Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі


Айқындық, ашықтық және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты



бет27/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
жемкорлык

Айқындық, ашықтық және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға беретін халық деп бекітеді. Әр азамат заң бойынша тыйым салынбаған кез келген жолдар арқылы еркін ақпарат алуға хақылы, ал мемлекеттік органдар оған еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ондай ақпараттарды беруге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижелілігі мемлекеттің азаматтардың заңды мүддесіне қызмет етуге бағдарлана білуімен тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару органдарының жұмысы қоғамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның серіктестігі қағидаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғамның белсене қатысуынсыз, жемқорлыққа қарсы жаппай қозғалыссыз нәтижелі түрде жүзеге аса алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл жауапкершілігі мемлекетке ғана емес, қоғам мен әрбір азаматқа да жүктеледі. Мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен ынтымағы ғана жемқорлыққа ойдағыдай қарсы тұруға жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет