Қарым – қатынас тәсілдері мен дағдыларын бағалау
Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалар қарым – қатынастың түрлі тәсілдерін қолданады: шынайы жесттер, ауызша сөйлеу тілі, жазбаша сөйлеу тілін, еріннен оқу арқылы. Тексеру процесі кезінде бала үйде, балабақшада, көшеде балалармен ойнағанда қарым – қатынастың қандай түрін қолданатынын анықтау керек. Ерте жастағы балалар көбіне тек шынайы жесттерді түрлі дыбыс шығарулармен бірге қолданады, балалардың осы «сөздік қорының» көлемін анықтау керек.
Баланың қатынастың қандай түрін қолданатынын анықтау үшін ата – анасынан сұрайды, тексеру кезінде бақылайды. Ерте жастағы балалардың қтынастардың довербальды тәсілдерінің қалыптасқандығын бағалайды:
«көзбен көз» контакті;
«өз ісін бағалауды іздейтін көзқарас»;
«жалғайтын көзқарас» ( ересекпен баланы қызықтырған заттың арасындағы жалғастық);
Көрсету жесті;
Ересектің назарын дауыспен және жесттің көмегімен өзіне аудару;
Қатынас үшін түрлі дауыс реакцияларын қолдану;
Жалпыға тән коммуникативті жесттерді қолдану: «сәлем», «сау бол», «ішу», «бер», «жазу» және т.б.
КИ жасалғаннан кейін балалардың есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуы үшін сөйлеу ортасының болуы өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |