Мазмұны. Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері



бет2/3
Дата29.01.2017
өлшемі462,12 Kb.
#8174
1   2   3

Бала өмірінде алты жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістерінен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс әрекеттерінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасын өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс әрекеті оқыту үрдісінде жүзге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінен маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі дамиды.

Таным теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Сонықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы білім соңғы деді. Адам тынымы сыртқы дүние заттары туғызатын түйсіктен басталады, танымның негізгі сезімдік қабылдау деп түсінді.

Оқушылардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз – білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті күрделі үрдіс. Ол оқушыларды сыртқы дүние туралы білімді меңгеру ептілігі және дағдымен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының тану блсенділіктерін арттыру олардың өз бетінше ықылас ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Шәкірттің қабылдау, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрді жүргізуіне байланысты. Оқушының жаңа материалды қабылдауына арқау болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Олардың оқу танымдық қызметін арттыру ддұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. мектеп оқушыларының әсерленгіш, эмонационалдық болып келетінін ескере отыру – мұғалімнің оқу әрекетіндегі ерекше назар аударуы тиіс, міндетті.

Адам белсенділігінің табиғатының тани білу, еңбек және моралдік белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала беленділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау таным белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік деп атайды. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында басқалардың құрдастарымен сол жас бойындағы балалардың өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге, керексіз әеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнына түсінеді.

Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жас балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейд і. Балалап өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит ұстап тұр? Жапырақтың неге жасыл? Жаңбыр қайдан болады? – деген сияқты сұрақтарды үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да өзара таласуды, пікір айтуды түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?» деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде оларды жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбәланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.

Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығымен шеберлігіне байланысты. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашу қажет.

Танымдық белсенділік – оқушының оқуға білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен еркшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікке байқалады деп айтуымызға болады. олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Қызығу – шындықтағы заттарымен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның бір шама тұрақты жеке рекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамдарды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.

Олардың зейініде еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мативтерімен бірге дамиды (оқу іс әрекеттерін табысты болуына деген жауапкершілік).

Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға өте берілгіш келеді. Балалардың қиялы мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп- оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарын заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіңе түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.

Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ойы еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс - әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс - әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастаға оқушыны мектепке қатысқы жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар ( Мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын ( мектеп, сынып), іс - әрекеттің жаңа түрі оқу және т. б.

Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік сипаты мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдақ қызығудың қалыптасу және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс - әрекетке және жеке өмір тәжірибесінде байланысты болады. Сондықтанда баладағы танымдық қызығудың даму деңгейдің тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмүны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін,

Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бір қатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н Рыбникова, Л Гордон, М. Беляева, И. Цветкова, Л. Маневцова, Н. Постникова, К. Романова, Р. Римбург, П. Сирбиладзе ( Мектеп жасына дейінгі кезең ), И. Шевченко ( Жеткіншек жас ) В. Ильина, В. Иванова, Н, Костина, Л. Рожина. (ересек мектеп жасы ). 60 – жылдардың барысында бастауыш мектеп оқушылары байынша А, Абдулаева, М. Морозова, Чо Чюн Силь, Ф. Гусейнова. ( бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесін зерттеу ), А. Дусавицкий (оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсері ), Л. Склярский ( үлгерімі нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері ), М. Щеломенцова ( бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дануында ғлыми көркем кітаптардың рөлі ) еңбектері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелер В. Дорохова, Р. Жданова, Е. Киричук, О. Саулина, Л. Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.

Қызығуына өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында – ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта – қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялдық тартымдылығына сәйкес уақытша және оны қызығудың алды деп те есептеуге бролады.

Білуге құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мүндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге білуге, ұстануға деген қызығунан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында “қайда?”, “неге?”, “бұл не?”, “неліктен” және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуы мен байланыстаруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көсетеді. Мұны танымдық қызығудыңбастауы десек болады.

Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайдығ ол әлеметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу – тәрбие жұмыстарын ұйындастыруда әр тұрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескерту қажет.

Адамның бар қасиеті: мінез – құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.

Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата – анасынан, мұғалімнен алады. Баланың таныпбілсем деген ниетін қалыпты дәрежеге сақтап, танымдық белсенділігін одан әр күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.



Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана емес, әрә айналасындағы әлуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап кұтеді. Осыдан келеп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі тауды.

Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым – қатынас, әлуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдау, ойлау, қиялы, тағы басқада көптеген мәселелер ғылымның сан – саласын тығыстыратын күрделі әлем.

Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшіліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгірімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс- әрекеті жақсы болады, білімді де сапалы бітіреді. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда “оқудың да, тәрбиенің де” нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.

Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта береді. Сәтімен меңгерілген білім қуаныш туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқытудың әдісіне қызыға бастайды. Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бір уақытта бірнеше пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте оқудың барлық саласына қызығу дамып өріс алады. Тұрақты қызығу ересек және жасөспірім кезінде орнығады.

Мақсатсыз жұмыс – ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуға қызығуы туындауы үшін олардың не істеп жатқанын және қандай нәтиже алатынын білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы аса қажет. Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсатты қолданып, өз қызығуын қанағаттандыру үшін іс- әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс- әрекет, танымдық мүмкіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.

Адамның кез келген әрекеті белгілі себептен туып, нақты мақсатқа жетуге бағытталған. Оқушы іс- әрекетінің негізгі түрі: оқудың да өзіне тән мотивтері болады. Егер балалардың іс- әрекетінде мотив болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін. Мұғалімге және оқушыға тиісті мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Демек, қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Балалар білімнің қажеттілігін сезінуі қажет, ал қажеттілік олардың оқуға деген қызығуын арттырады. Оқуға байланысты негізгі түрткінің бірі – қызығу. Бұл адамды еліктіріп әкететін ынтызарлық. Оқудың жемісті болуы оған деген қызығудың нәтижесі. Оқушы оқуға өзі қызықпаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Ескертетін бір жайт, балаға барлығы оңай болатын оқу ешбір қызықты болмайды, таным мен қуаныш әкелмейді.

Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс- әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.

Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.

Алда тұрған негізгі міндет – бала үшін қызықсызды қызықтыға айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі- ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда оған қиыншылықты жеңу оңай болады. Оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялтады.

Бірақ “қызығу” түсінігін “ермек”, “жұбаныш” түсінігімен бірдей қоюға болмайды. Бала өмірін қызық, қуанышқа кеңелту, оның көңілін көтеру деген сөз емес. Бала өмірінің негізгі мазмұны – оқу. Оқу баланың негізгі іс- әрекеті, сондықтан ол бірінші кезенкте қызықты болуы керек. Бұдан басқа бала еңбекпен, спортпен айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени мекемелерге барады. Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты, мазмұнды және қызықты болуы керек.

Қазіргі уақытта осы аталған зерттеулердің нәтижесінде “қызығу” түсінігі оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қажеттіліктер мен қызығулардың байланысы, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшеліктері ашылған. Дегенмен, қазіргі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуын қалыптастыру міселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуының мынадай көрсетекіштері байқалады:



  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен обьектілерге және іс- әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

  • білім алуға және оны меңгеруге тырысу;

  • таным үрдісі мен танымдық іс- әрекетінің эмоционалдық көрінуі;

  • танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;

  • танымдық белсенділігін жалпы сипаты;

  • жаңаны білуге ұмтылыс;

  • мектепке және оқуға жағымды қатынасы.

Неге балаөмірдің қызығын бүгін көрмей, кейін көруі керек? Көптеген оқушылар мектепте көңілсіз, қызықсыз деп шағымданады. Неге бізге балалардың өмірін бүгін қызықты етуге болмайды? Қызығу қуаныш, қанағат әкеледі және еңбек сүйгіштікті тәрбиелеуге әсер етеді.

Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайды қарауды жеңуге көмектеседі. Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Мектеп оқушыларының қызығуын қалыптастыру, белсендіру одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерлі тәрбиелеуге көмектеседі.

К.Д. Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

Неміс педагогі И.Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан- жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әр бір сабаққа бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе халықтық падагогикаға пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық-ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділігі, кең пейілділігі, сыпайлығы, көпшілігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.

Ұлы неміс педагогі А. Дистервергтің әйгілі “неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық” атты еңбегінде: “жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді”, - деген.

Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттыра отырып олардың қабілеттеріне ерекше назар аударуы тиіс.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындау да мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз.

Қабелеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Танымдық қабілет әр кімге тән. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым- қатынас болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әр бір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогиекалық әдістермен мақсатты, жүйелі оқушылардың интелектің шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Жалпы білім беретін мектеп – оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз вбетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдері мен құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл ой белсенділігін дамытуы қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл, басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан, оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу – танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өздік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет