Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


/2023 оқу жылы мұғалімдердің конкурстарға, олимпиадаларға, іс-шараларға қатысуына мониторинг жүргізу



бет6/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
2022/2023 оқу жылы мұғалімдердің конкурстарға, олимпиадаларға, іс-шараларға қатысуына мониторинг жүргізу





Конкурс атауы

Педагогтің Т. А. Ә.

Конкурс/олимпиада деңгейі

аудандық

қалалық

республикалық

халықаралық

1

Республикалық «Дарын» ғылыми орталығының «Математикалық регата» олимпиадсының облыстық кезеңі

Әлжан Б.Т

облыстық










2

Республикалық «Математикалық фестивал» математика мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңі

Әлжан Б.Т

облыстық










3

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасы

Байтурганова М.С

Стамбекова Ш.Д



Облыстық 3 орын

Облыстық 1 орын






2 орын





4

Республикалық жыл мұғалімі байқауының қалалық деңгейі

Аманжол Қ.А




3 орын








5

«Болашаққа жолдама» кәсіби бағыт беру форумы

Балтабай А.С

Облыстық 3 орын










6

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейынгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің "Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық конкурсы

Касенова А.Б


Коккозова Н.А.

Рахимова Ж.Т


Садыканова Б.Ж



Облыстық кезеңі


1 орын

Қалалық


қалалық

Қалалық








7

Мұғалімдерге арналған пәндер бойынша "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасы;

Тлеукулова К.А
Қуанышбекова Ж.Қ
Қуанышбекова Г.Қ
Сейткалиева М.Ж
Байтурганова М.С
Стамбекова Ш.Д
Жүнісбек А.Д
Амирбаева Г.М
Ашикулова А.К









2 орын
2орын


2 орын

3 орын
Сертификат
1 орын
2 орын





8

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың орталығы оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырған конференциясы
«ХХІ ғасырдың дағдылары: Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер жаңа мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына

Байтурганова М.С
Коккозова Н.А
Садыканова Б.Ж
Болат Ж
Жаксыгелдина Ш.Т
Байжуманова Л.К
Джабаспаева Ж.Б
Сейтклиева М.Ж
Битанова К.Ш
Қазақбаева А.Т
Умбетова Т.Е
Имухаметова С.С
Еркинова Ж.Е
Өмірхан Ә.М



Облыстық










9


USTAZ ULYTAU педагогикалық транформациялау орталығы жобасы және Ы.Алтынсарин академиясы ҒПК сы

Рахимова Ж.Т
Жаксыгелдина Ш.Т
Садыканова Б.Ж
Мұқамеди Р.С
Қайырқұл А.М
Калиева С.М
Әлжан Б.Т
Иманбекова Б.Б
Шармухамбетова Ж.А
Балтабай А.С







Республикалық ҒПК




10

«Web мастер «Сайт құру»

Аманжол Қ.А
Оразалы КМ
Байжуманова Л.К

Облыстық












11

«Күш білімде» қашықтықтан интерактивті ойындар байқауы

Даниярова Н.Ж

Облыстық 2 орын










Тұжырымдар: Мектеп-лицей педагогтары педагогикалық кәсіби байқауларға қатысу белсенділігі төмен.
Ұсынымдар: Мектеп- лицей педагогтары ҚР Оқу-ағарту министрінің №514 бұйрығындағы педагогтердің шығармашылық шеберлігіне арналған Республикалық және Халықаралық конкурстар мен байқауларға қатысулары ұсынылады.


Оқу-тәрбие процесін талдау
Білім беру процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

«Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары мектептің қамқоршылық кеңесімен келісіліп, 2022 жылдың 27 тамыз күні өткен №1 педагогикалық кеңес отырысының хаттамасымен бекітілді.


2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары келесі мақсат, міндеттерді негізге ала отырып жасалды:
✓білім алушылардың білімін толықтыру;
✓қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
✓білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
✓цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
✓инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
2022 – 2023 оқу жылында мектеп-лицей білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алды және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жоспарлады:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта жәнежалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудіңмемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер,таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
«Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы);
«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым № 292 бұйрығы).
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы);
Бастауыш білім берудің оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1 – қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы№ 500 бұйрығына 1-қосымшасы негізінде құрылды;
Негізгі орта білім берудің оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 6-қосымша және 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына 16-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 6-қосымшасы және 19-қосымшасы негізінде құрылды;
Жалпы орта білім берудің оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына 24-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы№ 500 бұйрығына 27-қосымшасы негізінде құрылды.
2022-2023 оқу жылында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттарын жүзеге асыру бойынша:
Бастауыш білім беру деңгейінің вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:
1-сыныпта – 1 сағатты;
2-сыныпта – 1 сағатты;
3-сыныпта – 1 сағатты;
4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.
1 – 4 сыныптарда оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған «Математика» пәнін оқуға бөлінді.
5 – 9 сыныптарда білім алушылардың білімін толықтыру, функционалдық сауаттылықтарын дамыту мақсатында вариативтік компонент сағаттарынан «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқуға барлығы 3 сағат бөлінді. Ал лицей сыныптарында вариативті компоненттен 7 – 9 сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте инвариантты компоненттен оқу пәндері таңдалынды:

  • 7 сыныптарда оқу пәндері «Алгебра», «География» пәні;

  • 8 сыныптарда оқу пәндері «Биология», «Химия» және «Алгебра» пәні;

  • 9 сыныптарда оқу пәндері «Алгебра», «Физика» және «Биология» пәні.

Сонымен қатар, вариативті компонент сағаттарынан спорттық ойындарға оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында әрбір лицей сыныптарына 1 сағаттан, лицей компонентіне 5,6,8,9 сыныптарына 5 сағаттан, 7 сыныпқа 4 сағаттан және де 9 сыныпқа 1 сағат элективті курс берілді.
10 – 11 сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында инварианттық компонентте таңдау пәндерінің тереңдетілген деңгейі бойынша 3 сағаттан «Физика» және «География» пәндері және стандартты деңгей бойынша 10-11 сыныптарға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және «Графика және жобалау» курсы бойынша 1 сағаттан бөлінді.
Сонымен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту, білімдерін тереңдету, жан-жақты дамыту мақсатында вариативтік компонент сағаттарынан әр сыныпқа 1 сағаттан «Жаһандық құзыреттілік» курсы, 1 сағат элективті курстар және оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында 1 сағаттан дене шынықтыру: спорттық ойындарға берілді.
Лицейлік компонентке 10,11 сыныптарға 5 сағаттан берілді.

Вариативтік компонент сағаттары білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюға, пәндерді тереңдетуге, ізденіс, олимпиадаға дайындық, ғылыми жобалар жазу, функционалдық сауаттылықтарын дамыту, кәсіби бағдар беру, дебаттық қозғалыс және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған республикалық, облыстық, мектепішілік жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына арналып бөлінді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет