Заттық-тәжірибелік іс-әрекетке сүйену естімейтін оқушылардың психикалық дамуына жан-жақты әсер етеді. Заттық – тәжірибелік іс-әрекет балалардың сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауын белсендендіреді, диалог жасауға ынталандырады. Аталған қағиданы тиімді қолдану ұйымдастыру формасын дұрыс қолданумен байланысты: ұжымдық, топтық, бригада боп, жұп болып, жеке және т.б.
Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауды қарқындату естімейтін оқушылардың сөйлеуін қалыптастырудың маңызды жағдайы болып табылады. Естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым қатынас жасауын қарқындату қарым-қатынас дағдыларының жетілуіне және дағдылануына әсер етеді. Оған қол жеткізу үшін әр түрлі жұмыс формаларын қолданады: айтқанды түсіну және орындау; өз беттерімен сұрақ қойып, оған жауап беру; орындаған жұмыс турады айту және т.б. сөйлеу қажеттілігін жүзеге асыру үшін естімейтін балаларға жазбаша кеспе қағаздарды қолдану көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |