Мазмұны. Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері



бет3/3
Дата29.01.2017
өлшемі462,12 Kb.
#8174
1   2   3

Соңғы кезде оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер бар. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысылы, ғалым педагог Л. Замков: “оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет” – десе, көрнекті психолог Л. Выгодский: “жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқыту айтады” – деп тұжырымдайды және оқу – баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.

Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің нақтылауынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі.

Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың саналылығы, белсенділігі, өз беттілігі, білім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттелігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлеледеуге ұмтылысынан көрінеді.

Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс- әректті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әркеті негізінде оқушыларға танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімінің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тіжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекет ретәнде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.

А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субьектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т. Сабыров “оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжерибеде пайдалана білуге үйренуде оқушының істейтін сапалы әрекеті” – деп атап көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілеті дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқушыларға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігнен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Сонымен қатар психологтердің, дидакт ғалымдардың және әдіскерлердің іргелі еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген.

Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы, оқыту әдісі қана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. (Ф.П. Пидкасистый, А. Әбілқасымова және басқалар). Олай болса, оқушылардың дербес танымдық іс - әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.

Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін, шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділікті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттардың бірі – сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану.

Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәсевлесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау жжалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің міндеті.

Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжерибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық, кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

Ал, В.Г. Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

в) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындалуы;

Оқушыының оқу таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениеті мен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекетінің бір қатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалары, нұсқаулар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер мотивтер т.б.

Өзіндік жұмыстар мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы – осы жұмысты ұымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

Оқушылардың дербестілігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.

Оқушының өзіндік әрекетін нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:



  1. өз бетінше ойлану бөліктері мен ізденімпаздығы

  2. оқуға деген қабілетінің артуы

  3. берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

  4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау

  5. өз ойының дербестігі

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу эксперимент жүргізу іскерлігімен дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары формасына олардың өз еркімен жаңа амал тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар – оқушының өздігінен шығарма, баяндама, өлең шығару, көрнекі құралдар жасауы т.б.

Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмыс оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.

Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарын оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтана түседі.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бір қатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А. Данилов, И.Я. Лернер, Л.В. Занков, М.И. Махмудов, А.А. Люблинская, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я. Гольперин, Д.Б. Эльконин, М.И. Левина, Ю.К. Бабанский, Т.И. Шамова, С.П. Баранов) зерттеу обьектісіне қарау жүйелі талданған.

Г.И. Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдеді. Б.П. Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс- әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезегінде А.Я. Коменский болса, “мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын”- деп тұжырымдайды.

К.Д. Ушинский – бастауыш сатыда жаратылыстану мен географияны оқытуға үлкен мән берген әдіскердің бірі. Ол мектепте жаратылыстану ғылымын оқытудың мәнін өте жоғары бағалап, оған балалардың қисынды ойы мен тілін дамыту құралы ретінде қарады. Оқушылардың сөз қорларын молайтып, тілін дамыту үшін ең алдымен оларды қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру қажеттігін ескертті. Табиғаттан білім беру арқылы оқушылардың ұғымды саналы игеруіне негіз қаланады деп есептеді. Оқушылар табиғат заңдылықтарын меңгеру үшін үнемі ақыл ой сайысына түседі. Бұл сайыс олардың жаратылыс сырын ашылуына көмегін тигізеді деп қарады. Педагог ғалым К.Д. Ушинскидің бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту жайында бұл көзқарасы “Ана тілі” және “Балалар әлемі” оқулықтарында жан жақты сипаттаған.

А.Я. Гердте мектеп қабырғасында оқушыларға жаратылыс пәндерінен білім беру жайында құнды пікірлер ұсынады. Ол оқыту барысында оқушының өздігінен ойлануын, байқағыштығын, танымын дамытудағы жаратылыстану пәнінің маңызын ашып көрсетті. Өсімдіктердің, жануарлардың өзінің тіршілік ортасына қарай икемділігін ашық түсіндіру керектігін ескертті. Табиғатқа бақылау жүргізу нәтижесінде оқушылар өз пікірін айтуға, байқағанын қорытуға, ойларын тұжырымдауға жаттығатынын дәлелдеді. Әдіскер табиғаттан, қоғамнан берілетін білімнің мазмұнын ашты. Ол білім беруде ең бірінші орынға оқушылар көзқарасын қалыптастыруды қойды. Тек қана кітап арқылы алған білімінің үстірт, тиянақсыз болатынын айта келіп, нақты табиғат заттарының бетпе-бет қатыс жасау арқылы алатын білімнің нәтижесінің жоғарылығын басқа ешбір көрнекілікпен салыстыруға болмайтынын айтып, уағыздады. Өзінің бүкіл әдістемелік ой пікірін “Заттық сабақтар” атты еңбегінде тұжырымдап, бастауыш сыныпта әуелі өлі табиғатты, сонан кейін барып тірі табиғатты оқыту керек деген ұсыныс жасады. А.Я. Гердтің жаратылыстану пәнінің оқытуға арналған бұл еңбегінің мәні әдістемелік тұрғыдан да, териялық жағынан да тек сол кез үшін ғана емес сонымен бірге, қазіргі кезеңде де өте құнды зерттеулердің қатарына жатады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесін жетілдіруде К.Н. Годовскиде көп еңбек сіңірді. Оның бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнін оқыту міселесіне байланысты көптеген еңбектері жарық көрді. Солардың ішіндегі ең бастылары: “Бастауыш мектептерде жаратылыстану сабақтары” “жаратылыстануды оқыту тәжірибесі” атты еңбектері. Бұл еңбекте де ғалым алғаш рет бастауыш саты оқушыларының табиғатты оқып үйрену және меңгерудегі психологиялық қажеттілігін ашып көрсетті.

К.Н. Годовский бастауыш мектепте оқушыларға табиғаттан берілетін білім жүйесін меңгерте отырып, балалардың табиғатпен қарым-қатынас дағдсын тәрбиелеуді көздеді. Әдіскердің бүкіл ғылыми жұмысының ққорытындысы ретінде “жаратылыстану әдістемесінің жалпы мәселелері” деген еңбегі жарық көрді. Ол осы жұмысында жаратылыстанудың әдістемесін педагогикамен, психологиямен байланыстыра жүзеге асыру арқылы балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшіліктерін ескеруге мүмкіндік туатынын, осылай еткенде ғана әдістемені қолдануды ғылыми жолға қоюға болатынын сөз етеді. Сонымен қатар, әдіскер ғалым жаратылыстану бағдарламасының мазмұны мен мақсатын да анықтайды. Бағдарламаның басты мақсаты - баланы дамыту және білімді саналы меңгерту мәселелері болу керек екенін атап көрсетті. Мұндай еңбектің педагогтар қауымы үшін ең басты құндылығы – қызыққыш, еліктегіш, сенгіш бала психологиясына сүйеніп, оларға табиғаттың сан алуан құбылысы мен байлығын түсіндірудің тиімді жолын іздестіру. К.Н. Ягодовскидің білім беру барысында оқушылардың саналы меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесетін сарамандық сабақтарды жиі ұйымдастырып, табиғат бұрышында жүйелі бақылау жүргізуге көңіл бөлуді нұсқаған ұсынысы мұғалімдер қауымы үшін өте құнды пікір болды.

Алдыңғы қатарлы орыс әдіскерлерінің осындай пікірлері мен әдістемелік ұсыныстары Ы. Алтынсариннің “Хрестоматия” оқулығының шығуына септігін тигізді. Бұл оқулықта еңген тақырыптар қоғамға, табиғатқа, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым- қатынасқа арналған.

Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныптар оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі. Дүниетану пәні бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, эканомикасы, ғылымы мен мәдениеті, эйтика, әдеп, эстетика, адам табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндерге кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.

Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қорщаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осның бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауаптық қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу ағарту саласының үлесіне тиеді.

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында “мектептің әр бір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнын толық жүзеге асуын қаматамасыз ету” талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.

Дүниетану – “дүние және тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білуімен оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әр бір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңберімен оның мәнің ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңінің психологиялы ерекшіліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі кеңейе түседі. Адамның көзқарасы сол кездері қалыптасады деп айтуға да болады.

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасының дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаның игеруге де үйренеді.

Таным – филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бенеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.

Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.

Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Осылайша таным нақты дүниге, қоршаған ортада, бар заттарға негізделеді.

Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы болып отыр.

Философиялық ұғымда “дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орнына, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлері мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”. Осы философиялық қағида дүние тану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.

Философия көзқарастың қалыптасуның теориялық мәселелерінің айналыса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз-өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарын жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр.

Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейде көтеріледі. 1 сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әр бір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.

Оқушылардың дүниетану көзлқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды.

Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.

Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.

Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.

Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.

Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Бұл екеуі де адамның ішкі сезімін жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой – қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығару күйі, түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін көруге болады. Бір затты не құбылысты танық білуге олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүгниетаным қалыптасады.

Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.

Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.

Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімніңғ жиынтығы ол таным процесі. Дүние тануды оқытудың мәні осында жатыр.



Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш сыныпқа оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені белгілі. Сол даму кезеңінің әр қайсысына бір жетекші әрекеттің басым болуы тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде комуникативті әрекет, яғни қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасының нәтижесінде тілі дамиды. Тілдің дамуы оның маңайы мен қатынасын күшейтеді де, енді басқа ірекеттерді меңгере бастайды. Осыдан кенйінгі екінші кезең үш жастан басталады. Бұрын маңайы мен қарым-қатынас қатынас әрекетін меңгерген бала енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттерімен қабысқан ерекше түріне көшеді. Бала ойын арқылы маңайы мен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге оның таным әрекеті қатар жүреді. А.Н. Леонтевтің пікірінше, бұл ерекше жаңа типті көркем шығармашылық әркет деп аталады. Үшінші кезең мектеп өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттің ішіндегі жетекшісі – таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы жүйелілігі және оны меңгеруге оқушылардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет