Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі



бет24/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
жемкорлык

Дискуссияға арналған сұрақтар:



  1. Қазақстан жағдайында қай елдің тәжірибесі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша көрсеткіштері мен ұқсастықтары бойынша жақын деп ойлайсыз?

  2. Швециядағы ақпараттар бостандығы принціпінің ерекшелігі неде?

  3. Ұлыбританияның жемқорлыққа қарсы жүйесі қалай сипатталады?

  4. Жемқорлыққа қарсы әрекеттегі Ұлыбритания азаматтық қоғамының рөлі туралы не айта аласыздар?

  5. Англикан шіркеуінің рөлі қандай?

  6. Латвияның жемқорлыққа қарсы білім беру жүйесінің негізгі элементтері қандай?


Лекция №7
Мемлекет қызметінде реформалаудың жемқорлыққа қарсы аспектісі
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалауфф
Әлемнің көптеген елдеріне саяси сипаттағы және экономикалық көптеген қиындықтар туғызған әлемдік қаржылық –экономиқалық тоқырау саясаткерлерді, ғалымдарды әр адамның және қоғам өмірінде мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауға әкелді.
Адамзаттың және жекелеген халықтарды алғандағы туындаған мәселелердің қиындығы мелекеттік басқаруға басқаша қарауды талап етеді.Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің әртүрлі сылтаулармен (нарықтың дамуы, демократиялық процесстердің тереңдеуі және т.б.) әлсізденуі кейбір елдердегі қазіргі кездегі дағдарыс кезеңіндегі кері көрініс тапқанындай ұйымдаспаушылыққа, хаосқа, анархияға, әлеуметтік текетірес пен кикілжіңдерге алып келеді. Жаңа жағдайлар өмірдің жаңа талаптары мен шындығына қалыптасуды талап етеді. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің рөлі экономика мен қаржы саласындағы дағдарыс көріністері ескеріле отырып, тек дағдарысқа қарсы шараларды қолдануда ғана емес, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы нақтылы іс-әрекеттер мен мәселелердің өз уақытында шешімін таба білудегі жинақталған мемлекеттік саясатты дайындаумен айқындалады.
Кез келген мемлекет үшін қазіргі кездегі жағдайларға байланысты, мемлекеттің даму мақсатында ұзақмерзімді жетістіктерге жету үшін, мелекеттік басқару жүйесінің маңызды факторы ретінде тиімді жүйені қалыптастыру маңызды болып тұр. Шетелдік әкімшілік реформаларды жүргізу тәжірибесі бойынша басқарудың түрі мен әдістерін өзгерту, басқару деңгейлерінің арасындағы функцияларды қайта орналастыру жолдары арқылы ұйымдастыру құрылымдарын модернизациялау (жаңашаландыру), оларды жаңа міндеттермен сәйкестендіру керектігін көрсетеді. Маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, жемқорлықпен күрес және халықтың үкіметке және жеке секторларға деген сенімділігін арттыру болып табылады. Заманауи өмірдің талаптарын қамтамасыз ету үшін мемлекет әкімшілік жүйесін қайтақұры, саяси құндылықтарды анықтап, болып жатқан өзгерістерге қалыптаса білуі қажет.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің қайта құрылуы қазіргі кезде шешуі тиісті өзіндік ерекшеліктері мен міндері бар бірнеше кезеңнен өтті. Тәуелсізідігіміздің бірінші онжылдығында еліміздің қоғамдық өміріндегі барлық салаларында жүрген барлық өзгерістерді есепке ала отырып мем лекеттің басқарудың жаңа жүйесін құруды жедел түрде шешу міндеті тұрды.
Сол кезеңде басқару жүйесінің салалық-басқару құрылымы тез оңтайландырылды және елеулі қысқартылды да, жаңа саяси үдерістер мен нарықтық экономика талаптарына ыңғайлы мемлекеттік басқару жүйесі құрылды. Орталық басқару органдары құрылымын оңтайландару фунцияларды әртүрлі мемлекеттік органдармен қосарланушылықты жоюға, басқару бөлімдерінің санын азайту, сонымен қатар ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету және жауапкершілік сұрақтарын тәртіпке келтіру мен есеп беруді іске асыруға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдірудің негізгі бағыты «Қазақстан-2030» Стратегиясында берілді. Беріліп отырған кезеңдегі дамуды іске асырудың негізі жоғары тиімділіктегі мемлекеттік басқару жүесі болды. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Бұған ҚР Президентінің 1999 жылдың 22 қаңтардағы «Мемлекеттің құрылымы туралы», «Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру және олардың компетенцияларын анықтау шаралары туралы» 1999 жылдың 13 қазанындағы Жарлығы арналды.
Өзгерістердің жасалғанына қарамастан мемлекеттік органдар қызметінде келесі мәселелер шешімін табуды қажет етті:

  • мелекеттік аппарат громоздкий болып қалды;

  • мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі функцияларын тік және көлбеу қосарланушылық сақталды;

  • бюджетаралық қатынастар саласында өзгерістер жасау қажет болды;

  • жекелеген мемлекеттік органдардың қызметі таза көрінбеді.

Көрініп отырған мәселелерді шешу үшін Мелекет Басшысының тапсырмасы бойынша басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша бағдарлама жасалды. Бағдарламада Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жүргізіліп , принціптері бекітілді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып: мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі функцияларына нақты шектеу қою; функцияларды қайталауды болдырмау; мемлекеттік функцияларды іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру; мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту және т.б.
2004 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік реформаларды жүргізу бойынша мәжілісте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елімізде кеңкөлемді әкімшілік реформасының басталғаны туралы жариялады. Ол мемлекеттің жаңа даму кезеңіндегі мемлекеттік басқару жүйесінің реформалаудың негізгі бағыттарын анықтады:
- мемлекеттік басқару құрылымын орталық деңгейде жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері мен жергілікті мемлекеттік басқару құрылымдары реформалау арасындағы міндеттемелерді шектеу;
- мемлекеттік қызметті жетілдіру, дайындау, ұлттық және шетелдік оқу орындарында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, даярлау және қайта даярлаудан өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет