Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Мектеп мына режиммен жұмыс істеді



бет5/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Мектеп мына режиммен жұмыс істеді:
мектепалды, 1–4 және 5–7 жалпы білім беру сыныптары – аптасына 5 күндік;
Сабақтың басталуы:
1-ші ауысым – 08:00-ден бастап;
2-ші ауысым – 14:00-ден бастап.
Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.
Бір күндік және апталық сабақ режимі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесімен айқындалады.
Мектепалды сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 35 аптаны, 1-ші сыныптарда – 35 аптаны, 2–11-ші сыныптарда 36 аптаны құрады.
Оқушылар контингенті
2022-2023 оқу жылының басында мектепте 972 оқушы оқыды. Оқу жылының соңында – 955, оның ішіндегі
1–4 сыныптар – 423 оқушы;
5–9 сыныптар – 465 оқушы;
10–11 сыныптар – 67 оқушы;
үйден оқитындар 3 оқушы;
15 БСЕ оқушы.
2022-2023 оқу жылындағы жинақ сынып саны – 40.
Сыныптардың орташа толымдылығы:
1–4 сыныпта 24-25 оқушыдан;
5–9 сыныпта 23-24 оқушыдан;
10–11 сыныпта 22-23 оқушыдан.


3 жылдағы оқушылар контингентінің динамикасы
(мектепалды даярлық сыныптарын қоспағанда)

Оқу жылы

2020-2021
оқу жылы

2021-2022
оқу жылы

2022-2023
оқу жылы

Оқушылар контингенті

977

953

955

Жыл сайын оқушы саны бір қалыпта.
3 жылдағы оқушылар контингентінің динамикасы

Оқу сатылары

2020-2021 оқу жылы

2021-2022 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

саны

орташа толымдылығы

саны

орташа толымдылығы

саны

орташа толымдылығы

оқу-шы

сынып

оқу-шы

сынып

оқу-шы

сынып

Мектепалды даярлық

95

4

23-24

93

4

23-24

93

4

23-24

Бастауыш мектеп

441

17

25-26

426

17

25-26

423

17

24-25

Негізгі мектеп

459

21

21-22

466

21

22-23

465

20

23-24

Орта мектеп

77

4

19-20

61

3

20-21

67

3

22-23

Мектеп бойынша барлығы

1072

46

23-24

1046

45

23-24

1048

44

23-24

Мектептің материалдық-техникалық базасы
оқу кабинеттері – 50
лингафонды-мультимедиялық кабинет – 2
АӘжТД кабинеті – 1
медицина кабинеті – 1
ем-шара кабинеті – 1
асхана – 1
кітапхана – 1
спорт залы – 2 (үлкен және кіші)
спорттық алаң – 1


Мектептің педагогикалық ұжымының кадрлық құрамы
Мектеп әкімшілігі жұмысының басты бағыттарының бірі – кадрлық құрамды нығайту. «Білім туралы» ҚР Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес педагогикалық ұжымды білім беру ұйымының басшысы құрады, қызметкерлерді қабылдау еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады. ҚР ЕК-не сәйкес жұмысқа қабылданған барлық педагогпен еңбек шарттары жасалды.
Мектептің педагогикалық кадрының сандық құрамы сұранысқа қарай анықталады.
Педагогикалық кадрды талдау
Мектеп педагогтерінің саны 82 адамды құрайды, оның ішіндегі 68 (83%) адамның жоғары педагогикалық білімі бар, 14 (17%) адамның орта – арнаулы педагогикалық білімі бар.
Педагогтер біліктілігі:



«Педагог-шебер» біліктілік санаты

«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты

«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты

«Педагог-модератор» біліктілік санаты

«Педагог» біліктілік санаты

Санатсыз

1

0

16

21

12

7

21

Санаттары бойынша сапалық құрамы 2021-2022 оқу жылында 45 %-ды құраса, 2022-2023 оқу жылында 47.5 % құрады. Біліктілік сапаның өсуі байқалады дегенмен де мектеп -лицейі үшін бұл көрсеткіш төмен, оған себеп «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы» мұғалімдердің жұмыс орнын ауыстыруы және жас мамандардың көптеп келуі де әсер етуде (7 жас маман). Лицейдегі педагог кадрлардың көпшілігі жас мамандар. Санатсыз мұғалімдер саны – (21), құрайды.


Педагогикалық өтілі



3 жылға дейін

3-тен 15 жылға дейін

16-дан 25 жылға дейін

25 жылдан жоғары




8

25

24

25



Мұғалімдердің жас құрамы



30 жасқа дейін

30-дан 50 жасқа дейін

50 жастан асқан

Педагогикалық ұжымның орта жасы




28

28

26

30-50 жас аралығы

Қорытынды:
Берілген кестеден лицей педагогтарының кадрлық жасы негізінен 30-50 жас аралығын қамтитыны көрінеді. Бұл жас кәсіби шеберліктің шыңдалған, ізденісі мол, педагогикалық құзыреттілігі қалыптасқан, еңбегінің жемісін беретін уақыт аралығы. Лицейде кейбір пәндер бойынша кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты озық тәжірибелі, зейнеткерлік жастағы ұстаздар жұмыс жасайды.
Оқу жылының басынан жас мамандарға тәлімгер бекітілді және жылдық жоспары жасалды. Педагогтық кәсіпті жаңа бастаған жас мамандар үшін «Жас маман мектебі» ұйымдастырылды. Педагогикалық шеберліктерін шыңдау, кәсіби дамуын жетілдіру мақсатында өзіндік даму тақырыптары берілііп, отырыстарда тақырып бойынша жұмыстары қорғалып, ортаға салынды. «Кәсіби қарым-қатынас арқылы педагогикалық шеберлікті анықтау, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамытуға нақты жағдай жасау» мақсатын ұстана отырып, тәжірибелі ұстаздардың озық іс-тәжірибесімен бөлісу жоспары құрылып, жұмыстар жоспар бойынша уақытында өткізілді. «Озық тәжірибе» жобасының жылдық жоспарына сәйкес озық тәжірибелі мұғалімдерден шығармашылық тобы құрылды. Озық тәжірибелі мұғалімдер 20 % құрайды.
Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өтуі



Оқу жылы

Қайта даярлау курсынан өтуі тиіс педагогикалық жұмыскерлердің жалпы саны (адам)

Қайта даярлау курсынан өтті

Қайта даярлау курсынан өтуі тиіс мұғалімдер үлесі

2019/2020

32

12

46 %

2020/2021

38

22

26 %

2021/2022

22

17

48 %

Лицей педагогтарының біліктілік арттыру курсынан өту кестесі жасалынған. Кестеге сәйкес барлық пән мұғалімдері аралық және мәселелі курстарға жіберіліп тұрады. Өткен оқу жылында педагог қызметкерлердің 21% әр түрлі біліктілік арттыру курстарынан өтті. Ал осы оқу жылында жоспарланған 35 мұғалімнің 20 (24,3%) өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет