Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Ұжымның 2022/2023 оқу жылындағы жұмысының мақсаты



бет7/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Ұжымның 2022/2023 оқу жылындағы жұмысының мақсаты
Білім берудің жаңартылған мазмұнын сапалы игеру аясында ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлерін, әдістемелік іс-тәжірибесін жан-жақты меңгерген, ІТ құзыреттілікке ие «жаңа форматтағы» мұғалімді қалыптастыру арқылы білім алушыларға мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарттарын сапалы игертіп, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, еліміздің ұлттық рухани тамырынан нәр алған, санасы ашық, құндылыққа негізделген білімді меңгерген табысты оқушы моделін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері

  1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.

  2. Білім берудегі сабақтастықты негізге ала отырып, білім алушыларының білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.

  3. Жоғарғы оқу орындарымен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік қатынастарды кеңейту.

  4. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.

  5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

  6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.

  7. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы негізінде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, елін сүйер қазақстандықтарды тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды бойына сіңірген азаматты қалыптастыру, шығармашылық, танымдық белсенділіктерін, жеке қасиеттері мен қабілеттерін назарға ала отырып, лицейдегі үйірме мен секция жұмыстарын жандандыру.

  8. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.

  9. Вариативті компоненттер сағаттары есебінен бейіналды және бейіндік оқытуды дамыту, сол арқылы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру.

  10. Инклюзивті білім беру жұмысы жүйесін құру, мұғалімдердің осы мәселе бойынша курстардан өткізу және әдістемелік жұмыстар арқылы құзыреттілігін арттыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет