Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі


Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды жұмылдыру қағидаты



бет28/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
жемкорлык

Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды жұмылдыру қағидаты. «Нұр Отан» партиясы халықтың басым бөлігінің мүддесін білдіретін елдегі жетекші саяси күш ретінде, жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда қазақстандық қоғамды біріктіретін басты күш болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді.
Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс. Сондықтан бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар.
Осынау құндылықтар өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет. Сондықтан да нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің төңірегінде қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде қалыптастырылуы қажет. Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология, юриспруденция, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ, әлеуметтану саласындағы үздік мамандарды тарту қажет.

Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс.


Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті насихаттауда ерекше орын алатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыратын партияның «Жас Отан» жастар қанаты осы істің алдыңғы шебінде жүруі тиіс. Партия мыналарға қол жеткізуге ниетті:
– отбасында және қоғамда қанағатшылдықтың (сұраныста ұстамдылық пен қарапайымдылық, басы артық нәрседен бас тарта білетін парасат пен табандылық), жан байлығын дүние-мүліктен жоғары қоюдың дәстүрлі халықтық қасиеттерін дәріптеу;
– халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін түбегейлі арттыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою;
– «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өсіп-өркендеуші ел» партиялық идеологиялық жобасын ілгерiлету;
– Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірге, сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мен оған қарсы тұру үшін нақты іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге байланысты азаматтық бастамаларға көмектесу;

  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзін-өзі реттейтін басқа да ұйымдармен бірге, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

– 2016 жылдан бастап білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәлім қалыптастыру бойынша тақырыптарды мазмұнның 15%-ынан кем емес мөлшерінде «Құқық негіздері» оқу пәнін енгізу;
– 2015 жылдан бастап жыл сайын кешенді әлеуметтік зерттеулер негізінде жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін түзу;
– онлайн-портал құру, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы ЖОО жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету;
– адал еңбектің ардақтылығын және еңбеккер әулеттерді жаппай насихаттау;
– сыбайлас жемқорлыққа жирене қарауды, оның ішінде БАҚ-тарда арнайы жобалар жасау есебінен кеңінен насихаттау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді қалыптастырудың нәтижесі мынандай болмақ:


– сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі;
– жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату;
– пара беруді өз мәселелерін шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту;
– халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру.
Бағдарламаның қағидатты маңызды қадамы – басты назарды сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге емес, жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоюға аудару.
«Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзіне асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының алға қадам басуға арналған шаралары мемлекетті нығайту сияқты әрбір мемлекеттің алдында тұрған міндеті, яғни қазіргі өмірдің тәуекелдері мен жаһандық қиындықтарына адекватты болуды қажет етті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2015 жылдың 11 наурызындағы XVI сьезінде мемлекеттің модернизациялаудың толықтай алғандағы бес институционалды бағдарламасын алға қойды. Соның негізінде Ұлт жоспары дайындалды
Президенттің бес бағдарламасын іске асыруға арналаған - 100 нақты қадам (әрі қарай - Жоспар).
Беріліп отырған жоспарды қазақстандық қоғам дұрыс қабылдады. Тек қоғам мен мемлекет арасындағы өзара түсінісушілік пен біріккен іс-әрекеттер векторы ғана жемқорлықпен күресудің таза платформасын құра алады.
Жалпы алғанда халықаралық тәжірибелер мен елдің дамуындағы өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету реформаларын жүргізуде өзіндік тәжірибе жинақталған деп айтуымызға болады. Орталық және жергілікті басқару органдары жүйесінде құрылымдық және функционалдық өзгерістер болып, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жасалды. Қойылып отырған мақсаттарға сәйкес қоғамдық өмірдің салалары мен әртүрлі бағыттары бойынша реформалар кезеңдесіп жүріп отырды. Алдында қойылған міндеттердің біразы орындалды және орындалуға жақын, бір бөлігі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды модернизациялауға бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңіне арналған бағыттар бойынша әлі де өзекті болып тұр.
Дискуссияға арналған сұрақтар:
1.Әкімшілік реформалардың спецификасы
2.Мемлекеттік қызмет және мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігі
3. Қазақстан Республикасындағы жемқорлықтан тазарту профилактикасы
4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет приціптерін іске асыру мәселелері

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет