Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Мектепке дейінгі мекемелерге қатыспайтын балалармен отбасында педагогикалық жұмысты ұйымдастыру



бет123/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Мектепке дейінгі мекемелерге қатыспайтын балалармен отбасында педагогикалық жұмысты ұйымдастыру

А) Нәрестелік жастағы балаларға педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Өмірінің бірінші жылында сөйлеу тілінің маңызды алғышарттары қалыптасады, оларға ересектің баламен қарым – қатынасы, сенсорлы және моторлы дамуы, заттық іс -әрекеттер жатады. Бала өмірінің бірінші айында көзқарасты ұстауға және анық ойыншықтардың орын ауыстыруларын, сөйлеуші ересектерді бақылауға, қатты дыбыстарға мән беруді үйретумен байланысты көру және есту зейінін қалыптастыру. Көру және есту тітіркендіргіштерге зейінін тұрақтай білу жандану кешенінің пайда болуына алып келеді, ол жан – жақты ересектермен дамытылып ықпал етілуі қажет. Жандану кешенінің пайда болуы ересекке жымию, күлкі ол кейінірек қимылдық және дауыс реакциясымен байланысты. Есту қабілеті бұзылған балада жандану кешені ересектің ұзақ эмоцианалдық қатынасын болжайды, ол ересектің ұзақ сөйлесуімен баланың сезімтал іс-әрекеттерімен көрінеді.

Нәрестелік жастағы балалардың сөйлеу тілінің пайда болу алғышарттарының қалыптасуының негізгі құралдары - гигиеналық және басқа күн тәртібі процедураларын орындау барысында анасының баламен эмоционалдық қатынасы; сөйлеуші ересектің жүзіне назар аудару, бала шығарған дыбыстырды ұстау, заттармен және ойыншықтармен әртүрлі іс - әрекеттер; бала өмірінің бірінші жылы маңызды болатын мүмкін болған барлық өлең және тақпақпен бірге эмоционалды түрде жүретін саусақтық ойындарды ұйымдастыру («Саусақтар орманда», «Серуендегі саусақтар» және т.б.). Балада ересектермен қарым – қатынас жасау қажеттілігінің пайда болуы – оның психикалық, сонымен қатар сөйлеу тілінің дамуының көзі болып табылады.

Бала өмірінің бірінші жылында қаратпа сөйлеу тілін түсінуді меңгеру кезеңі. Есту қабілеті бұзылған баламен жұмыста сөйлеу тілі дамуының осы аспектісіне ең күрделі назар бөлінеді. Мұнда жиі қайталанатын сөздер және емізу кезінде анасының күнделікті қайталайтын сөз тіркестері және т.б. Баланың бірінші жылында психикалық дамуының маңызды шарты – қимыл – қозғалыс сферасымен байланысты (қол қызметінің дамуы, еңбектеу, отыру, тұруды меңгеру, бір жасында жүру), қабылдаудың қалыптасуымен байланысты заттық іс –әрекеттерді меңгеру болып табылады.

Баламен қарым–қатынас процесінде анасы баланың дауыс реакцияларын қолдайды және дамытады. Бұл үшін анасы өзінің іс –әрекеттерін эмоционалды сөйлеу тілімен сәйкестендіріп, оны беттің анық мимикасымен, табиғи жесттермен толықтырып, баланың дыбыстары және былдырын қолдап, балаға оларды қайталауды талап етеді. Естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілін зерттеулерде (Ф.Ф.Рау, Т.В.Пелымская) белгілегендей, өмірінің бірінші жылы есту қабілеті бұзылған балалардың әсіресе дәл осы ауызша сөйлеу тіліндегі қиындықтар бойынша арнайы педагогикалық жұмысты кеш бастау кезіндегі бала сөйлеу тілінің ритмико–интонациялық жағын қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие.

Сонымен, нәрестелік жасьағы есту қабілеті зақымдалған балалармен отбасындағы педагогикалық жұмысы дауыс реакциясының және былдырдың қалыптасуына қаратпа сөйлеу тіліне баланың зейін аударуына, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін түсінуге, былдыр және сөздердің дыбысқа еліктеу ретінде өзінің сөйлеу тілін белсендендіруіне үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет