Лекция №5 Кеңес Одағы кезінде адамгершілік принціптері Моральдық кодексте көрсетілетін. Атеистік мемлекетті құру жаңа (діни емес) , яғни мәтіні библиядан алынған кодексті құруды талап етті. Кодекс мемлекетте іске асырылды және ол жазалау саясаты түріндегі болды десек те болады. Жемқорлық, парақорлық, сатып алудағы заңға қарсы іс-әрекеттер өзінің құқықтық белгілері бойынша қылмыстық және аморальдық деп танылды. Қылмыстан тазарту бойынша жүргізілген мемлекеттік саясатта социалдық сенімді мадақтауда белсенді құқықтық жұмыстар жүргізілді. Бұл процестердің жүруі кезіндегі қаталдық адамдар арасында ешқандай да қарсылық эмоциясын тудырған жоқ, тіпті КСРО –дағы соңғы 30 жыл ішінде (1990 жылға дейін) валюта операциялары өте ірі мөлшердегі ұрлықтар қатаң жазаланды, тіпті ату жазасына дейін берілді. Көрсеткіш мысалдар ретінде КСРО -ның ОТ жемқорларды Кеңес одағына жат элементтер ретінде, адамгершілік табиғатында аморальды адамдар ретінде көрсетіп, транслирацияланды.
Жемқорлыққа қарсы тәжірибе егер де онымен қатар іс-әрекет ететін механизмдер болса тиімдіі болады: тәрбие беру, профилактикалық, құқықтықтәжірибелік, идеологиялық және жазалау. 1990 жылдардың қиыншылығы обьективті сипатта болды, мысалы, діни ұйымдарға онжылдықтар бойы басқарылып келген «моральдық кодексті» тиімді алмастыруға мүмкіндік болмады, жаңа қоғамдық жағдайларда діншілдік сенімді рухани құндылық болып саналмады. Жемқорлық қоғамға қарсы құбылыс ретінде бағаланып, қоғамды ыдырататан әсер ететіндігі көрсетіліді. Бұл әсіресе адамдард ың қылмыстық әрекеттері, жемқорлық фактілерін Ғаламторды пайдалана алатын оқушылардан да жасыра алмайтын жаңа ақпараттық технологиялар ғасырында өте қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі қателіктер мен олардың орны толтырылмауында жемқорлыққа бой ұрған кейбір мемлекеттік қызметкерлердің қателіктері қоғамның іріп-шіруіне апарады. Жемқорлыққы бой ұрған адамдардың қылымыстық әрекеттері адамгершілік құндылықтарды жойып,қоғамның моральдық ұстанымдарына әсерін тигізуі мүмкін. Адамгершілік, діни тәрбие, сенім мен шыншылдық, этикалық нормаларды сақтау әрекеттері құқықтық туралықтағы жағдайлардың қажетті жиынтығын құрайды.Бұларсыз жемқорлыққа қарсы мәдениет болмайды және мемлекеттік жазалау саясаты жүрмейді.
Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары «ақшалық» тәртіптердің салаларға енуіне кедергі келтіретін, қоғамда орны болмауға тиісті, анықтама бойынша сатып алуға болмайтын әрекеттерге тиісті: құрмет көрсету,лауазым, дәреже және т.б. сияқты. Елімізде жемқорлықты адамдар әділетсіздік ретінде таниды және қабылдайды. Бұл жерде тағы да айтып өту керек, әрбір адам олардың танымында діни ұстанымдары, тәрбиесі және идеологиялық ұстанымдары негізінде бақыланып отырған шындықты адамгершілік тұрғысынан бағалайды.
Егер де адамгершілік ережелерінің жиынтығы жұмыс істемейтін болса, қоғам рухани азғындайды, ал мемлекет - әлсіз болады; әлеуметтік өмірде мораль өзінің тиісті орнын алмаса адамгершіліксіз қоғамның болашағы бұлыңғыр болады.