Тәуелсіз радио және телеарналар. Коммерциялық каналдар қатарынан басқа Шведтік қоғамдық телеарналар және радиохабарлардың арқасында ел тұрғындары жарнамадан бос бағдарламалардың кең таңдауына ие болып, қамтамасыз етілген.Теле және радиоканалдар мемлекетке немесе басқа да экономикалық немесе саяси ұйымдарға тәуелді емес.
Ұлыбритания Британдық қоғамда адал және шыншыл идеалдарға негізделген жемқорлыққа қарсы көзқарасты таратуда англикандық шіркеулер үлкен рөл атқарады. Діни этиканың негізі, Біріккен Патшалықтағы елдің бастауыш және орта мектептеріндегі көпшілігін құрайтын ағылшын және католиктік мектептердегі британдықтардың бала кезден библияда айтылғандай «ұрлық жасама» деген сөз санасына сіңірілген.
Сонымен қатар білім берудегі жемқорлыққа қарсы бағдарламалар Ұлыбританияда ведомствалық деңгейде жүргізіледі. Мысалы, арнайы жемқорлыққа қарсы семинарлар Шетелдік өнеркәсіп және сауда Министрлігінің өкілдері мен Ұлыбританияның МИД жұмыскерлеріне арналаған бағдарламаға енгзілген.Көрсетіліп отырған семинарларда қызметкерлерге олардың көздеріне түскен британдық бизнестің қатысуымен болған жемқорлық фактісі туралы тез арада хабар берулері міндетті екендігі түсіндіріледі. Семинарларға британдық және трансұлттық компаниялардың қызметкерлері шақырылады.
Ұлыбританияның Халықаралық даму министірлігі және Сауда және инвестициялау агенттігі біріге отырып жасалынған жобааясында жемқорлық әрекеттер туралы фактілерді тануға арналған оқулық сауда ұйымдары мен шетел мелекеттерінің өкілеттіліктеріне міндетті түрде жіберіледі. Ұлыбританиядағы жемқорлықпен күрес туралы басты орган – аса ірі көлемдегі мошеннич күрес Басқармасы ( SFO, Serious Fraud Office) - өздерінің жемқорлыққа қарсы оқытуды күшейту британ бизнесінде тіркеледі және ұлыбританиядағы жемқорлықпен күрес көлемді компания іске асырады, сонымен бірге білім беру түріндегі жемқорлықпен күрес және одан тазарту жолдары, жемқорлықтың келтіретін зияны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу тәжірибесін жасайды. Ұлыбританияның Лейбористік партиямен құрылған бұрынғы үкіметі кәсіподақтардағы жемқорлық әркеттермен күреске бас назар аударды.
Жемқорлықпен күрес жүргізуде Ұлыбританияда азаматтық қоғамдар институттары ерекше орын алады. Халықтың жемқорлыққа қарсылық әрекетінің деңгейін арттыру және насихаттау үшін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасайды. Лондонның жемқорлықты жоюға арналған идеясының белсенді жетекшілеріне: «Ұлыбританияның жемқорлыққа қарсы форумы», «Инженерлер кедейшілікке қарсы», «Жаһандық инфрақұрылымдық жемқорлыққа қарс орталық» және т.б. жатады.
Латвия Жемқорлыққа қарсы білім берудің техникасы жобада берілген Еуроодақпен иницирленген жемқорлыққа қарсы жалпы бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде көрінеді.
Латвия мектептерде жемқорлыққа қарсы оқытудың дамыған жүйесі енгізілуімен, жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытудағы жақсы жетістіктерімен ереклеленеді. Жүйеде білім беру шараларының жалпы жүйедегі тазалықтың қатар жүруіне әсер ететінін Латвиялық тәуелсіз Орталықтың жұмыстарын мысалға ала отырып көреміз.
Еуроодақтың қолдауымен сот жүйесіндегі адалдықты дамыту және оларды адамдардың дұрыс қабылдауына бағытталған бағдарламалар циклін жасады. Бағдарлама сот шешімдерінің БАҚ-та жариялануының , соттарда куәгерліктің қолданылуы және сот жүйесіне, сот жұмыстарына ғаламтор жүйесінің енгізілуіне рұқсат болуының маңыздылығына акцент жасайды. Жоғарыда көрсетілген пункттерден өзге оның жасалуына қатысқан эксперттер, азаматтық және қылмыстық процесстердегі белгілі істерді мысалға ала отырып құқықтық қолдану туралы дискуссиялар ұйымдастыруды ұсынды. Бағдарламаның мақсатты аудиториясы метептердің орта және жоғары сынып оқушылары болды. Білім циклына лекциялар, дискуссиялар, сот жістеріне инценировка( қойылымдар) қою және оларды талдау кіреді.
«Барлығымыз жемқорлыққа қарсымыз» деген атпен
арнайы оқу материалдары дайындалып, мектептерге бағытталды.