Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Кохлеарлы имплантация жасауға таңдау



бет45/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Кохлеарлы имплантация жасауға таңдау критерийлері

Енді кохлеарлы имплантация жасаудың бірінші кезеңіне тоқталар болсақ, ол балаларды диагностикалық тексеру және таңдау критерийлері. Операция алдында балаларды кешенді медициналық – педагогикалық – психологиялық тексеруден өткізеді.

Диагностикалық тексеру. Операция жасар алдында пациент кохлеарлы имплантация жасайтын орталықта 7-10 күнге созылатын диагностикалық тексеруден өтеді. Оларға:

  • Отологиялық тексеру;

  • Аудиологиялық тексеру (есту қабілетінің зақымдалу түрін анықтау, есту жүйкесінің зақымдалу деңгейі мен есту қабілетінің зақымдалу деңгейін анықтау);

  • Есту аппаратынсыз және есту аппаратымен (есту аппаратының тиімділігін анытау үшін) аудиометрия (кішкентай балалар үшін ойын аудиометриясы) жасау;

  • Импедансометрия (ортаңғы құлақтың және есту түтігінің жағдайын анықтау);

  • Есту арқылы байқалған потенциалдарды тіркеу (КСВП);

  • Отоакустикалық эмиссия арқылы байқалған потенциалдар (ВОАЭ);

  • Есту жүйкесінің тітіркенуін тексеру;

  • Вестибулометрия;

  • Терапевтпен анестезиологтің кеңесі, соматикалық жағдайын және жалпы наркозбен операция жасау мүмкіндігін анықтау мақсатында жалпы медициналық тексеру;

  • Психоневрологиялық тексеру (жүйке–психикалық жағдайын анықтау);

  • Сурдопедагогикалық тексеру (есту және сөйлеу тілінің дамуы жайлы анамнестикалық мәліметтерді жинау, ЕА мен ЕАсыз естіп қабылдауын бағалау, артикуляторлық аппараттың, дыбыс айтудың, сөздіктің жағдайын, сөйлеу тілінің грамматикалық – семантикалық құрылысын, оқу, жазу және еріннен оқу дағдысын бағалау, және т.б.);

  • Психологиялық тексеру (интеллектуальды және коммуникативті даму деңгейін, есте сақтау, зейін, эмоционалды – ерік сферасының деңгейін бағалау және т.б.);

  • Сөйлеу тілін естіп қабылдау үшін болашақта кохлеарлы имплантты қолдану тиімділігін анықтау.

Пациент кохлеарлы имплант жасауға үміткер екені туралы шешімді осы өткізілген диагностикалық тексеру нәтижесінде әртүрлі мамандардан құрылған комиссия қабылдайды. Сондай-ақ операцияны қай құлаққа жасаған дұрыс екендігін де осы комиссия шешеді. Кохлеарлы имплантация операциясын бюджет қаражаты есебінен жасалған жағдайда оны болашақта естіп сөйлеу тілін қабылдау үшін тиімді қолданатынын анықтау өте маңызды болып табылады.

КИ жасайтын орталықтың комиссиясы ұсынған КИ жасайтын балаларды таңдау критерийлері бар:



  1. 500-4000 Гц диапазонында есту табалдырығы 95 дБ – ден асатын екі жақты сенсоневральды кереңдік.

  2. Жақсы таңдалған есту аппаратымен есту табалдырығы 500-4000 Гц диапазонында 55 дБ-ден көп болса.

  3. Туғаннан естімейтін балалардың жасы бес жастан аспау керек және тұрақты түрде есту аппаратын таққан жағдайда.

  4. Ауызша сөйлеу тілінің дағдылары жақсы қалыптасқан жасөспірімдер мен ересектер.

  5. Операция жасауға кедергі келтіретін соматикалық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

  6. Операциядан кейінгі естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамытуға ата – анасының, жақындарының, жергілікті жердегі мамандардың (сурдопедагог, логопед) қатысуы.

КИ операциясын жасауға қарсы көрсетілімдер:

  1. Ұлудың толығымен немесе жартылай оссификациясы.

  2. Ретрокохлеарлы паталогия (есту жүйкесі есту орталықтарының зақымдалуы).

  3. Хирургиялық операцияны жасауға болмайтын психикалық және соматикалық аурулардың болуы.

  4. Ата –анасының баласын операциядан кейін естіп сөйлеу тілін қабылдауын дамыту жұмысын жүргізуге деген ынтасының болмауы, немес оны өту үшін жергілікті жердегі мамандардың болмауы.

Кохлеарлы импланттардың жетілуімен және КИ жасалғаннан кейін балаларды реабилитациялау бойынша жиналған тәжірибеге сүйене отырып КИ кандидаттарды таңдау критерийлері өзгерген. Қосымша бұзылулардың қатар келуі (көру қабілетінің бұзылысы, БЦП) КИ жасаудың қосымша көрсеткіші болып табылады. Ақыл – ойы кем балаларға КИ жасаған жайлы тәжірибелер бар. Бұл балалардың импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілі дамуының жеткіліксіз болғанына қарамастан, КИ қоршаған дыбыстарды бағдарлауға мүмкіндік береді және өмір сүру сапасын жақсартады. КИ операциясын есту аппараты көмектеспейтін есту қабілетінің деңгейі шекаралық (75 – 90 дБ) болған балаларға да жасайды. Бір жағынан көптеген мамандар сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін естімей қалған 8 – 15 жастағы балаларға КИ жасауда абайлауды ұсынады. Өйткені бұл балалардың тілдік компетенциясы мен есту тәжірибесі жоқ немесе шамалы ғана болады және жасы кішкентай балаларға қарағанда ми орталықтарының сөйлеу тілін меңгеру қабілеті төмен болып келеді. Бұл жағдайда естуге деген және дыбыстар әлемінде өмір сүруге деген құштарлығы болуы керек. Көбінде балалары үшін шешімді ата-аналары қабылдайды да, ал бала өзі оны қалайды ма, жоқ па, белгісіз болып қалады.

КИ операциясын жасамас бұрын ЕА тиімсіздігін анықтау үшін уақыт керек. Бірақ есту қабілетін менингоэнцефалитпен ауырғаннан кейін жоғалтқан балаларға көп уақытты созбай бірден жасау керек. Өйткені менингоэнцефалиттен кейін ұлудың оссификациясы болады да, ұлуға электродтарды енгізу мүмкін болмай қалады.

Операция жалпы наркоз көмегімен жасалып, 2-3 сағатқа созылады. Сөйлеу процессорын операциядан кейін 3-4 аптадан кейін қосады, өйткені баланың басындағы тыртықтың жазылғанын күтеді.

Бірақ кохлеарлы имплантацияның сөйлеу процессорын қоса салысымен естімейтін балалар дыбыстық сигналдарды естіп сөйлеу тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдалана бастамайды. Сондықтан да сөйлеу процессорын алғаш түзеткеннен кейін баланың естіп қабылдауын дамыту мен сөйлеу тілін дамыту кезінде сурдопедагогтың көмегін қажет етеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет