Жұмыс нысандары:
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағыты бойынша жұмыс жоспары құрылып, ұйымдастырылды:
Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Жоспарға алынған іс- шаралар өткізілді. Әдістемелік бірлестіктің (ӘБ) негізгі міндеті сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің әдіскерлік деңгейін одан әрі арттыру, олардың шығармашылық өсуі мен кәсіби әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға көмек беру мақсатында сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыс жүйесі құрылды.
Сынып жетекшілер бірлестігіне 40 сынып контингенті біріктірілген. Сыныптың оқу-тәрбие жұмыстарының көрсеткішіне мониторнигтік жүйе жүргізіледі. Бірлестік отырысында мақсат - міндеттер ағымдағы мәселелер, тәрбиелік жағдайы, орындалысы, байқау, сайыстарға қатысуы туралы мәселелер қарастырылады.
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері сабақтан тыс курстар арқылы тиімді ұйымдастырылып, оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, баскетбол, волейбол, шашки, вокал, домбыра, би хореографиясы атты мектепішілік қосымшаларына қатысты.
Сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру
2022-2023 оқу жылындаспорт секциясына 866 оқушы, үйірмелерге – 541 оқушы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына – 229 оқушы қатысты. Қорыта келгенде, оқушылардың 937-сі қосымша білім берумен қамтылған.
Қорытынды: лицей оқушыларының қосымша білім алумен қамтылуы алдыңғы оқу жылына қарағанда 98%, яғни 8% -ға көтерілген.
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Мақсаты: Отанға деген ұтымды және эмоционалды көзқарасы бар патриот пен азаматты қалыптастыру, мемлекет пен қоғамның заңдарын білу және сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздықтарға қарсы тұру, балалар мен жастардағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болу.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- «Жас Қыран», «Жас Ұлан», «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы;
-«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз - қоғам мүдделеріне опасыздыққа қарсымыз» акциялары;
- Батылдық, ар-намыс, Отанға адал қызмет ету сабақтары;
- Пікір-талас клубтары мен патриоттық форумдар;
- Мемлекеттік органдардың және қоғам қайраткерлерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, құқық қорғау, әділет, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл органдарының қызметкерлерімен кездесулер;
- Сабақтар, оқу пәндері, сынып сағаттары, элективті курстар;
- Сыныптан тыс жұмыстар және қосымша білім беру.
Атқарылған іс-шаралар:
«30 қазан - Республика күніне», «16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне», 7-мамыр - «Отан қорғаушылар күніне», 9 мамыр – «Жеңіс күніне» орай мерекелік іс-шаралар жеке жоспар бойынша ұйымдастырылды;
ҚР-ның Рәміздеріне құрмет көрсету бойынша іс-шаралар жеке жылдық жоспар бойынша жүзеге асырылды.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубы, «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» қозғалыстарының жұмыстары арнайы жеке жылдық жоспар бойынша орындалды.
Айқындалған мәселелер:
«Жас Сарбаз» қозғалысының жұмыс сапасы жоғары дейгейде ұйымдастырылмады, себебі бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімінің біліктілігі төмен деңгейде.
Мәселені шешу жолдары:
«Жас сарбаз» ұйымының жұмысын жандандыру
ҚР-ның Рәміздерін насихаттау шараларын үдету;
Оқушылардың ораторлық, эмпатиялық қабілеттерін дамыту мақсатында сахна өнерін дәріптейтін үйірме ашу;
Рухани-адамгершілік тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие– адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы»;
- оқулықтар мен пәндердің мазмұнына құндылықтарды кіріктіру;
- әлеуметтік және қайырымдылық жобалары;
- «Қоғамға қызмет», «Ашық жүрек» еріктілер командалары;
- педагогикалық кеңестер, ата-аналар мектебі;
- білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі деңгейінің мониторингі;
- виртуалды тарихи-өлкетану көрмелері;
- тақырыптық кездесулер мен әдеби пікірталастар
- Өзін - өзі басқару күні;
- Абай оқулары;
- Еркін микрофон жобалары.
Атқарылған іс-шаралар:
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Қазыбек бидің 355 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, геолог, Қазақ КСР-нің ҒА академигі Михаил Петрович Русаковтің туғанына 130 жылдығына, Роза Бағланованың 100 жылдығына, Қазақстан Республикасының халық әртісі, шертпе күйдің шебері, домбырашы Мағауия Хамзиннің туғанына 95 жылдығына, Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылды;
Жаппай оқыту «Мектепке жол акциясы-2022», тілдер күніне арналған «Қазақстан халқы – тілдер күні» апталық жоспары негізінде іс-шаралар, «1 қазан –Қарттар күні» мерекесі, «1 наурыз – Алғыс айту күні», «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, ұстаздар күніне орай іс-шаралар жеке жоспар негізінде жүргізілді;
«Абай- руханияттың алтын қазығы» жобасы және «Оқуға құштар мектеп», «Еркін микрофон» жобалары аясында жеке жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді;
«Абай – руханияттың алтын қазығы» жобасы аясында «Еркін микрофон» жобасы яғни, аптаның әр бейсенбісі сайын бірінші үлкен үзілісте бастауыш сынып оқушылары, екінші үлкен үзілісте жоғары сынып оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу дәстүрге айналып келеді.
2023-2024 оқу жылына жоспар:
Еріктілер тобы қозғалысының, қамқоршылық фракциясының жұмыстарына оқушыларды көбірек тарту.
Ұлттық тәрбие
Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салтдәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана тіліне және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- «Дәстүр мен ғұрып жобасы»;
- Өлкетану қызметі;
- Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды оқу пәндері мен қосымша білім беру процесіне интеграциялау;
- Қосымша білім беру және сабақтан тыс жұмыстар;
- Этнопедагогика кабинеттері;
- сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі;
- Экскурсиялық онлайн бағдарламалар және «Ботай», «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы және заманауи ашылулар» виртуалды мұражайлары.
«Қазақтың 100 әні», «Дәстүр мен ғұрып» жобалары аясында жеке жоспар құрылып іс-шаралар атқарылды;
Жоспардан тыс ұлтттық спорттық ойындардан жарыс апталығы ұйымдастырылды.
Айқындалған мәселелер:
«Қазақтың 100 әні», «Дәстүр мен ғұрып» жобаларының ұйымдастырылу сапасының ойдағыдай болмауы
Мәселелерді шешу жолдары:
Жобаларға жауапты педагогтардың әлеуметтік жобаларға деген жауапкершіліктерін күшейту мақсатында шаралар атқару.
2022-2023 оқу жылына жоспар:
-Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптейтін іс-шараларды жастар қозғалысының жоспарына енгізу;
- Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие бағдарламасын құру, жүзеге асыру.
Отбасылық тәрбие
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу– қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық ісшараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс.
Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- қамқоршылық кеңестер және ата-аналар комитеттері;
- бірлескен отбасылық іс-шаралар;
- ата-аналардың білім беру ұйымдарының өміріне қатысуы;
- «Бәйтерек» әкелер мектебі,
- «Сырлас» аналар мектебі.
- Отбасылық «Табиғатты аялау» экологиялық акция аясындағы іс- шаралар
- «Бәйтерек» әкелер мектебі, «Сырлас» аналар мектебі, ата-аналар кеңесі аясындағы іс-шаралар жеке жоспар бойынша жүзеге асырылды;
- Ата-аналар кеңесі мен қамқорошылық кеңестің ұйымдастыруымен отбасылық іс-шаралар бойынша тәрбие тағылымы, дәстүр даналығы, отбасынан басталатындығы туралы мағлұматтарға әңгімелер өткізілді;
- Мектепішілік, қалалық әлеуметтік жобаларға қатысу деңгейі жоғарылады;
Ата - аналардың жиналыстарға қатысуы, мектеп өміріне араласуының динамикасы
Айқындалған мәселелер:
Мектептің қоғамдық өміріне араласуға ниет білдіруші ата-аналардың аз болуы.
Мәселелерді шешу жолдары:
ата-аналардың қызығушылығын тудыру мақсатында жиналыстарға спикер ретінде белсенді ата-аналарды тарту, арнайы сала мамандарын шақыру, жиналысты қызықты форматта өткізу;
сынып сағаттарын жылына кем дегенде 1 рет ата- ананың өткізуіне ықпал ету мақсатында «Тағылым күнін» ұйымдастыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді.
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- білім алушыларға арналған «Он күн ата-ана жұмысында», «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет», «Өнегелі өмір» жобалары;
- «TEDx Abai» жобалары;
- «Мамандық бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсы;
- «Мамандықтар әлемі», «Бизнес старт» жобалары;
- экологиялық форумдар мен ғылыми жобалар;
Атқарылған іс-шаралар:
Жобалар аясындағы іс-шаралар жеке жоспар негізінде атқарылды;
Білім алушылардың нәтижелілік мониторингі процестерін сүйемелдеу кәсіптік өзін-өзі анықтау, сауалнамалар жүргізілді;
Кәсіптік бағдар беру бағытында байқауларға оқушылар қатыстырылды;
Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын әлеуметтік-психологиялық қолдау шаралары атқарылды.
Айқындалған мәселелер:
«TEDx Abai» жобасының ұйымдастырылу сапасының ойдағыдай болмауы (жобаға жауапты педагогтардың қоғамдық шараларға немқұрайлы көңіл бөлуі).
Мәселелерді шешу жолдары:
Жобаларға жауапты педагогтардың әлеуметтік жобаларға деген жауапкершіліктерін күшейту мақсатында шаралар атқару.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғамды қалыптастыруға көмектеседі.
Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- үйірмелер мен әдеби клубтар;
- «Балалар мен театр» жобасы;
- көркем көрмелер, галереялар, тарихи орындар;
- шығармашылық кештер, балалар мен жастар жұмыстарының көрмелері;
- тілдік және шығармашылық клубтар, байқаулар;
- кездесулер: танымал адамдармен, өнер қайраткерлерімен;
- қалалық мұражаймен серіктестік;
- қайырымдылық акциялары.
Атқарылған іс-шаралар:
Бірлік күні, наурыз мейрамы, жаңа жылдық кеш, алтын күз, қала күні және т.б. мерекелік іс-шаралар жеке жоспар негізінде жүзеге асырылды;
Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында «Балалар және театр» жобасы бойынша іс- шаралар жүзеге асырылды
«Мұрагер» домбыра оркестрі жүргізілді
Мектеп- лицейімізде 2019 жылдан бастап «Мұрагер» домбыра оркестрі, облыстық «Өнегелі өмір» жобасы үзбей жүргізіліп келе жатыр.
жылына жоспар:
Оқушылардың эстетикалық талғамын жоғарылатуға бағытталған тәрбиелік іс- шараларды жүйелі ұйымдастыру
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Зияткерлік тәрбие білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады.
Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- жаңа гуманитарлық білім. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»;
- сандық модельдер: Daryn.online, Bilimland.kz, «Қазақстанның ашық университеті»;
- қашықтықтан білім берудің цифрлық технологиялары;
- оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары;
- «Сана» оқушылардың дебаттық қозғалысы;
- зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференциялар;
- ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар және шығармашылық жұмыстар;
- кітапхананы танымал ету;
- SMART және STEAM қосымша білім беру бағдарламалары.
Атқарылған іс-шаралар:
«Сана» оқушылардың дебаттық қозғалысы, «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы аға тәлімгердің жетекшілігімен жеке жоспар негізінде жүзеге асырылды және мектепішілік бақылауда болды.
АКТ саласында оқушылар ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты;
ІТ технологияларды, бағдарламалау тілдерін, робототехниканы игеру бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды;
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша іс- шаралар жүргізілді;
Эмоционалды интеллекті көтеру мақсатында жаһандық құзыреттіліктер курстары енгізілді;
Ақпарат фракциясының ұйымдастыруымен «АБАЙ NEWS» жаңалықтар айдары жүргізілді;
Айқындалған мәселелер: АКТ қолдану жиілегендіктен оқушылар арасында кибербуллинг әрекеттері жиілей түсті, әсіресе 5-7 сынып оқушылары интернет желісінде қарым-қатынас барысында киберэтиканы назарға алмайды.
2023-2024 оқу жылына жоспар:
Дарынды балалармен жұмысты жандандыру мақсатында әр оқушының қабілет бағытын айқындап, сол бағытты ашуға жағдай туғызу;
Оқушылардың кибермәдениетін дамыту мақсатында іс-шаралар жоспарын құру;
Оқушылардың арасында зияткерлік ойындарды жүйелі өткізу.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, жол қозғалысының ережелері
Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.
Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Іске асыруда негізге алынған тетіктер:
- денсаулық фестивальдары, спартакиадалар, универсиадалар, қауіпсіздік бағыттары;
- ақпараттық-насихаттау материалдарын әзірлеу және тарату;
- «сенім қызметтерін» ұйымдастыру;
- қосымша білім беру, спорттық секциялар;
- нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу;
- «Жас Ұлан» және «Жас Сарбаз» қозғалыстары;
- ЖЖИ тобының іс-әрекеті;
- мектеп лигалары;
Атқарылған іс-шаралар:
Мектеп-лицейішілік тоғызқұмалақ, асық ату үйірмелері, баскетбол, волейбол, футбол, шашки, теннис секциялары арнайы кесте бойынша өз уақытында ұйымдастырылды;
Жеке жоспар негізінде «Ұлттық ойындардан жарыс», «Отбасылық спартакиада», «Салауатты өмір салты», «Қашықтыққа жүгіруден жарыс» іс-шаралары ұйымдастырылды;
Оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізу мақсатында кестег сай әр қабатта теннис, тоғызқұмалақ, шашки, асық ату ойындары жүйелі ұйымдастырылды;
Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, ЖҚЕ, қауіпсіздік техникасы, суицидтің алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асырудың түрлі форматтағы іс-шаралары жеке жоспар негізінде жүзеге асырылды;
Жол қауіпсіздігінің ережелері бағыты бойынша медбибі, ЖЖИ мүшелері, аға тәлімгер, жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен дәрістер, саяхаттар, тренингтер, диагностикалық жұмыстар, викториналар және сайыстар ұйымдастырды.
Айқындалған мәселелер:
«Жас Сарбаз» қозғалысының қалалық сайыстарға қатысу белсенділігінің төмендігі.
2023-2024 оқу жылына жоспар:
«Жас Сарбаз» қозғалысының, «Жас Ұлан» ұйымының белсенділігін арттыру мақсатында жауапты тұлғаның жұмыс жүйесін ыңғайластыру.
Оқушылардың мектептен тыс байқауларға қатысу белсенділігінің мониторингі
Оқушылардың мектептен тыс байқауларға қатысу белсенділігі пандемиялық жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылында 45 пайыз болды. 2021-2022 оқу жылында пандемиялық жағдай жеңілдеп, кейіннен қалыпты оқуға көшкендіктен, белсенділік артты. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының қоғамдық іс-шараларға араласу белсенділігін жоғарылату жоспарға алынады.
Жалпы мектептік іс-шаралар бойынша мониторинг
№
|
Атауы
|
Өткізілген
іс-шаралар саны
|
|
Ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар
|
15
|
|
Еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар
|
8
|
|
Оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар
|
4
|
4
|
Олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау рәсімдері
|
12
|
5
|
Оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған флешмоб акциясы
|
5
|
6
|
Мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған ісшаралар
|
7
|
7
|
Отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін ісшаралар
|
12
|
8
|
Білім алушылар мен педагогтердің қатысуымен көшпелі іс-шаралар
|
6
|
Оқушылардың қоғамдық орындарға баруы
№
|
Атауы
|
Оқушылардың саны
|
1.
|
Қалалық кітапханалар
|
450
|
2.
|
Музей
|
370
|
3.
|
Театр және драмалық қойылымдар
|
753
|
4.
|
Мамандықтар жәрмеңкесі
|
159
|
5.
|
Экскурсия
|
97
|
Достарыңызбен бөлісу: |