АЗАМАТ. АКАДЕМИК. ҚАЙРАТКЕР
Елімізге белгілі ғалым Байзақ Момынбаевты еске алу
Ибрагим ӘБИБУЛЛАЕВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Қазақстан-Ресей Ғылым академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, елімізге еңбегі сіңген ғылым қайраткері Байзақ Момынбаевтың өмірден озғанына бір жыл уақыт өтіпті.
Уақыт өткен сайын болмысы айқындала түсетін айрықша жандардың қатарындағы ғалым бастауыш, орта және кәсіптік білім сабақтастығының теориялық- педагогикалық негіздерін қалыптастырушы тұлға есебінде де танымал. Туған еліне, білім саласының өркендеуіне зор еңбегін арнады. Сондықтан да ол ұрпақ санасында сөнбес сәуле болып қала бермек.
КІМ КЕЛІП, КІМ КЕТПЕГЕН БҰЛ ҒАЛАМНАН!
Сүйікті досымыз Байзақтың ортамыздан кеткеніне жылға жақындапты. Кідіріссіз мезгіл өтіп жатыр. Менің сезімімде Байзақ бізбен бірге жүргендей, сапардан оралардай, шүйіркелесіп кездесетіндей, құшағын айқара ашып, кеудесіне сағынып басатындай болады да тұрады. Оны жоқ деп, енді мәңгі көрмейтінімді ойлау қиын.
Біз Әбдіғаппар, Байзақ, Сахабаддин бұрынғы Ленин колхозы, үшінші ауылдың топырағында, бір жылда кіндік қанымыз тамып дүниеге келгенбіз. Тағдыр өсе келе бір ауданның екі-үш ауылында әкеле¬ріміздің қызметіне байланысты қоныс аударғанымызбен, ата-аналарымыздың достығы, туысқандығы бізді де достастырып, осы күнге дейін жұбымыз жазылмаған еді.
Байзақ екеуміз Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінде оқыдық, ол менен бір жыл бұрын түсіп бітірді. Кеңестік дәуірдің мектебінде, жоғары оқу орнында тым тәуір білім алдық. Жан-жағымызға қарай ата-аналарымыздың, білім берген ұстаздарымыздың «қатарыңнан кем болма, қатарыңның алды бол» деген бата тілектеріне лайық өсіп, халқымызға адал еңбек етіп, еліміздің абыройлы азаматы болуды мақсат тұттық. Біз түскен факультет пәндерінің барлығы орыс тілінде оқытылды. Бір ауыз сөзді орыс тілінде таза сөйлемейтін бізге, бұл жағдай оңай соққан жоқ. "Басқа түссе баспақшыл” дегендей, басқа ұлт студенттерімен араласып бірге жүргендіктен, намысқа тырысып оқудың нәтижесінде дипломды «өте жақсы» бағамен қорғап, мен елге, Байзақ сол білім ордасында білімін жалғастыруға қалған болатын.
Біздің тәуір білім алуымызға сол кездегі ректор Х.Арыстанбеков, бірінші проректор И.Қыпшақбаев, ауыл шаруашылығы техникасы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.Алшынбаев, доцент Ө.Атымтаев, декан А.Ержанов, профессор И.Сахаров, Якубов, Тәжібаев, Тен, т.б. ұстаздарымыздың еңбектері айрықша болды.
Байзақ сол ұстаз ғалымдарға еліктей жүріп, сол кісілерлей ғалым болуды алдына мақсат етіп қойды, қажымай, талмай ізденіп, сол мақсатына жетті.
Әлемнің айтулы-айтулы жоғары оқу орындарына дәріс беріп, бірнешеуінің профессор атағына ие болып, Ресей мемлекетінің ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі атағына дейін қол жеткізді. Байзақтың әсіресе біздің отбасымызға ықыласы мол болды. Іссапардан келсе, айту-ескертусіз Жиентайдың шайын сағынып келдім деп, соқпай кетпейтін. «Балаларым талабымды орындамады, енді немелерімізді табыстырайықшы» деп әзіл-шыны аралас ойын айтып қоятын.
Араға қырық жыл салып туған еліне келіп, Қызылорда мемлекеттік университетін бірнеше жыл басқарып, үлкен абыройға бөленген Байзақ барлық мақсаттарын орындады. Аяқ астынан сырқаттанып туған елін, бізді, бауырларын, әріптестерін, мақтан тұтатын ұлдары мен немерелерін қалдырып кете барды.
Байзақ тарихымызды, салт-дәстүрімізді терең меңгерген, өнерлі әнімен көптің ішінде салиқалы әңгіме-сөзімен отырыстың көркі болатын. Бауырлары, апасы Тай, жездесі Батырхан, ағасы Өмірзақ пен олардың балаларына деген қамқорлығын есінен шығармайтын. Біздің де басымызды қосып, іздеп, жиі-жиі бірге болғанымызды
18
қалайтын. Елу жасқа толғанында арнайы Алматыдан келіп, бізге туған жерге апаруды өтініп, бір аунатсаңдаршы деп өтінген соң, «Сәтбаевтың» күнгей бетіне апарып, тікенді жантақтың үстіне аунатқанымыз бар.
Байзақтың қазақ елінің ғылымына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланса, дүниеден озған кезінде, мыңдаған халықтың жиналып бақұлдасудың өзі әулетінде жарты ғасырдай жанында болған біздерді тебірентіп жіберді.
Естелігімді ақиық ақын М.Мақатаевтың:
Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан.
Келер ұрпақ аттанған қуған арман,
Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан, – деген уытты жырымен аяқтаймын. Бақұл бол, аяулы дос!
***
Бақытхан ӘБДІКӘРІМОВ, ҚМУ-дың гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
БАЙЗАҚ АҒА ЖАЙЛЫ БАЙЫПТЫ БАЙЛАМНЫҢ БАСЫ
Академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев өмірінің соңғы жылдарында Сыр еліндегі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды. Оның сол уақыттағы ғылым, білім, тәрбие бағыттарындағы жасаған бастамалары есімізде, солардың куәсі де болдық. Аяулы ағамыздың өмірден озғанына да бір жыл болды.
Жақында ғана «Атамұра» баспасынан Байзақ Көпірбайұлының өмір жолы мен қызметіне арналған «Академик» атты кітап жарыққа шықты. Бұл – көзі тірісінде азаматтығымен, адалдығымен, ақпейілдігімен, іскерлігімен өзіне ескерткіш орнатып кеткен атпал азаматтың өмірден озғанынан кейінгі көзкөргендердің байыпты байламы. Кітапты құрастырғандар – ағасы Өмірзақ Момынбайұлы, экономика ғылымдарының докторы, ұлы Жомарт Момынбаев және әріптесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенұлы.
Ө.Момынбайұлының алғы сөзімен басталатын кітап академиктің өмірбаяны, қызметі, ғылыми еңбектері мен оралымды ой-пікірлерімен ашылған. Мұнан әрі "Жадымыздан өшпейді жарқын бейнең”, "Әріптестері әңгімелейді”, "Сағыныш саздары”, «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» сияқты тараулардан тұрады. Алғашқы тарауда академиктің ғылыми еңбектерінің тізімі, алған марапаттары, ғылыми атақтары мен дәрежелерінің құжаттарының көшірмелері берілген. Келесі тарау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухамановтың «Жүрген жері Мысыр шаһар еді» деген тебіреніске толы мақаласынан басталып, академиктер К.Ормантаев пен Н.Надировтың, көзі тірісінде айнымас дос болған профессор А.Сейдімбектің, Халық Қаһарманы Т.Әубәкіровтің Байзақ аға жайлы пікірлерімен, ақын досы Иран Ғайыптың өлеңімен толыға түседі.
«Әріптестері әңгімелейді» атты тарау профессор Қ.Бисеновтің «Асыл аға» мақаласымен басталып, академик Т.Есполовтың, ақын Ә.Рахымбековтің, профессорлар Қ.Құдайбергенов пен Б.Қожамберлиевтің Байзақ Көпірбайұлы жайлы оралымды ойларымен әдіптелген. «Сағыныш саздары» атты тарауда Байзақ Көпірбайұлының туыс бауырларының тебірене жазылған сағыныштары мен ұлдары Марат пен Жомарттың әкелеріне деген ыстық ықыласы берілген.
«Тектіден текті туады...» тарауында жүйе түрінде Ө.Момынбайұлы құрастырған Алтын руының шежіресі мен тарихшы Б.Ахметбектің «Алтын баба ұрпақтары» атты көлемді ғылыми мақаласы берілген. Бұл тараудағы Ш.Әшірбековтің «Он екі қасиет – жастарға өсиет» атты мақаласы жастар тәрбиесі үшін таптырмайтын танымдық дүние.
Кітапта сонымен қатар, академик Б.Момынбаевтың өмір жолына байланысты суреттер берілген. Техникалық жағынан жоғары сапада безендірілген кітаптың мазмұны да бай, көңілге қонымды. Біздің айтарымыз аталған еңбек Байзақ аға жайлы пайымды байламның басы ғана. Ол туралы әлде де жазыла бермек. Себебі, Байзақ Көпірбайұлының мәңгілік өмірі енді басталды.
***
Жеңіс СӘДУАҚАСҰЛЫ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
СЫРЛАС БОЛМАСАҚ ТА, СЫЙЛАС ДОС ЕДІК
Осы бір абзал азаматпен таныс болуым жарты ғасырдан астам уақыт бұрын бас¬талғанымен, уақыт шіркін арамызды біраз жылға алшақтатып барып, қайта табыстырған еді.
Өткен ғасырдың орта тұсында «жетіжылдықты бітірген соң, білімді қайдан, қалай жалғастыруға болады?» деген ой орта мектебі жоқ орталықтан шеткері жатқан елді мекен балаларының, олардың ата-аналарының басын ауыртатын мәселе болғаны белгілі. Көпшілігі қалалық жерлерден ағайын не интернаты бар мектеп іздеп кететін. Бұл жағдай 1960 жылы теңіздің сонау бір қиыр шетіндегі «Ұялы» деген балықшы ауылдан жетіжылдық мектеп бітірген менің де басыма туған. Сондай бір себеппен осы Қызылорда қаласында тұратын жиен ағамыздың үйінде жатып, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 мектептің сегізінші сыныбында оқуыма тура келді. Міне, мен марқұм Байзақпен осы сыныпта оқыған кезімнен таныспын.
Менің бұл мектепте бір-ақ жыл оқуыма тура келді. Қазір сол кезде бірге оқыған ұл-қыздардан бірлі-жарымы ғана есте қалған және олармен ара-тұра кездесіп қалғанда да, амандық-саулықтан әрі аса алмаймыз. Ал Байзақпен қайта табысуымыз олай болмады, алғашқы көргенімізден-ақ бір-бірімізді күнде көріп жүргендей шүйіркелесіп, кәдімгі достардай шұрқырасып қалыстық.
Ұмытпасам, 1990-жылдардың басы болуы керек, менің Алматыда докторлық диссертация жазу жұмысымен жүрген ке¬зім, темір жол вокзалында екеуміз қарсы кездесіп қалдық та, қалт тұра қалдық. Біршама уақыттан кейін «Сен Байзақсың», «Сен Жеңіссің» деп құшақтаса кеттік. Бұл біздің мектептегі біржылдық достықтан кейінгі 30 жылдан соң кездесуіміз екен. Екеуміз де сол жерде бір сағаттан астам әңгімелестік. Бұдан былай хабарласып тұруға уәделестік.
Біржылдық достық демекші, мектепте екеуміз басқа балаларға қарағанда бөлекше достықта болдық. Бізді жақындастырған да, бір жағынан мінезіміздің сәйкестігі болар, екінші жағынан екеуміз де өнерге, соның ішінде әсіресе домбыраға, әнге жақын болатынбыз. Сабақта да бір-бірімізге көмектесіп, жақсы оқуға тырыстық. Дегенмен, сол тұстағы отбасы жағдайы мен үшін теңдесі жоқ үлкен қала болып саналған Қызылордада оқуымды жалғастыруға мүмкіндік бермеді, Қазалыға ауысуға тура келді. Осылайша біздің арамыз алшақтап, тіпті бір-бірімізді ұмыту дәрежесіне жеткен кезде, міне, үйлі-баранды, ғылымның пұшпағына жармасып жүрген кезімізде тағдыр біздің жолымызды тағы тоқайластырды. Бұл кезде ол ғылым шыңына әжептәуір көтеріліп қалған екен – ғылым докторы, профессор, Алматы ауылшаруашылық институтында кафедра басқарады.
Кейініректегі бір кездесуде болған әңгімеден ұққаным – оның ғылыми бағыты республиканың жоғары оқу орындарында бұрын-соңды болмаған «Жоғары оқу орындарының педагогикасы» екен де, соның ішінде техникалық мамандықтарға арналған пәндерді оқыту. Шынында да, біз оқып жүрген кезде де, одан бұрын да «Жоғары оқу орындарының педагогикасы» деген пәнді естіген емес едік. Біз оқыған «Педагогика» пәні мектеп пәндерін оқы¬туға ғана арналған болатын. Осы тұста ғана Бәкеңнің ғылыми жұмыстарының қаншалықты маңыздылығына көз жеткіздім.
Бұдан кейін де Алматыға барғанда анда-санда хабарласып тұрғанымыз болмаса, етене араласып кете алмадық. Ол тұс «балапан басына, тұрымтай тұсына» болған кез еді ғой. Кейінірек Байзақ облыс аумағынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа түсу мақсатында бірнеше мәрте келгенде де жай ғана кездесіп, сәлем-сауқат сұрасқанымыз болмаса, ұзақ отырып әңгіме-дүкен құруға уақыт болмады. Сөйтіп жүріп ақыры біздің университетке ректор болып тағайындалғанын білдік. Әрине, бір жыл да болса бірге оқыған, таныс достың бізге басшы болып келгенін, басқаларды қайдам, өз басым ризашылықпен қарсы алсам да, іштей осы басшылық оның ғылыми ізденісіне кедергі келтірмес пе екен деген күмәнім де болды.
Байзақ университетке келгеннен кейінгі алғашқы Ғылыми кеңесте-ақ өзінің менімен бір сыныпта оқығандығын дүйім жұртқа паш етті. Мұның өзі ойында қал-палы жоқ, ақкөңіл де ақжарқын жан екендігін көрсетсе керек. Бұдан кейін жиындарда, кейде ғимарат ішінде жиі кездесіп, амандық-саулық сұрасып тұратын болдық. Ол келген бойда-ақ ғылымға баса назар аударды: әсіресе қазіргі кезең соны талап ететінін айта келіп, ғылым жолында қандай көмек қажет болатын болса да қолдайтынын ескертті. Өзінің ғылым жолындағы еңбектерімен таныстырды. Әсіресе, осы бағытта жүрген жастарға сенетінін білдірді. Өзі де республика ғана емес, Ресей ғалымдарымен терезесі тең жан екендігін білдіріп отыратын.
Осыдан 4-5 жыл бұрын Бәкең қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірушілер үшін Мемлекеттік аттестация комиссиясының төрағасы етіп ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбековті шақыртыпты. Бұрын атын естіп, шығармасымен таныс болсақ та, өзін алғаш көруіміз еді, кескін-келбетіне, жүріс-тұрысына көңіл тоятын кісі екен. Өзі аппақ, бойы тіп-тік, әңгімешіл, ойлы көзімен тура қарап сабырлы сөйлейді. Киім киісінің өзі, анда-санда тіл астына тастайтын насыбайын салған оюлы шақшасының өзі серілігін айқын білдіріп тұрады. Емтихан кезінде, қазақ әдебиетін де, тілді де өте терең білетінін байқатып отырды. Көбіне бізге көбірек ерік беріп, өзі тыңдаушы болады. Емтихан біткен кездегі қорытынды жиында «бітірушілеріңіз сөйлем талдауға тәуір екен, шамасы ұстаздарына ұқсаған тәрізді» деген мақтау айтты, біз оған қуанып қалдық.
Ол кісілер кеткеннен кейін Бәкең мені шақырып алып, Ақселеу Сейдімбековтің менің атыма айтқан «атақ-дәрежесіне лайық нағыз ғалым екен» деген мақтау сөздерін атап тұрып айтқанда, сол жерде отырған біршама адамның алдында едәуір қысылып қалдым. Менің қысылғанымды байқаған Бәкең дереу бұл айтып тұрғанының шындық екенін, оны осы отырған кісілердің бәрі естігенін айтты. Мен ректордың мұнысына риза болдым, мұны, бір жағынан басшының өз қарамағындағы кісілерге сырт адамның ауызынан айтылған мақтау сөзге ризашылығы деп, екінші жағынан досқа достың адал көңілі деп түсіндім.
Бәкең қазақтың дарқан даласындай, арқа-басы кең, жұртқа өте сенгіш кісі болатын. Өйткені басшы болған жылдар ішінде, Ғылыми кеңес мүшесі бола жүріп, қарамағындағы қызметкерлердің бірде-біріне дауыс көтеріп, ашу шақырғанын естіген емеспін. Қалай болғанда да, менің жеке ойымша, оның басшылық жұмыс атқарғанынан гөрі, нағыз ғылымның адамы ретінде артына мол мұра қалдырғаны маңыздырақ болды. Міне, осындай ірі ғалымның өмірден өзғанына да жыл толыпты.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
//Сыр бойы.-2014.- 3 Сәуір.- 3б.
20
Н.Шәкім,
100 томдық «Бабалар сөзі»
оқырманға жол тартты
Сейсенбіде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында «Бабалар сөзі» атты қазақ фолъклорының ІОО томдығының тұсаукесер рәсімі өтті.
Бір айта кетерлігі, алғашқы тұсаукесері Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Парламент депутаттары және зиялы қауым өкілдерінің катысуымен өткізілген болатын.
Енді міне, Сыр шаарында таныстырылым шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Фолиант» баспасының редакторы З.Әбдімхан, Сыр өңірінің зиялы қауым өкілдері және студенттер қатысты. Бұған дейін ешбір елдін тарихында болмаған жаңа туынды қазақтың байырғы салт-санасы, мақал-мәтелдері, батырлар жыры сиякты ұлттык бай мұраларымыздан сыр шертеді. Аталмыш кітап Астана қаласындағы «Фолиант» баспаханасында басылған.
Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында колға алынған «Бабалар сөзі» кітабы батырлык жырдың - 20 томы, діни дастандардың - 7 томы, тарихи жырдың -13 томы, ғашықтық дастандардың - 8 томы, хикаялық дастандардың - 13 томы, ертегілердің 5 томы болып жарыққа шықты. Бұл оқырман қауымға көлемді болып көрінген ірі жанрлар ғана. Одан өзге шағын жанрлар 1-3 том болып жарыққа шыкқан. Талмай еңбек еткен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен «Фолиант» баспасы осындай ірі жұмысты абыроймен атқара білді.
Жиында сөз алған «Фолиант» баспасының редакторы З.Әбдімхан кітап беттерінде жарық көрген туындыларды жік-жігімен атап көрсетті. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысқан Қызылорда қаласындағы «Сырдария кітапханасының» жауапты редакторы Б.Кәрбозов егемендік жылдарында басылып шыкқан кітаптарды тізбектепайтып, ұлтымыз ңшін игі бастама болып табылатын көп- томдықтың шығуына мұрындық болған баспаның жұмысына табыс тіледі.
//Халық.-2014.-3 сәуір.-7 б.
21
Владимир ВОРОБЬЁВ,
ВЕЛИКОЕ НАСЛЕДИЕ ПРЕДКОВ
Столичное издательство «Фолиант» завершило работу над 100-том-ной серией «Бабалар сөзi» в рамках программы «Культурное наследие». В создании серии приняли участие ведущие учёные и литературоведы страны. Они смогли собрать уникальные образцы казахского фольклора с древнейших времён и до наших дней.
В регионах Казахстана состоялись презентации этой серии. В нашей области она прошла в Кызылординском государственном университете имени Коркыта-ата.
Художественный редактор издательства «Фолиант» Зангар Каримхан, доктор филологических наук, профессор Багдат Карбозов, заведующий кафедрой казахского языка и литературы КГУ имени Коркыта-ата Габит Туякбаев, член Союза писателей Казахстана Аскербек Рахимбекулы, директор научно-технической библиотеки КГУ Жаман Абенова рассказали молодым читателям о традициях устного народного творчества, о ходе работы над серией «Бабалар сөзi».
//Кызылординские Вести.-2014.- 3 апреля. С.4
22
Аскар ТОИНБЕКОВ,
ЗНАНИЯ — ЭТО КАПИТАЛ
В Кызылординском государственном университете имени Коркыта-ата прошла VІ республиканская студенческая предметная олимпиада среди студентов специальности «История».
В олимпиаде приняла участие 21 команда (70 студентов) высших учебных заведений Алматы, Атырау, Аркалыка, Кокшетау, Костаная, Семея, Актау, Павлодара, Караганды, Тараза, Шымкента, Туркестана и Кызылорды.
В первом туре будущие историки сочинили эссе на тему «Движение Алаша и независимый Казахстан», во втором защищали научные проекты, подготовленные на тему «Народ на волне истории». К слову, жюри отметило новизну научных исследований по истории Отечества, крае-ведению, археологии и этнологии, предложенных участниками олимпиады. В третьем туре студенты тестировались по дисциплинам «История Казахстана», «Мировая история».
По итогам диплом первой степени и переходящий кубок олимпиады вручили команде «Ұлы дала айбыны» Казахского национального педагогического университета имени Абая; диплом второй степени – команде «Яссы» международного казахско-турецкого университета имени К.А.Ясауи и команде «Сарыарка» Павлодарского государственного педагогического университета; диплом третьей степени получили команды «КД» Карагандинского государственного университета имени Е.Букетова, Атырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова, команде «Мырзашөл қырандары» университета «Сырдарья» (Южно-Казахстан-ская область).
Победителям олимпиады вручены специальные дипломы министра образования и науки Республики Казахстан. Все участники олимпиады получили благодарственные письма ректора университета, доктора технических наук, профессора Кылышбая Бисенова и ценные подарки.
***
Недавно специалисты бакалавриата, магистратуры и специальности PhD докторантуры Кызылординского государственного университета имени Коркыта-ата успешно прошли аккредитацию Астанинского Независимого Казахстан-ского Агентства по обеспечению качества в образовании (НКАОКО). На заседании НКАОКО принято решение аккредитовать Кызылординский государственный университет имени Коркыта-ата.
Аккредитация проводится с целью признания образовательных программ высшего учебного заведения на соответствие их международным стандартам. Оценивались образовательная деятельность и качество учебных программ. В рамках аккредитации группа международных и отечественных экспертов ознакомилась с учебными корпусами вуза, профессорско-преподавательским составом, работодателями и выпускниками. Кроме того, они посетили лабораторию инженерного профиля «Физико-химические методы анализа», где ознакомились с научно-иследовательскими работами.
//Кызылординские Вести.-2014.- 3 апреля. С.3
23
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ,
БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Момынбаевтың өмірден озғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар бейсенбі күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлектетік университетінің Студенттер сарайында ғалымның өмірі мен қызметіне арналған "Академик” атты кітаптың тұсаукесерімен басталды.
Алматы қаласындағы "Атамұра” баспасынан шыққан бұл басылым "Жадымыздан өшпейді жарқын бейнең”, "Әріптестері әңгімелейді”, "Сағыныш саздары”, "Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады” деген төрт тараудан тұрады. Онда көзі тірісінде азаматтығымен, адалдығымен, ақпейілділігімен, іскерлігімен өзіне ескерткіш орнатып кеткен атпал азамат жайлы көзкөргендердің байыпты байламдары берілген. Кітап марқұмның ағасы Өмірзақ, ұлы, экономика ғылымдарының докторы Жомарт және әріптесі, ҚМУ профессоры Қазыбай Құдайбергенұлының құрастыруымен шығарылған.
Тұсаукесер рәсімді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың бірінші проректоры Абай Жүнісов сөз сөйлеп ашып, облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова айтулы ғалымға арналған еске алу шараларына сәттілік тіледі. Одан әрі ҚМУ-дың гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Бақытхан Әбдікәрімов Байзақ Көпірбайұлының өмірі мен қызметі туралы мазмұнды баяндама жасады. Бұдан соң ғалым жайлы бейнеролик көрсетілді.
Тұсаукесерде сонымен бірге ғалымның сыйлас ағалары, бірге өскен достары, қызметтес әріптестері естеліктер айтты.
Шара жұма күні Қызылорда қаласына қарасты Жақыпбек Маханбетов ауылындағы №143 орта мектепте марқұмға арналған естелік бұрыштың ашылу салтанатына ұласты. Соңынан облыс орталығындағы "Nomad” мейрамханасында марқұмның рухына құран бағышталып, ас берілді.
//Сыр бойы.-2014.-5 сәуір.- 2 б.
24
Д.МАХАНОВА,
Академик жайындағы «Академик» кітабы
Өткен аптада Қорқыт ата атындағы ҚМУ- нің Студенттер сарайында апталдай азамат, туған елінің білімі мен ғылымына тер төккен танымал тұлға Б.Момынбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, жақында ғана «Атамұра» баспасында жарық көрген «Академик» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Студентгер сарайының бірінші қабатында кітап кҡрмесі ұйымдастырылып, шараға қатысушылар «Академик» кітабының мазмұнымен танысты. Кітап мұқабасында профессор Б.Көпірбайұлының суреті мен қолтаңбасы бейнеленген екен. Кітапты құрастырушылар ғалымның ағасы Өмірзақ Момынбаев, ұлы, экономика ғылымдарының докторы Жомарт Байзақұлы және әріптесі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің профессоры Казыбай Құдайбергенұлы.
Кітап ең алдымен Өмірзақ Момынбаевтың алғы сөзімен басталып, академиктің өмірі мен қызметі жайында баяндалады. Кітап одан әрі, «Жадымыздан өшпейді жарқын бейнең», «Әріптестер әңгімелейді», «Сағыныш саздары», «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады», «Мәңгілік өмір басталды» атты тараулар мен ғалымның ғұмырнамалық суреттері енгізілген. Сонымен қатар кітапта облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, академиктер К.Ормантаев, Т.Есколов пен Н.Надировтың, халық қаҺарманы Т.Әубәкіровтың, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің ректоры Қ.Бисеновтің және ақын Җ.Рахымбековтың Байзақ Момынбаев жайлы айтқан естеліктері мен досы ақын Иран Ғайьштың өлеңі топтастырылған екен.
Студенттер сарайының екінші қабатында дөңгелек үстел басында өткізілген іс-шараға облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, ғалымның ұлы Ж.Момынбаев, басқарма басшылары, академиктің әріптестері мен университеттің окьгтушылары, шәкірттері және достары мен туған-туыстары қатысты.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Аллназарова ғалымның білім саласында еткен еңбегі мен атқарған жұмыстардың орасан зор екенін айтып өтті. Одан әрі университеттік «Гуманитарлық-педагогикалық институтың» директоры Б.Әбдікәрімов ғалымның өмірі мен қызметі жайында баяндама жасады. Мұнан соң академикті еске алу ретінде экраннан бейнеролик көрсетіліп, бейнероликте ғалымның жарқын бейнесі, қызмет барысында және отбасында отырған сәттерінен, сондай-ақ көзі тірісінде түрлі тақырыпта жасалған сыр-сұхбаттарынан көріністер көрсетілді.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз алған ғалымның ағасы Ә.Момынбаев пен ұлы Ж.Байзақұлы «Академик» кітабының жарық көруіне атсалысқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Іс-шара барысында ғалымның әріптестері ол туралы өзінің санаулы өмірінде өзіне ескерткіш қойған адам десе, достары жастық шақ пен адал- достық жайында әңгімелеп, әдемі естеліктер де айтылды.
//Ақмешіт Ақшамы.-2014.- 9 сәуір.- 4 б.
25
Достарыңызбен бөлісу: |