Мазмұны Асқын өткізгіштік



бет5/8
Дата10.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#78731
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Асқын өткізгіш материалдар

Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы.

Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады.

Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады.

Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.


  • Белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық денелер.
  • Кристалдар – анизотропты, яғни физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді;
  • Кристалда жарықтың таралуы жылдамдығы, жылу өткізгіштігі, серпімділігі бағытқа тәуелді болады;
  • Кристалл атомдары кеңістікте қатаң тәртіппен орналасып кристалл торын құрайды.
  • Кристалдар белгілі бір бұрыштармен орналасқан жазық бұрыштардан тұратын болса, монокристалл деп аталады;
  • Егер кристалл өте ұсақ кристалл жиынтығынан тұратын болса, поликристалл деп аталады.

К р и с т а л д а р

Металдардың элементарлы кристалдық ұяларына орналасуы:

Көлемдік центрлік кубтық

Жақ центрлік куб

Гексогональді

Металдар бір бірінен кристалдың торкөзден басқа да параметрлерімен ерекшеленеді.Ол көрші атомдар ортасының белгілі бағыттағы ара қашықтығы.

Өлшемі – нанометр (Нм) немесе ангстрем (А0). 1Нм = 10 А0 = 108м

Механикалық қасиеттер: 

    • материалдардың сырттан түсетін күштерге қарсылық ету қабілеті, олардың қатарына беріктік, қаттылық, созылғыштық және серпімділік жатады;

    • 2) әр түрлі жағдайда күштің әсеріне металдан жасалған дененің қарсы тұру кабілеттілігін бейнелейтін касиет.

Беріктік – материалдың жүктеме салмақ әсерінен болатын бүлінуге қарсы тұру қабілеттілігі. Бөлшектер созылу, сығылу, бүгілу, кесілу, бұрау жағдайларында жұмыс жасауға лайықталып жасалады. Бөлшектердің жұмыс жағдайында оларда кернеу пайда болады да, өзгеріске ұшырайды. 

Беріктік σв - созылуға беріктілік шегімен сипатталады

σв =P/F

P- үлгіні созушы күш, кг

F- үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2

σв - беріктіктің физикалық мағынасы



Иілгіштілік – бұл материалдың сыртқы күштердің әсерінен бүлінбей, жаңа пішін мен мөлшер қабылдау қасиеті. Созылу кезіндегі иілгіштілік салыстырмалы ұзару (δ)және салыстырмалы тарылумен (φ)сипатталады.

δ=(lr - l0)/l0 ∙100%

φ=(F0 -Fr)/l0 ∙100%

l0 - үлгінің бастапқы ұзындығы

lr - үлгінің ақырғы ұзындығы

F0 - үлгінің көлденең қимасының бастапқы ауданы

Fr - үлгінің көлденең қимасының ақырғы ауданы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет