Қазіргі таңда асқын өткізгіштер зарядталған электромагниттік жылдамдатқыштарда, МГД генераторларда, термоядролық қондырғыларда қолданады. Жаңа кластағы жоғары температуралық асқын өткізгішті материалдар жаңа техникаға,ауыл шаруашылығының салалырының дамуына өз септігін тигізеді.
Металдар– электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Қазіргі уақытта техникада конструкциялық материалдар ретінде металдар мен қорытпалар (90%) және металл емес материалдар( пласмассалар, композициялық материалдар, резенке т.б.) пайдаланылады. Сондықтан басты назар металдар мен қорытпаларға бөлінетін болады. Металдардың әртүрлі физика – химиялық пайдалы қасиеттерімен қосылыстар түзуге қабілетті қорытпалар алуға қолайлы жағдай туғызады.Тәжірибе жүзінде 10 мыңнан аса қорытпалар пайдаланылады.
Алюминий, мыс, темір, мырыш және олардың қорытпалары металды конструкционды материалдар ретінде қолданылады.
Материалдар кристалды және аморфты бола алады. Қатты күйінде металл мен олардың қорытпалары кристалдық құрылымға ие. Кристалдық заттарға атомдардың реттік орналасуы тән, ал аморфтық материалға атормдардың ретсіз орналасуы мен барлық бағыттарда бірдей қасиеттері тән.
Достарыңызбен бөлісу: |