Тақырып бойынша тапсырмалар
Педагогикалық тәжірибе кезінде естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылымын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын зерттеп біліңіз.
Нашар еститін және есту қабілетін кейіннен жоғалтқан балаларға арналған мектептің құрылымы.
Есту қабілетін кейіннен жоғалтқан балалар қандай балалар мектебінде оқытылады?
Коррекциялық мекемелердегі сыныптар саны.
Естуінде кемістігі бар жастардың орта білімді аяқтауға арналған оқу мекемелері.
11 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқыту жүйесі
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқытудың мазмұны, ерекшеліктері, кезеңдері, түрлері
Заттық – тәжірибелік оқыту
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқытудың мазмұны, ерекшеліктері, кезеңдері, түрлері
Еңбекке оқытудың 1-ші кезеңінде заттық-тәжірибелік оқыту (дайындық кезеңі 1-4 сынып) процесінде балалар қарапайым құралдармен танысып, тапсырманы ауызша нұсқаумен орындауды үйренеді. Ал 2-ші кезең (5-8 сынып) жалпы еңбекке дайындық, еңбекке оқыту, ұл және қыз балаларға бөлек жүргізіледі. Ұл балалар ағаштың, металлдың, машинаның элементтерімен танысып (техникалық еңбек), ал қыздар тамақты дайындауды үйреніп (қызмет ету), матаның түрлерімен танысып, электротехника жағынан біраз мағлұматтар алады. Келесі 3-ші кезеңінде жалпы еңбектік дайындық (9-сынып) және жалпытехникалық арнайы кәсіби дайындықта (10-11 сынып) өтеді. Бұл кезеңдерде оқушыларда ауызша сөйлеу формасы қалыптасады және ұжымда жұмыс істеуді үйренеді. Түзете тәрбиелеу жұмысы электірлі акустикалық аппаратураны кең қолдануды ұсынатын ұйымдастырылған есту, сөйлеу ортасының жағдайында шынайыланып, нақтыланады.
Оқушылардың естіп қабылдауының интенсивті дамуы жағдайында ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуы маңызды мәнге ие.
Оқытудың кейінгі дифференциациясының мысалына кемістіктің күрделі құрылымы бар балаларды оқытудың жаңа үлгісінің қызмет етуін жатқызуымызға болады (естімеушілік және ПДТ, көрудің бұзылуы және т.б.). Бұндай жағдайда мектепте әлеуметтік мәдени педагогикалық орта құрылуы керек. Оқытудың басында әрбір оқушы үшін педагогикалық көмек көрсету, психологиялық түзету, білім беру, сауықтандыру бағдарламасын сұрыптайтын медициналық- педагогикалық- психологиялық консилиум өткізіледі. Мектепте түрлі жеке оқу бағдарламасы құрылады.
Естімейтін және нашар еститін оқушылар орта мектепті бітіргеннен кейін мектеп негізіндегі пәндер бойынша емтихандар тапсырады. Осындай жағдаймен білім беру ортасының даралығының қалыптасуы қамтамасыз етіледі.
Біздің елімізде соңғы жылдары арнайы факультеттерде етімейтіндерге арналған жоғарғы техникалық және гуманитарлық білім беру жүйесі қосылды.
Алғаш рет Қазақстанда 1999-2000 оқу жылынан бастап «Сурдопедагогика» мамандығы бойынша оларға жоғарғы гумманитарлық білім беру мақсатындағы Абай атындағы ҚазҰПУ- да есту қабілеті бұзылған тұлғаларға топтық дайындық басталды. Естімейтіндердің жоғарғы кәсіби білім алу үлгісімен құрылған жетекші принцип- гумманистикалық бағыт.
Гумманистикалық бағытталған білім берудің жүйелі факторы әрбір адамның құқығы болып табылады. Гуманизацияның маңызды аспектісі- студенттердің жан рухының, жалпы мәдениетсіз дамуы болып табылады.
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқыту кезіндегі оқу жоспары келесі блоктарды қосады: жалпы білім беретін гумманистикалық және өзіндік мамандырылуы.
Фундаментальды жалпы мәдени және мамандандырылған дайындық түрлі қосымша мамандықпен мамандандыру мүмкіндігімен және т.б. байланысады (арнайы психология бойынша). Университет студенттері ЖОО білім берудің қазіргі стандартының жалпы тенденциясымен сәйкес келетін фундаментальды жалпы мамандандырылған және арнайы білім алады. Сонымен бірге есту қабілеті бұзылған тұлғаларды дайындау жүйесіне есту, сөйлеу реабилитациясы бойынша арнайы сабақтар да кіреді.
Оқыту процесінде естуінде бұзылыстары бар студенттердің дамуының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің есту қабілеті бұзылған студенттерінің есебінен мамандардың дайындық тәжірибесі көп жағдайда олардағы әрекет жетістік білімінің жоғарғы деңгейімен таным әдістерін өнімді меңгеруімен ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар, кәсіби, жұмысқа кешенді дайындығының да болатындығын көрсетеді.
Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың кәсіби қызмет жоғары деңгейде тек оқытумен қатар рухани адамгершілік, әлеуметтік психологиялық, арнайы технологиялық ақпарат және коммуникативті мәдениетпен де ұйғарады. Оқытуда үлкен назар есту қабілеті бұзылған тұлғалардың өміріндегі әрекетінің кеңістігін еш кедергісіз қалыптастыруға және айналадағы еститін тұлғаларды естімейтін тұлғалармен әлеуметтік және кәсіби сферада белсенді әріптестікке дайындауға бөлінеді.
Қазіргі қоғам мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге бейімделген
Достарыңызбен бөлісу: |