесе бірнеше мұғалімдердің бір тақырып бойынша өтіп жатқан сабақтарына қатарласа қатысу (жеке сабақ) мұғалімнің жұмыс істеу стилін неғұрлым тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау үшін қажет;

  • педагогикалық процестің кейбір жақтарын тереңірек қарастыру үшін арн. маманды шақырып сабақтарға немесе жеке сабақтарға мақсатты қатысу;

  • мұғалімнің жұмысын құжаттары бойынша (журнал, жұмыс жоспары, жеке сабақтың күнделігі, жеке сабақтарда қолданылған материалдар) алдын ала және қорытынды бақылау;

  • оқушылардың білім және біліктерін бақылау (қорытынды бақылау, сұрау, күнделікті оқушының жұмысын тексеру, практикалық іс - әрекетте білік – дағдыларын тексеру);

Сыныптан тыс тәрбие жұмысын бақылау формасы:



  • сыныптан тыс шараларға қатысу;

  • тәрбиешінің балалармен жұмыс істеу үрдісін бақылау (жалпы және сөйлеу тәртібін орындауы, тәрбиелеу әдістерін меңгеруі және т.б.)

  • құжаттарын текеру оқушылардың сыныптан тыс уақытта орындаған жұмыстарымен танысу;

  • тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата – аналармен әңгімелесу;

  • оқушылардың тәрбиелігінің деңгейін бағалау және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет