Мазмұны. Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері



бет1/3
Дата29.01.2017
өлшемі462,12 Kb.
  1   2   3
Мазмұны.

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.

Кіріспе:


І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.

ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.

2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.

2.3. Сабақ жоспары.

Қорытынды. Қосымша.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тәән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.

Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.

Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин,

И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, және тағы басқа.

Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.

Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептегі 1-сыныптың дүниетану пәні.

Зерттеудің мақсаты: Дүниетану пәні арқылы оқушылардың таным белгісін дамыту мен жетілдірудің тиімді жолдарын анықтап беру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тақырыптың мазмұнына байланысты жазылған ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасау.

2. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту мен жетілдіру барысындағы озат педагогикалық, психологиялық, философиялық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

3. Оқушылардың таным белсенділігін арттыруда дүниетану пәні сабағының ролін анықтау.

Зерттеудің әдістері: Психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтай-талдай отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерін анықтау, шығармашының және дидактикалық материалдарды іріктеу.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Осы орайды егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады. Оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті орындар көбеюде. Мұнда бала табиғатынана берілген тума қасиеттерінің қоғамдық саяси әлеуметтік жағдай, іс әрекетпен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы азаматтың көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім берудегі қаланатыны белгілі.

Бастауыш мектеп- өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көрейіп өркендеуіне, ел талап тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясыда айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді. Сондықтан да бірінші кезекте, бастауыш сынып мұғалімдері алдына педагогикалық ғылым теориясы және оқыту әдістері негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар әр жастағы балдырғадардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылды. Әр оқушының өзіне ғана тән мінез құлық, тәртіп, ерік, жігер, эмоциялық сезім, танымдық қызмет ерекшеліктері болады. соған сәйкес жеке адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтар жөнінде терең түсінікке, білімге негізделген жекелей қарм-қатынас жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мұғалімнен шәкіртерінің жекелей қаситтерін айқын ажырата білетін психолог ұстаз болуды талап етеді. Бұл оған оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің күнделікті қызметінде бұл міндетті ойдағыдай шешекн жағдайда оқу тәрбие жұмысын бүгінгі талапқа сәйкес шұғыл жақсартуға берік негіз қаланады. Сондықтан да қазіргі таңда әр мұғалім бұрыннан қалыптасқан ұстаздық әдістемелік мүмкіндіктерін қанағат тұтумен шектелмей, өз бетімен теориялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе педагогикалық психология және физиология ғылымы саласындағы жетістіктерінен жан-жақты қарулануға батыл бет бұрыс жасалуы қажет.

Педагогика баланың дамуын өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процесстерінің қозғаушы күштері- ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы, баланығң даму процесіне мынадай заңдылықтарды байқауға болады. алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлеу кезінде бала тілінің дамуы сөздік қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қоймайды, ол жетіле түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдарымен қарым қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтарымен сөздеріне түсіне байстайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. осының нәтижесінда баланың ақыл ойы дамуының кезеңіне көшеді.



Даму - әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктері атап көрсетуге болады. организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әртүрлі мүшелер бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездей кезеңдерін баяулау кеөеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады.

Баланың жоғарғы нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау естің, қиялмен ойлаудың т.б. негізгі механизмі болады. осы нерв процестері арқылы бала өзінің мінез құқы мен қылығын табиғи және әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздетіреді. Жеке адаммен ортаның қатынасын реттеуде екінші сигналдық система зор рөл атқарады. Жоғарғы нерв қызметі екі сигналдқ системаға байланысты. И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз, құлаұ т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну қабылдау елестету жануарлар мен адамға ортақ бірінші сигналдық системаға жатады. Заттар мен құбылыстарда тікелей алынатын сигналдарды алмастыратын сөз. Сондықтан И.П.Павлов сөзді сигналдардың сигналы деп атады. Екінші сигналдық система ойлау мен сөйлеудің фмзиологиялық негізі. Сонымен екінші сигналдық система бірінші системамен өзара әрекеттесіп, ойау іс әрекеті және бақылау мен ес және сезімнің тікелей байланысты қызметтердің де физиологиялық негізі болады.

Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізінде оның психикалық қызметінің (түйісіп, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканы объективтік шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнеленуі болад дейміз. Баланың әрбір даму кезеңінде жас ерекшеліктің алатын орны ерекше.

Жас ерекшелігі психологиясы – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасын, даму үстіндегі адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білміді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Педагогикалық – психологиялық оқыту процестерінің басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерін қалыптасуын зерттейді, оқыту процесіндегі ақыл ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды. Мұғаліммен оқушылардың арасындағы қарым қатынастарын, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым қатынастарын қарастырады.

Жасына немесе жас шамасына қарай даму, адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарм қатынасқа байланысы болады. әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістерімен сипатталады. Л.С.Выгодский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызды дамуының жалпы циклінде алатын орны мен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табумен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрыңғы кезедерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барсының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жиынтығы мен анықталады. Бұл әр балаға оның өмірінің осы кезңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасын-дағылармен қарым қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін біліммен іс әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағынан тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтыған баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.

Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тіелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жғдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерешеліктерін анықтайды да ал олардың арасындағы қарым қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігімен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиолгиялық ерекшеліктерімен жиынтығымен сипатталады. Жас кезеңін айналасындағылармен қарым қатынас жсаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б.Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін құрайды. Мысалы баланың ерте сәбилік шағында сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлендермен қарым қатынас жасау тәсілдері, дүние танымы кеңейеді. Осының бәрі баланың дербес әрекеттер жасау мүмкінігінің кеңеюіне демек айналасындағылармен қарым қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгертеді.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршіік жағдайларын өзгерту жимынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарм қатынас формаларын өзгертуге әекп соқтыратын осыған ұқсас жағдай жеткіншек шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындғылармен өзара қарым қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезң барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлеміділік бұзылған жағдайда пайда болады.

Педагогикалық жұмыста балаларда жас ерекшеліктерімен қоса, бір жас тобындағы балалардың өзінде елеулі айырмашылығы болатын олардың дара ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет. Жеті жасар балалардан «Мектепке барғым келеді, оқығым келеді» дегенді біз барған сайын естіп жүрміз. Алайда, мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін өзгертуге талпынысы – мұның өзі оқу қызметінің әзірге салдары бола алмайды. Оларды тартатын оқудың өзі емес, оның нәтижесі. Осынау шеберліктермен дағдыларды игеру үшін ғана күш жігер жұмылдыруға тура келетіндігінен ұғымы жоқ бола тұрса да олардың оқи, жаза бігісі келеді де жеті жастағы бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазіргі бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайынауға мүмкіндк береді.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері. Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл жаста дененің барлық органдары мен талшықтарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әліде аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын орындарының көлемінің сай болуы, орындық пен партаға отырғызу бала денесінің, тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шартты екендігі осыдан.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз, он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он, он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына әсіресе бірінші, екінші оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Мидің салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Мидің маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Атап көрсетілгендей баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Жет жасар бала мектеп табалдырығына аттасы мен – ақ оқушы болады. оның өмірінде ойын әле маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекеші іс әрекеті оның құлық мативтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнін де әле таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиіті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейде көтеріліп, түрлі түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампазыдығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрсеге аударады. Бала біртідеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінін дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннін дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алуымен байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгерісенеді. Оның іс әрекетке белсенділігін көрсете отрып, ақыл ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына іс әрекет сипатына, материалды есе сақтау және қайта жаңғырту тәсілдерімен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елетету баланың күш жігерді керек ететін мативтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекеттерін ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмайды, керісінше оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытндысын жасай алу, себеп салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.

Оқушыларға жоғары дәрежеде жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзінің қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

Еліміздегі тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, граматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.

Бала тілінің дамуының мативтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым қатынас жасау, қоғаның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады.

Бала бойындағы кездесетін әртүрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің комуникативтік, сигнифиативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешіліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойынан едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің граматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.

Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік қайрымдылық, еңбек қорлық сияқты қасиеттерді ашады.

Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұн мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезеңі. Олардың өзгелермен қарым қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.

Баланың білі қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, дүниетану және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс әрекетінің негізгі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарының қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі мінез құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. баланың бұл кезеңінен қиналмай өтуі оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқы да қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бала мектеп өмірінен алғаш ене бастағанда онда мәңгі психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бір қатар маңызды әдеттерін бойыңа сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.


Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуде даңғыл жол ашылды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет