Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,67 Mb.
#18112
  1   2   3   4
Мазмұны

Қазақстандағы жоғары білім, ҒЫЛЫМ және МӘДЕНИЕТ


1

С. Пірәлиев,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы аймағындағы  Ректорлар кеңесінің төрағасы.Ұлт болашағына ұлы бағдар: Жолдау жолдары әрбір қазақстандықты ізденіске жұмылдырып, алға ұмтылуға міндеттейді//Егемен Қазақстан.-2014.- 6 тамыз.- 3 б.

3

2

Р.Алшанов, ректор университета "Туран", президент Ассоциации высших учебных заведений Казахстана, профессор Не допустить снижения темпов: о мерах реагирования на задачу поставленной Главой государства перед народом... //Казахстанская правда.-2014.-7 августа.-С.4

7

3

В.Бишимбаев, депутат Мажилиса Парламента РК. Оперативно реагировать на запросы дня: о путях реализования поставленных задач Главой государства //Казахстанская правда.-2014.-7 августа.-С. 3

8



Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті


4

Корейлік ғалымға Қорқыт Ата университетінің құрметті докторы атағы берілді: «Муданг Ильбо» газетінің бас редакторы Ким Габ Дже мырза марапатталды. //Сыр бойы.-2014.- 2 тамыз.- 7 б.

9

5

Қ. Бисенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.Тұрақты даму кепілі: Елбасы ұсынған еуразиялық интеграция идеясы туралы пікір//Егемен Қазақстан.-2014.- 6 тамыз.- 3 б.

10

6

Б.Бердібаев, Көшбасшылық – табысты білім кепілі: педагог кадрларға сертификат тапсырылды.. //Сыр бойы.-2014.-7 тамыз.-2 б.

11

7

Ж. Оралбаева, Басты нысана – білікті маман даярлау: Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі облыстық коммуникациялар орталығында баспасөз брифингі ұйымдастырылды//Сыр бойы.-2014.-16 тамыз.-2 б.

12

8

М. Калиева, От студента до профессора: в областном Центре коммуникаций  состоялся брифинг ректора КГУ имени Коркыта-ата, доктора  технических наук, профессора  Кылышбая  Бисенова.//Кызылординские вести.-2014.-16 августа.- С.2

13

9

Ж.Серікқызы, Ректор оқуға шақырып жүр... университет рекгоры Қ.Бисенов білім ордасының жетістіктері мен білім беру жолындағы мақсат, міндетгер турасьшда жергілікті БАҚ кұралдарының өкілдеріне арнап брифинг берді//Ақмешіт апталығы.-2014.-20 тамыз.-5 б.

13

10

Ә.Бозанова,Университет үздік ондықтың қатарында:университет рекгоры Қ.Бисенов білім ордасының жетістіктері мен білім беру жолындағы мақсат, міндетгер турасьшда жергілікті БАҚ кұралдарының өкілдеріне арнап брифинг берді //Халық.-2014.-21 тамыз.-6 б.

14

11

М. Байназарова, БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновпен сұхбат//Айқын.-2014.-21 тамыз,№149(2543).- 30 б.

15


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде



12

Д.Сәтбай, тарих ғьлымдарының докторы, Соғысты бастау оңай, аяқтау қиын: Украина мен Ресей арасындағы саяси ахуал туралы ой //Әлімсақ.-2014.-№7, шілде.-9 б.

18

13

Қ.Омаров, ҚР Тарих және қоғамдық  ғылымдар академиясының мүшесі.Сандал-көгін ойнатқан Садық Сұлтан: он жыл бойына ұлт-азаттық күрестің жалауын қолынан түсірмеген батыр туралы//Түркістан.-2014.-14 тамыз.-8б.

19

14

А.Төремұратова,Би әлемін бағындарған «Томирис»: Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Хореография» мамандығының оқытушысы Г. Мырзабаеваның өнер жолы туралы //Ақмешіт апталығы.-2014.-23 тамыз.-4 б.

23

15

Вл.Воробьев, Танцевальное ожерелье: о танцевальном ансамбле областной филармонии «Томирис»,//Кызылординские вести.-2014.-23августа.- С.16

25


Қазақстандағы жоғары білім, ҒЫЛЫМ және МӘДЕНИЕТ

Серік ПІРӘЛИЕВ,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы аймағындағы  Ректорлар кеңесінің төрағасы.

Ұлт болашағына ұлы бағдар

Жолдау жолдары

әрбір қазақстандықты ізденіске жұмылдырып, алға ұмтылуға міндеттейді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты үстіміздегі жылғы Жолдауын Қазақстан халқы асқан қуаныш сезіммен, зор ықыласпен қарсы алды. Еліміздің тарихында өте үлкен саяси оқиға болып отырған бұл Жолдау Елбасы көрсеткен барлық шаралардың өте маңыздылығымен ерекшеленуде. Аталған шараларды халқының жүзеге асыратынына кәміл сенген Елбасымыз биылғы он сегізінші Жолдауының алтын діңгегі, темір қазығы етіп «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынып отыр. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрген 22 жыл ішінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан тұрақты түрде қарқынды дамып келе жатқан ел екенін бүкіл әлем мойындады. Мұндай аса үлкен жетістіктерге жету тек алдына ұлы мақсаттар қоя білген ғасырлар тоғысындағы аса көрнекті саясаткер Елбасының ақылы мен терең білімінің, кемеңгер басшылығының арқасында ғана жүзеге асырылды.

1997 жылдың аяғында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі еліміздің даму бағдарламасын қабылдаса, араға 15 жыл салып, 2012 жылдың аяғында, қалыптасқан мемлекеттің «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын жариялады. Әркімді заман билеп арпалысып, айқасып жатқан кезеңде бар сезімді ақылға салып, өткен дәуір мен жаңа кезеңді салыстырып, саралап жол сілтейтін, осындай аласапыран уақытта халықтың арман-мұратын, қажыр-қайратын жасампаз арнаға қарай бұру Елбасымыздың алдында тұрған алыстан болжағыш аса маңызды міндеті іспеттес. XX ғасырдың басында алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп айтпақшы, Нұр­сұл­тан Әбішұлы ұсынған Стратегия бола­шаққа бағдаршам болары анық.

Елбасы осыдан 15 жыл бұрын: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады», – деген еді. Бүгінгі күні осы меже орындалды. «Қазақстан — 2030» тоталитарлық жүйенің санаға сіңірген, қорқыныш ұялатқан қанды тегеурінінен елді аман алып шығып, уа­қыт талабына орай өркениетті өмірдің заң­ды­лықтарына сай ұлт тәрбиелеу, тұрмыс, экономика, мәдениет, өнердегі өресін өсіруге бағытталса, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекетті одан әрі жетілдіріп, әлемнің көшбасшы елдерімен иық тірестіре алатындай жағдайда өмір сүретін болашақ ұрпаққа арналған бағдарлама және 2012 жылғы желтоқсан айындағы он жетінші Жолдаудың стратегиялық мақсаты мен оның саясаты ең бірінші кезекте жас­тар­ға арналған еді. «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында Елбасы қалыптасқан мемлекет алдына алдағы жылдарға қатысты айқын міндеттер қойып, бұл міндеттердің орындалуы үшін нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде Мемлекет басшысы айтқан 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына кіруін айрықша айту керек. Осы ретте Елбасының Жолдауында атап көрсетілген негізгі тапсырмаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастыру әрбір ұжым үшін үлкен міндет. Шындығында, Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл­ғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – келе­шегіміздің кемел де кемеңгер жоспары болып табылады. Президенттің жыл сайынғы жолдаулары бір-бірімен тығыз байланыста әрі әрбір Жолдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігі заңдылыққа айналған.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жыл­ға қарай мықты мемлекеттің, дамы­ған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екендігін жариялаған Президентіміз халықтың көкейіндегі мәселелерді тап басып, алдағы міндеттерді көрегендікпен айқындап, келешегіміздің кемел көкжиегін көрсетті. Сонымен қатар, ол көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың бірқатарына жауап берді де. Мысалы, Қазақстанның мәңгілік тәуелсіз ел болып қалуының бағдарламасын айқындап, осы мақсатқа

3

жету үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықша жұмылып қимыл­даудың стратегиясын жасап берді. Бұл мақсатқа жету үшін өте ауыр жолдардан өтуіміз керек екенін басып айтты. «Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһан­дық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жа­һан­дық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. XXI ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды», деп қадап айтқан Елбасының сөзі үлкен қуанышпен қатар пәрменді жауапкершілікті де жүктері анық. Бұл Жолдауда қазақ ұғымына аза­маттық ұғым ретінде қарауға бет бұру керек екені байқалады. Жалпы, «біз кім­біз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» – деген сауалдардың нақты жауабы осы.



Жолдауда 1997 жылы жарияланған «Қазақстан-2030» бағдарламасының негізгі қорытындылары шығарылды. Егемендіктің арқасында ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, керегесі кең елге айналдық. Тұрақтылық пен келісім салтанат құрған тәуелсіз Қазақ елінің бағындырмайтын қамалы, алмайтын асуы жоқ екені белгілі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық бірлік пен келі­сімді нығайтушы күш болумен бірге, тату­лықтың ерекше үлгісі мен рәмізіне ай­налып отыр. Елбасының сөзімен айтқанда «тыныштықтың арқасында қазір­гідей мақтанатын халге жеттік». «Бірлік бар жер­де тірлік бар», деп дана халқымыз бекер айтпаған. Тек ауызбіршілік пен ын­­ты­мақ жарасым тапқан елде ғана бере­­ке­лі тірлік орнайды. Бұл тұрғыда Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында аузын айға білеген алпауыт елдерге Бейбітшілік пен Келісімнің салтанатты үлгісін көрсе­тіп келеді. Ата-бабамыз армандаған Тәуел­сіз­дігіміз бүгінде толыққанды орны­ғып, қазір­гі таңда Қазақ елін бүкіл әлем таны­ды. Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі, экономикасы мен халқының әл-ауқатының артуы елімізде жүргізіліп отырған саясат­тың нақты нәтижесі екендігі сөзсіз.

Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ұлттығы­мыздың ұлы шаңырағы Астананың қарыштап дамуы, өркендеуі Қазақстанның мәртебесін асқақтатып отыр. Елорда – ел өркендеуінің негізі , саяси тұрақтылықтың, экономикалық өрістеудің орталығына айналды. Осыған қоса, дүниежүзі дін бас­шыларының басын біріктіріп, татулықтың символына айналған діндер съезі адамзаттың өзекті мәселелерін шешу­­дегі діни конфессиялардың рөлін айқ­ын­дап, халықтардың өзара үйлесімді дамуына септігін тигізуде. ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесін өткізу мен ЕҚЫҰ Сам­­митін ұйымдастыру да – ел алдын­дағы жауапты іс әрі Астананың мол мүм­кіндігінің тағы бір көрінісі. Бұл біздің еліміз Қазақстанға деген құрмет, Елбасымыздың әлем алдындағы биік абырой-беделі. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар әрқайсымызға үлкен мін­деттер жүктейді. Бұл 2050 жылға дейін­гі кезеңді қамтыған Жолдаудың әрбір бағытында айтылған тапсырмаларды орын­дау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Елбасы атап өткендей, «біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекше­ліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз». Дегемен де, еліміз нарықтық экономикаға, азаматтық және құқықтық қоғамға бет бұрғанымен, тіпті белгілі дәрежеде табысқа жетіп жатқанымызбен, әлемдік бәсекелестікке төтеп беру оңай шаруа емес. Осы тұрғыдан келгенде ұлы мұрат пен елдік мүддені көздеген маңызды Жолдаудың қазақстандықтарды алыс болашаққа бастайтыны ақиқат. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм саясаты негізінде бүгінгі таңдағы көз­қарас­тар мен ұстанымдарды түбегейлі өзгертуіміз керек. Онда жаңа кадр саясаты, бюджет, салық, ақша-кредит саясаты Ұлттық банк пен Үкімет жұмысының ең өзектілері болуға тиіс. Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жобасын енгізу, шикізат тұтынудағы технологияны өзгерту, Ұлттық қор арқылы үшінші индустриялық революцияның нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып, болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыру, энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамыту стратегиясын жасау керек.

Елімізде, жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру Жолдаудың басты тапсырмаларының бірі. Елбасы: «Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалы­сыңыздар. Немқұрайлық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деп жастарға ерекше

4
тапсырма берді. Миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе. Бірақ патриотизм жасанды емес, шынайы болғанда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі – Отан. Ал мұның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Бүгінгі күні патриотизм мәселесі жаһандану, ин­тер­­национализация, мемлекетаралық, аймақтық және әлемдік ықпалдастық жағдайында жаңаша мәнге ие болуда. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға бол­май­ды. Өз халқын басқа ұлттар мен эт­нос­­­тарға қарсы қоюға бағытталған пат­риотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік ниги­лизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. «Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді» – деген кезінде орыстың ұлы ағартушысы Н.Г.Чернышевский. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әр­қашан аталарымыздың бойынан табыл­ған. Мысалы, елімізде өмір сүріп жат­қан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөген­­бай, Қабанбай, Ахмет, Әлихан, Мұс­тафаны Отанын қорғаған батырлар ретін­де тануы және өз қаһармандары ретін­де қабылдаулары керек. Себебі, өзге диас­по­ралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай.

Сол себепті Қазақстанды мекендеген бар­лық ұлттарды Елбасы ортақ бір мүд­дені жүзеге асырып, елдегі татулық пен ын­тымақтастықты аялап сақтауға шақырады.

Патриотизм халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштасқанда ғана сіңімді әрі әсері мол болады. Бұл Отанның иесі қазақ деген халық кеше ғана пайда болған жоқ. Халқымыздың сан ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді. Жастар шындығында ескі жүйе қирап жатқан кезде саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар тұсында өскен жаңа ұрпақ. Ал тәуелсіздіктің құрдастары ХХІ ғасырдағы мемлекетіміздің болашағын анықтайтын ұрпақ. Ата-бабаларымыздың патриоттық даңқы ешқашан өлмейді. Біз тек қан арқылы беріліп келе жатқан патриоттық рухымызды қайта оятып, асқақтата алсақ болғаны. Елбасының сөзімен айтқанда «Бабалардың ерлігі, аға буынның ерен істері және жас ұрпақ жасампаздығы арасындағы сабақтастық болса ғана біз Мәңгілік Ел боламыз. Жаңа қазақстандық патриотизмнің негізінде осы стратегиялық мақсат ұлттық идеяға ұласуы тиіс. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп қадап айтуында үлкен көрегендік пен зор мағына бар.

Биылғы жылы Елбасы Жолдауы көңілге үлкен сенім ұялатқан болашағы айқын барлық буын өкілдерінің басын біріктіретін, ұрпақтар сабақтастығына үндейтін тарихи мәні зор құжат. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпықазақстандық ұлттық идея, бабаларымыздың арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құ­рып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түті­ні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сенім­мен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», – деген Президентіміздің оптимистік рухтағы сөздері бәрімізге үлкен серпін берді. Сондықтан да бұл Жолдаудағы Мәңгілік Ел болу идеясының орны мен рөлі ерекше.

Мәңгілік Ел болу үшін оның іргетасы ұзақ уақыттан бері тыңғылықты қаланып, өлшенбес еңбек етілгендігін естен шығар­мауымыз керек. Осы тұста Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы мен 2013 жылы 3 қыркүйекте Астанадағы Назарбаев Университетінің қабырғасында өткізген «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбы бойынша өзінің интерактивті дәрісінде отандық білім беру мен ғылымның даму жолын тағы да бір саралап оның басты бағыттарын белгілеп берген, қойылған талаптардың іске асуы да осы Жолдаудың аясында қаралуы тиіс. Елбасының: «Тәуелсіздікке қол жеткіз­геннен де, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!» – деуі бекер емес. Елбасы білім қоғамына жетудің ең тиімді жолы еңбектену, ащы тердің өзіндік құны, әсіресе, бәсеке ғасырында өте жоғары екенін жастарға барынша мұқият түсіндірді. Жастайынан қызыл оттың алдында құрыш қайнатып шыныққан адамның сөзі құрғақ ақыл емес екені белгілі.

Халық тағдыры таразыға түскен шақта елді ешқандай шығынсыз, соғыс қырғанына ұшыратпай аман сақтап қалу, бұрынғы қылышынан қан тамған Кеңестер Одағы мен коммунистік партияның бұғауынан босату, тәуелсіздікке қол жеткізу сияқты ең қасиетті мәселелер күн тәртібінде тұрды. Мұндай киелі істі орындау халық қамын ойлайтын ерлердің басын біріктіре алатын шебер ұйымдастырушы, аса көреген саясаткер, ақылды да білімді, асқан парасатты адамның ғана қолынан келетін іс еді. Ондай адам көп қиындық көрген халқымыздың бағына туған Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

Қазіргі замандағы Қазақстанның басқа көптеген елдерден артықшылығы – кемел ойлы, кемеңгер басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болуы. Біздің қазіргі таңда телегей табыстарға жетуіміздің ең басты себебі – Ел басында ғасырлар тоғысындағы аса көрнекті саясаткер, көреген басшы Н.Ә.Назарбаевтың тұруы деп зор сеніммен айтуға болады. Қазақстан халқының Мәңгілік Ел болуға деген үлкен сенімі мен еңбектегі ерлігі, қажымас қайраты мен өмірдегі табандылығы әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы қатарынан өзінің орнын ойып алуға әбден лайықты екенін дәлелдейді.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назар­баевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында Қазақстан күннен-күнге өмірдің барлық саласы бойынша жедел қарқынмен даму үстінде. Оның халық­аралық деңгейдегі беделінің, дипло­матиялық істердегі көрегендігі мен зор қабілетінің арқасында Қазақстанды қазіргі таңда барлық ірі мемлекеттер мойындап, тығыз саяси, сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастар орнатып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың алыстан толғап, алдағыны болжайтын ақыл-ойы алғыр, келешекті көре білетін парасат-пайымы шалқар, өз заманының заңғар тұлғасы екенін айдай әлем мойындап отыр. Мысалы, саясат майталманы әйгілі «темір-леди» Маргарет Тэтчердің «Қазақстан басшысы – әлемдегі ең үздік бес-алты қайрат­кердің бірі» деп бағалауы тегіннен-тегін емес. Мұндай бағаны Ресейдің, Қытайдың, АҚШ-тың, Германияның, Түркияның және басқа да әлемнің ең ірі мемлекеттерінің бірінші басшыларының ауыздарынан естіп, Елбасымыздың әлемдік деңгейдегі аса ірі саяси тұлға екеніне куә болып жүрміз.

Әрине, осындай жүрекжарды пікірлер Елбасының басшылығымен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатта аз уақытта жеткен мол жетістіктеріне берілген әділ баға деп түсінген дұрыс.Қазақстанның бүгінгідей биікке көтері­ліп, бүкіләлемдік беделге ие болуы оңайлықпен келген жоқ. Бұл жолда ең алдымен Елбасымыз түн ұйқысын төрт бөліп, терең толғанды, тебірене ойланды, тер төгіп, еңбек етті. Оның үлкен жүректі абзал азамат, халқының аманатын қайыспай көтеретін нар тұлға, жаңа тұрпатты мемлекет қайраткері ретінде еліміздің игілігіне сіңірген ерен еңбегі әмбеге аян.

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студент­тері мен ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын аса зор ынта-ықы­ласпен, қоғамда терең өзгерістер әкелетін жақсылыққа толы хабар ретінде қарсы алды. Университеттің барлық институттары мен факультеттерінде, кафедралар мен басқармаларында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, студенттер дәрісханаларында Елбасы Жолдауы қызу талқыланып, онда көрсетілген талаптар мен міндеттерді жүзеге асырудың жолдары қарастырылуда. Жолдауда көрсетілген іс-шараларды орындау үшін белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстары күннен-күнге қарқын алуда.

Әсіресе, Президентіміздің білім беру мен ғылым саласына байланысты Жолдауда айтқандарын терең талдап, Елбасының ұстаздар қауымы мен оқушы жастарға деген әкелік қамқорлығына шынайы ризашылықтарын білдіруде.Сөз соңында айтарымыз, Елбасымыз­дың Жолдауы – Қазақстанның әлеу­мет­тік-экономикалық, саяси және мәде­ни дамуы­ның барлық қырларына терең талдау жа­сайтын аса маңызды тари­хи құжат. Біздің бәріміз талай рет жүгі­не­тін, шешуі қиын санқилы сұрақ­тар­­дың айқын жауаптарын таба алатын, жарқын болашақтың сара жолын көрсетіп беретін маңызды құжат.

//Егемен Қазақстан.-2014.- 6 тамыз.- 3 б.

Рахман АЛШАНОВ, ректор университета "Туран", президент Ассоциации высших учебных заведений Казахстана, профессор



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет