1.2 Жемқорлыққа қарсы таным және жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және қызметі Жемқорлыққа қарсы мәдениет жемқорлыққа қарсы танымның феномені болып келеді. Сондықтан да біз жемқоалыққа қарсы таным феноменін қарастырамыз.
Адамдардың қоршаған ортаны, қоғамды және олардың табиғатын және өзін-өзі танып білуіне көмектесетін қоғамдық танымның көптеген түрлері бар:
моральдық, саяси, құқықтық, эстетикалық, діни түсінік және т.б.
«Жемқорлыққа қарсы таным» түсінігі жалпы алғанда қоғамдық таным түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл интегративті түсінік, өйткені ол өзіне әртүрлі ғылымдардан ақпараттар таңдайды, әртүрлі оқу пәндерінде оқытылады және зерттелініп отырған құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығу мүмкіндігі пайда болады.
Осылайша, жемқорлыққа қарсы танымқоғамдық танымның өзге де түрлерімен тікелей қарым-қатынаста болады және жалпы «қоғамдық» танымға тән сапа мен сипаттарға ие болады.