Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі



бет8/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
жемкорлык

Түйін сөздер: жемқорлықтың тарихи аспектілері, жемқорлық, антиәлеуметтік көріністер.


Дисскуссияға арналған сұрақтар

  1. Жемқорлық дегеніміз не?

  2. «Жемқорлық» түсінігінің тарихи түбіріне сипаттама беріңіз.

  3. Жемқорлықты зерттеудің негізгі жолдарына талдау жасаңыздар.

  4. Мұндай іәрекеттерге қалай қарсы тұруға болады?



Рефераттардың тақырыптары
1.Жемқорлық түсінігі және жалпы белгілері
2.Жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері
3.Жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа қарсы саясаттың даму кезеңдері
Заманауи әлемдегі жемқорлық жағдайлары және оның себептері
2 лекция
Жемқорлық Қазақстанда жаңа құбылыс емес, ол мемлекеттегі әлеуметтік процесс. Мемлекет нарықтық қатынасқа түскеннен кейін бұл құбылыс күшейе түсті. Қазақ қоғамында жемқорлық ұғымы пайда болып, мемлекеттің тұрақтылық жүйесіне, экономикаға, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді.
Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақгығы жөнінен адамзат өркениетінен кенже емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар калыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіңдегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.б. XXIV ғасырдан мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.
Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік феномен, қоғам мен коғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық кызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады.

  • жемқорлыққа деген әдейі жасалынатын қарым-қатынасты, жемқорлық құқықбұзушылықтарға моральдық « иммунитетті» құру және осыны негізге ала отырып жемқорлықты жеңу бойынша компетенцияларды дамыту;

  • соның ішінде «жемқорлық» сөзі адамгершілік қарсылық, төзімсіздік қасиеттерін тудыратын Қазақстан азаматтарының іс-әрекеті моделін құру;

  • заң мен тәртіпті сыйламау, құқықтық құндылықтарды жоққа шығарудан туатын құқықтық нигилизмді (лат.niһil- ештеңе емес) жеңіп шығу;

  • жалпықұқықтық оқыту арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету;

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет оған тікелей өзің қатыспауда ғана емес,
оның барлық көріністерін жоюға атсалысуда көрінеді.Жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты бір әлеуметтік жүйенің өміршеңдігін қамтамасыз етуге бағытталған,сондықтан да оның түп тамырлы қасиеті бүтін, жемқорлықты жүйелі жүргізу –оның барлық адамгершілік, құқықтық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде, байланыстарда болады.
Адамгершілікті әлеуметтік қолдау мемлекет қызметінде институттардың, құқық, механизмдердің, тәртіптердің нақтылы жағдайын анықтауды талап етеді. Бұл сұрақта цивилизациялық бірегейлік еркше мәнге ие болады.
Басқа да мемлекеттерге сияқты біздің еліміз үшін де бұл өте маңызды. Жаңа қазақстандақ мемлекеттендіруді құру жағдайында бізге Қазақстан егеменді мелекет ретінде жемқорлықты жою жолындағы күресті арттырып, оның себептерін жоя отырып , табыстылықтың жеке, өзіне ғана тән кодын, потнциалын және құндылықтарын арттыруы тиіс.
Жемқорлыққа қарсы тәрбиеде заңның сапасы және құқықты қолданудың түрі, келісімшарт міндеттерін сақтау, адам құқықтарының сотпен қорғалуы маңызды рөл атқарады. Моральдық-құқықтық принциптер мен ақылға сыйымды конформистік сенімдер туралы білімнің бірлесуі мен бір-бірімен ұштасып жатуы – қоғам өміріндегі тәртіптілік пен тұрақтылықтың мықты факторлары болып табылады.
Қорытындысында жемқорлыққа қарсы таным мәдениетінің деңгейі жеке тұлға мен қоғамның жемқорлықтың тану, оны жою деңгейінедеген көзқарастары мен танымына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет