Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі


Адамгершілік және қылмыстық идеология арасындағы кикілжің



бет18/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
жемкорлык

Адамгершілік және қылмыстық идеология арасындағы кикілжің.
Жемқорлықтың қоғамға жат құбылыс ретіндегі ерекшелегі, ол қоғамдық үдерістер динамикасында өте мобильді және оның қауіптілігін сынға алу әртүрлі тәртіптік тоқырауға әкеледі. Экономикалық тоқыраулар мен репутациялық шығындардан басқа халықаралық ареналарда кез келген мемлекет қылмыстық идеологияның таралу мәселелерімен бетпе-бет келеді. Ең қауіптісі өлшеусіз шығындарға әкелетін, тым артық байлыққа әуестенетін, мещандық элементтері бар, өздерін байлар класының өкілдеріміз деп санайтын белгілі бір топтардың ұмтылысын бағаламау. Мұндай кемшіліктерді қауіпті деп санамауға болмайды, ол адамдарда болашақта құқықтық реттеулерге қиындықпен берілетін
іс-әрекеттің өзіндік стандарттарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Н.Бердяев мещандықты ауыздықтауға көнбейтін рахаттануға деген құмарлықтың кері беті, ал мещандық нормалар, оның ойы бойынша адамдардың өзін-өзі шектеуі болатындығына сенімсіздіктентуған ойдың туындысы деп атаған. Қарапайым адамдар мұны жақсы түсінеді, олар жемқорлық дегеніміз не және оның өмірде пайда болу көріністері қандай, олардың жас ұрпаққа және болашаққа төндіретін қаупі қандай деген ой түйеді. Адамдар қазіргі кездегі жемқорлықты қалай түсінеді:

  • тұрмыс пен қызметте, қоғамдық санаға терең тамыр жаятын зұлымдық;

  • билікке ие, белгілі бір шектеулері жоқ , қоғамдық бақылаудан қорғалған адамдар жасайтын қылмыстық әрекет;

  • адамгершілік әрекет етуден мақрұм, бірақ қоғамдық үдерістерге қарсы әсер ету мүмкіндігі бар адал емес адамдардың өмір сүру түрі.

Адамдар әрекетіндегі адамгершілік, ізгілік пен тәртіп ережелері бір күнде пайда болған жоқ, олар – қандай формацияда дамыды және әлеуметтік норманың белгілерін қабылдауына қарамастан пайда болған тарихи тәжірибенің нәтижесі. Мысал ретінде әрбір Кеңес үкіметінің оқушысы жатқа білетін екі цитатаны алуға болады: 1. «Ғылымда ешқандай кең бағаналы жол жоқ, оның жарқырап тұрған шыңын шаршаудан қорықпай, оның тасты сүрлеуімен жоғары өрлей білген адам ғана бағындыра алады» ( Карл Маркс); 2. «Адамзат игерген барлық біліммен есіңді байытып, игергенде ғана коммунист бола аласың» (В.И.Ленин).
Бұл сөздердің рухани құндылығы көпшілік ұғымында арнайы бір орын алды, былайша айтқанда аз ғана уақыт бұрын бұлар тек қана лозунгтер болған жоқ. адамдар олардың соңынан ерді, олармен жастар тәрбиеленді, ал еңбектің, партияның , өндірістік тәртіптің бұзылуы ауыр моральдық жауапкершіліктер жүктеді.Ізгіліктен бастау алған қоғамда заңдар сақталады, жемқорлар өзін ыңғайсыз сезінеді, әрекеттері шектеледі және өзінің қылмыс жасау мүмкіндіктерін іске асыра алмайды. Басқаша айтқанда мораль және жоғары ізгілікті орта жемқордың қылмыстық әрекет етуіне кедергі келтіреді. Жемқорлықты жою үшін тек жазалау шаралары аздық етеді. Сотпен берілген жазалар қаншалықты қатал болса да тұтқындауды көргенде олардың алдына қойылған шындыққа қарап-ақ адамдар жай ғана сұрақтарға жауап бере алулары керек. Бақылау жиынтықтарының барлығын алғанда адамдар жемқорлыққа қатысты өздерінің қорытындысын жасайды және олардың қоғам өміріне, жеке алдына қоған мақсаттарына тигізетін кері әсерін бағамдайды. Жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті тек жазалау механизмдеріне және ғылыми ізденістерге ғана арқа сүймеу керек. Ең басты орынға адамдардың моральдық құндылықтар негізінде құралатын жемқорлық туралы түсініктерін қою қажет.Тек осындай жолмен ғана мемлекет қарапайым адамдардың арасында «жемқорлық» жемқорлық мемлекет» деген түсініктердің сыртқы белгілеріне қарап ұқсатуларына жол бермеуге болады. Егерде соңғысы жалпы танымда тамыр жаятын болса, онда біз мыңдаған жемқорлар жазаға тартылса да жемқорлықты жеңе алмаймыз.
Мықты адамгершілік позиясы бар адам жемқорлықты :

  • өзіне, өз еліне және оның болашағы үшін төнген қауіп ретінде түсінеді;

  • өзі сол елдің азаматы болып табылатын Отанымен қатынасты үзуге апарауға себепші;

  • параға сатып алудың қылмыстық сызбасын және ұлттық байлықтарды ұрлау арқылы заңсыз баю және қоғамдық танымды жолдан тайдыруға апаратын;

  • мелекеттің тұрақтылығына, адамгершілік және рухани құндылықтарға енуге тырысып, жалпы қоғам танымының өзгеруіне әсер ететін қылмыстық идеологияның енуіне жағдай жасаушы;

  • шындық пен заңға орын жоқ өмірдің қалыптасуына апарушы деп түсінеді.

Жемқорлықты кері әсер етуші күш ретінде қабылдай отырып, оның пайда болуының түрлі жолдарын қарастыра отырып, жемқорлық қылмыстан тазарту әдістерін дайындай отырып, сол мезетте мемлекетпе жемқорлықты жою саясаты боынша жүргізіліп отырған саясатының нәтижелерін көрсету қажет. Позитивті нәтижелердің бар екендігіне құқық қорғау мен соттық тәжірибе статистикасы куәлік етеді.Позитивті тенденциялардың үнсіз қалуы адамдардың құқықтық саясаты мен мемлекеттің жазалау тәжірибесінің нәтижелілігіне сенімсіздігін тудырады және жемқорлыққа қарсы саясаттың құрылуына септігін тигізе алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет